Арғынбай Бекбосын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арғынбай Бекбосын
Туған күні

17 маусым 1937 (1937-06-17)

Туған жері

Жамбыл облысы
Байзақ ауданы

Қайтыс болған күні

2 мамыр 2017 (2017-05-02) (79 жас)

Қайтыс болған жері

Жамбыл облысы

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Қызметі

журналист, жазушы
мемлекет және қоғам қайраткері

Марапаттары мен сыйлықтары
Барыс ордені
Барыс ордені


Арғынбай Бекбосын (1937 жылы 17 маусым Жамбыл облысы Байзақ ауданы - 2017 жылы 1 мамыр Жамбыл облысы) — журналист, жазушы-публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. Жамбыл облысының құрметті азаматы.[1]

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[2]

  • Арғынбай Бекбосынов 1937 жылы 17 маусым Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Қарасу ауылында дүниеге келген.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
  • Алматы жоғары партия мектебінде, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген.
  • Еңбек жолын Жамбыл облыстық радиосының тілшісі, Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» ғазетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі нұсқаушысы болған.
  • 1985-1994 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Еңбек туы» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.
  • 1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің,
  • 1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Онда Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқар ды.
  • Депутаттық қызметімен қоса ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды.
  • 19992003 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.
  • 2003 жылдан бастап зейнеткер.
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ауылым — әнім менің» (1975, «Қайнар»), «Жетіқарақшысы жоқ аспан» (1991, «Қазақстан»), «Кемеңгермен кеңесу» (1994, «Мерей»), «Хауа ананың аманаты» (1995, «Қайнар»), «Қылкөпір» (1999, «Өнер») кітаптары жарық көрген. «Омар Һайям рубаяттарын» қазақшалаған, «Мың түрлі ой» атты төрттағандар жинағы (2001, «Елорда»), «Фәнилік драма» жинағы шыққан. Шығыс жұлдыздарының шығармалары топтастырылған «Омар Һайям жұлдыздар шоғырында» атты аударма кітабы жарық көрген (2009). Пушкин, Лермонтов, Есенин, Бунин шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жан-Батист Мольердің «Еріксіз емші» комедиясын аударған, ол Жамбыл облыстық драма театрында сахналанған.

  • «Нюрнбергтен бұрын» атты тарихи-қаһармандық драмасы «Соңғы сезім» деген атпен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында (19951999), Жамбыл облыстық драма театрында қойылды. «Өткелдеғі шайқас» атты пьесасы да сахналанды.
  • аты аңызға айналған Әмір Темір, Бәйдібек баба мен жары ел ішінде Домалақ ана аталып кеткен Нұрилә жайлы баяндайтын "Домалақ ене" тарихи драмасы Жамбыл облыстық драма театрында қойылуда (2009 жылдан - қазірге дейін).

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
  2. Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.
  3. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6