Анхель Ди Мария

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Анхель Ди Мария Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Анхель Фабиан Ди Мария Эрнандес

Лақап аттары

El Magia, El flaco, El pibito, El angelito

Туған күні

14 ақпан 1988 (1988-02-14) (36 жас)

Туған жері

Росарио, Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

180 см

Салмағы

75 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Италия Ювентус

Номері

22

Жастар клубы
1995—2001 Аргентина Торито
2001—2005 Аргентина Росарио Сентраль
Клуб карьерасы[* 1]
2005—2007 Аргентина Росарио Сентраль 35 (6)
2007—2010 Португалия Бенфика 76 (7)
2010—2014 Испания Реал Мадрид 124 (22)
2014—2015 Англия Манчестер Юнайтед 27 (3)
2015—2022 Франция Пари Сен-Жермен 197 (57)
2022— Италия Ювентус 7 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2005 Аргентина Аргентина U20 13 (3)
2008 Аргентина Аргентина U23 6 (2)
2008—  Аргентина 129 (28)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
Алтын Бейжің 2008
Әлем Чемпионаты
Күміс Бразилия 2014
Алтын Катар 2022
Финалиссима
Алтын Лондон 2022
Америка кубогы
Күміс Чили 2015
Күміс АҚШ 2016
Қола Бразилия 2019
Алтын Бразилия 2021
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Анхель Фабиан Ди Мария Эрнандес (ис. Ángel Fabián Di María Hernández; 1988 жылы 14 ақпанда туған, Росарио) — аргентиналық футболшы, "Ювентус" клубы мен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы.

Жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. "Росарио Сентраль" клубының шәкірті. Оның El Angelito (періште), Di Magia (сиқыршы), El Flaco (жінішке), El Pibito және Fideo (испанша кеспе) деген лақап аттары бар.[1]

Анхель Ди Мария кішкентай кезінде өте қозғалшан және энергиясы таусылмайтын бала болғандықтан, дәрігер оның спортқа деген қажеттігін көріп, футбол ойнауға кеңес береді.[2]. Өзінің мансабың туған қаласының «Атлетико Эль Торито» клубында 7 жасынан ойнап бастады. 13 жасында «Росарио Сентраль» клубына өтеді. Осы клубта өзі туралы алғаш рет мәлімдейді. 17 жасында Ди Мария клубтың бірінші құрамасында дебютін Индепендьенте клубына қарсы ойында жасайды, бұл Апертура-2005 соңғы туры еді. Бірнеше жылдан кейін еуропалық клубтардың назарына түседі. Олардың ішінде ресейлік Рубин де бар еді, клубпен Анхель 2007 жылдың басында келісім-шартқа тұруға дайын еді, бірақ кейін ойын өзгертеді.[3]

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылы Ди Мария 20 жасқа дейінгілер арасында Аргентина құрамасына шақырылады. Ол құрамамен Парагвайда өткен Онтүстік-Американдық жастар чемпионтына қатысып 2 гол соғады. Сосын оны Канадада өткен 20 жасқа дейінгілердің чемпионатына шақырады. Турнирде Анхель 3 гол соғып, Аргентина чемпионатты ұтып алады.

2008 жылы Ди Мария Пекинде өткен 2008 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін Аргентина ұлттық құрамасына шақырылады. Олимпиаданың ширек финалында Нидерланд құрамының қақпасына жеңіс голын соғады. Бұл 105-ші қосылқы минутта Лионель Месси пасынан кейін болады. Аргентина құрамасы ойынды 2:1 есебімен жеңді.

2008 жылдың 23 тамызында оның мансабындағы мүмкін ең маңызды кез болды - Аргентина құрамасы Олимпиада финалында Нигерия құрамасын Ди Мария голынан кейін 1:0 есебімен жеңеді.

Ди Мария 2010 жылы болған Әлем Чемпионатына баратын 23 ойыншы ішіне кірді. 2010 жылдың 11 тамызында Дублиндегі жаңа Авива статионында бірінші голды соғады, ол Ирландия құрамасына қарсы өткен достық ойын болған. Аргентина 1:0 есебімен жеңеді.[4]

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Бенфика»

«Реал Мадрид»

«Пари Сен-Жермен»

Аргентина құрамасы

  • Аргентинада жыл футболшысы: 2014
  • Испания чемпионатында үздік ассистент: 2013/14
  • Франция чемпионатында үздік ассистент: 2015/16
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында үздік ойыншы: 2014
  • УЕФА Чемпиондар Лигасында үздік ассистент: 2013/14
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының символикалық құрамына кіреді: 2013/14
  • Әлем чемпионатының символикалық құрамына кіреді: 2014
  • УЕФА нұсқасы бойынша әлем құрамасының символикалық құрамына кіреді: 2014
  • ФИФА нұсқасы бойынша әлем құрамасының символикалық құрамына кіреді: 2014

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]