Анықтауыш
Анықтауыш[1] деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшенің сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирек сызықпен белгіленеді.
Анықтауыш болатын сөз таптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Анықтауыш болатын сөз таптары:
- Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
- Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
- Зат есімнен болады:
- Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
- Сан есімнен болады:
- Мысалы: Оныншы сыныпта бұл тақырыпты өткен едік.
- Есімдіктен болады:
- Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
- Етістіктің есімше түрінен болады:
- Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
- Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
Анықтауыштың түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қандай, қай, қайсы, қайдағы сұрақтарына жауап беріп тұратын анықтауыш сапалық, ал ілік септігінде тұрғаны иелік анықтауыш деп аталады. Бір ғана сөзден тұратын анықтауыш дара анықтауыш деп аталса, екі не оданда көп сөз тіркесімен келетін анықтауыш күрделі анықтауыш деп аталады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
- ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- ↑ С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|