Альфред Никола Рамбо
Альфред Рамбо | |
фр. Alfred Nicolas Rambaud | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Безансон |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Франция,Париж |
Азаматтығы |
Француз |
Ғылыми аясы |
тарих |
Жұмыс орны |
Францияның халықты ағарту жөніндегі министрі |
Альфред Никола Рамбо (фр. Alfred Nicolas Rambaud; 2. 7. 1842, Безансон,—10. 11. 1905, Париж) — француз тарихшысы, мемлекет қайраткері. Моральдық және саяси ғылымдар академиясының мүшесі (1897). 1881 жылдан Сорбонна университетінің профессоры.
1895—1903 ж. сенатор, 1896—98 ж. халық ағарту министрі. Дипломатиялық миссиямен бірнеше рет Ресейде болды (негізінен Византияның, Ресейдің, Германияның саяси тарихы мен халықаралық қатынас тарихы мәселелеріне ерекше назар аударды). Рамбо өзінің негізгі еңбектерін Ресейдің тарихына арнады (бірегей буржуазиялық либерализм тұрғысында жазды). Э. Лависс пен Рамбоның бірігіп редакциялауымен «IV жүз жылдықтан біздің заманымызға дейінгі жалпы тарих» атты көп томдық коллективтік еңбек жарық көрді (1— 12-т., 1893—1901).[1]
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- L'Empire grec au X siècle, 1870
- Le Monde byzantin ; le sport et l'hippodrome, 1871
- La Domination française en Allemagne ; les Français sur le Rhin, 1873
- L'Allemagne sous Napoleon, 1874
- La Russie épique, 1876
- Français et Russes, Moscou et Sévastopol, 1876
- Histoire de la Russie depuis les origines jusqu'à l'année 1877, 1878
- Histoire de la civilisation française, 1885
- Expansion de l'Angleterre, 1885
- Histoire de la civilisation contemporaine en France, 1888
- Instructions données aux ambassadeurs, 1890
- Histoire générale du IV siècle jusqu'à nos jours, 12 vol., 1891-1900
- Russes et Prussiens, guerre de Sept Ans, 1895
- Jules Ferry, 1903
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том