Артиллерия
Артиллерия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артиллерия (франц. atillier — дайындау, жарақтау):
- әскер түрі;
- қару түрі немесе қару-жарақ заттарының жиынтығы;
- артиллериялық қару-жарақ құрылысы, олардың қасиеттері мен ұрыста қолдану әдістері туралы ғылым.
Артиллерия әскер түрі ретінде оперативтік бірлестіктер мен жалпы әскерлік құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің құрамына кіретін артиллериялық құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.[1]
Артиллерияға қару түрі (қару-жарақ заттарының жиынтығы) ретінде зеңбіректер, келте зеңбіректер, минаатарлар, кері теппейтін зеңбіректер, танкжойғыш басқарылмалы ракеталар ұрыс мәшинелері (ұшыру қондырғылары) және реактивтік артиллерия, артиллериялық және атқыштық оқ-дәрілер, артиллерияның қозғалу құралдары - дөңгелекті және шынжыр табанды тартқыштар және басқалар; атысты басқару аспаптары, барлау мен атысты қамтамасыз ету құралдары, барлық атқыш қарудың түрлері мен гранататқыштар кіреді.
Артиллерияға ғылым ретінде артиллериялық қаружарақтық құрылысы, жобалануы, жасалуы мен қолданылуы жөніндегі, сонымен қатар оның ұрыстық қасиеттерінің, атысы мен ұрыста қолдану әдістері жөніндегі білім жиынтығы қамтылады.
Артиллерия ғылымының негізгі бөлімдері:
- баллистика;
- артиллериялық зеңбіректер;
- атқыш қарулардың және оқ-дәрілердің материалдық бөліктерінің құрылым негіздері;
- қопарғыш заттар мен дәрілер;
- артиллериялық өндіріс технологиясы;
- артиллерияны ұрыста қолдану;
- атыс пен атысты басқарудың теориясы;
- артиллерия тарихы.
Еуропада артиллерия 13 ғасырдың аяғында - 14 ғасырдың басында пайда болды.
16-17 ғасырларда артиллерия ғылымының алғашкы негіздері қалыптаса бастады (зеңбіректер жасау мен артиллерия тактикасы жөнінде).
19 ғасырдың ортасынан бастап ойық ұңғылы артиллерия жасалып, ату жылдамдығы, атыстың қашықтығы мен дәлдігі артты. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында артиллерия далалық (жеңіл), атты әскер (тау артиллериясы), далалық ауыр және ауыр (қамал артиллериясы) Артиллерия түрлерінен тұрды.
Соғыс барысында сүйемелдеуші Артиллерия, зениттік Артиллерия, танкатқыш Артиллерия пайда болып, минаатарлар көбейді. Екінші дүниежүзілік соғыста, әсіресе, зениттік, танкатқыш, реактивтік және өздігінен жүретін Артиллерия жан-жақты дамыды, сонымен қатар жоғарғы және ерекше қуатты Артиллерия қолданылды.
Қазіргі кездегі құрлықтағы әскер Артиллериясы әскер Артиллериясына резервтік Артиллерия, ал атқаратын міндеттеріне орай жер үсті және зениттік Артиллерия болып бөлінеді. Жер үсті Артиллериясы ұрыстық қасиеттеріне байланысты: зеңбіректік, келте зеңбіректік, реактивтік, танкатқыштық Артиллерия, тау Артиллериясы және минаатарлар болып, қозғалыс түріне байланысты өздігінен жүретін, тіркелетін, өзі жүретін, тасылатын және стационарлық Артиллерия болып бөлінеді.
Әскери-теңіз флотының Артиллериясы (теңіз Артиллериясы) кемелік және жағалаулық Артиллериядан тұрады. Құрылымдық ерекшеліктері бойынша Артиллериялық жүйелер ұңғылы, ойық ұңғыны, тегіс ұңғылы, кері теппейтін, реактивтік казематтық, әмбебапты Артиллерияға бөледі.
Батарея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батарея — Артиллерияның атыстық және тактикалық бөлімшесі, ал оның негізгі атыстық бөлімшесі болып 2-4 батареядан құралған дивизион саналады.
Артиллериялық дивизиондар бірігіп Артиллериялық полкті немесе Артиллериялық бригаданы, ал бригадалар (полктар) бірігіп Артиллериялық дивизияны құрайды.
Шетел армияларында Артиллериялық зеңбіректердің негізгі үлгілері 105 және 155 мм-лік зеңбіректер, 105-155 және 203 мм келте зеңбіректер, 110 мм және басқа реактивтік снарядтардың ұшыру қондырғылары, 81-106,7 және 120 мм минаатарлар, 90 мм танқатқыш зеңбіректер, 106 және 120 мм кері теппейтін зеңбіректер және әртүрлі танкіге қарсы басқарылатын ракеталар болып саналады.
Зеңбіректердің атыс қашықтығы 13-33 км, келте зенбіректерде - 24 км-re дейін, минаатардың атыс қашықтығы 5-10 км. Белсенді реактивті снарядтарды пайдаланғанда, ол едәуір ұлғаяды. Әрқилы атыс тапсырмаларын орындау үшін да әртүрлі ок-дәрі қолданылуы мүмкін. Ұрыста (операцияда) Артиллерия атыс тапсырмаларын әскердің басқа түрлерінің мүддесіне сай орындайды.
Оның ұрыста қолданылуының негізгі принциптері:
- маңызды бағыттарда жаппай қолдану,
- атыстың тосындығы мен дәлдігі,
- жаяу әскер мен, танктермен,
- әскердің басқа түрлерімен
- авиациямен өзара бірлікте қимылдауы,
- артиллерия атысы мен маневрін үздіксіз және икемді басқару.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |