Аягөз ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Аягөз ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
21 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
1 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
45 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Қанат Серікқанұлы Әділбай | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Аягөз қаласы, Абай бульвары, №14 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
47°57′57″ с. е. 80°25′52″ ш. б. / 47.96583° с. е. 80.43111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°57′57″ с. е. 80°25′52″ ш. б. / 47.96583° с. е. 80.43111° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1928 | ||
Жер аумағы |
49,5 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
66 239[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (96,35%), орыстар (1,97%), басқа ұлт өкілдері (1,68%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
18 | ||
Аягөз ауданы — Абай облысының оңтүстік-батыс жағында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жері 49,5 мың км². Аудан орталығы — Аягөз қаласы.
Географиялық орны, жер бедері мен климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстігінде Абай, Жарма, Жаңасемей аудандарымен, шығысында Ақсуат, Үржар аудандарымен, батысында Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы, оңтүстігінде Жетісу облысының Сарқан, Алакөл аудандарымен шектесiп жатыр.
Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек, шағала т.б. мекендейді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аягөз ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Аягөз және Үржар болыстарының жерінен құрылған (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). Алғашқыда аудан орталығы Сергиополь ауылында болып, 1930 жылы Аягөз ауылына көшірілген. 1932 жылы 20 ақпанда аудан жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді.
1939 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз кенті қала мәртебесін алды.
1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан Алматы облысынан Семей облысының құрамына берілді.
1940 жылы 15 наурызда ауданға 13 ауылдық кеңес кірген: Ақшатау, Ақтоғай, Ақшәулі, Аягөз, Бақанас, Жүзағаш, Қарақол, Қараағаш, Қоңыршәулі, Мыңбұлақ, Нарын, Ортааягөз, Сергиополь.
1951 жылғы 31 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенттік кеңесі құрылды.
1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ортааягөз ауылдық кеңесі таратылды.
1957 жылғы 1 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенті жұмысшы кенттерінің санатына жатқызылды; Ақтоғай кенттік кеңесі ауылдық кеңес есебіндегі Ақтоғай жұмысшы кенттік кеңесіне ауыстырылды.
1958 жылғы 28 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсуат ауданы құрамынан Үшарал ауылдық кеңесі берілді.
1959 жылғы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақшатау және Сергиополь ауылдық кеңестері Сергиополь; Қараағаш және Нарын ауылдық кеңестері Нарын ауылдық кеңесіне біріктірілді.
1961 жылғы 5 қыркүйектегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшатау ауылдық кеңесі құрылды.
1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз және таратылған Шұбартау аудандарының негізінде орталығы Аягөз қаласында болатын Аягөз ауылдық ауданы құрылды.
1963 жылғы 10 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.
1964 жылы 1 сәуірде ауданда 17 ауылдық кеңес болған: Айғыз, Ақшатау, Ақшәулі, Бақанас, Бидайық, Жүзағаш, Қарақол, Қоңыршәулі, Қосағаш, Мәдениет, Нарын, Сергиополь, Тарлаулы, Үшарал, Ұйымдас.
1964 жылғы 31 шілдедегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшәулі және Жүзағаш ауылдық кеңестері таратылды, Ақши және Қопа ауылдық кеңестері құрылды.
1964 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қайта құрылған Шұбартау ауданына Айғыз, Мәдениет, Бидайық, Қосағаш, Малкелді, Бақанас, Ұйымдас ауылдық кеңестері берілді.
1967 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Шолпан және Майлин ауылдық кеңестері құрылды.
1975 жылғы 12 наурыздағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Сарыарқа ауылдық кеңесі құрылды.
1977 жылғы 16 ақпандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсәуле ауылдық кеңесі құрылды.
1980 жылғы 28 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Қарағаш ауылдық кеңесі құрылды.
1980 жылғы 17 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Таскескен ауданына Ақсәуле, Қарақол, Қоңыршәулі, Қопа, Шолпан ауылдық кеңестері берілді.
1988 жылғы 2 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен аумағын Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына беруіне байланысты Аягөз аудандық кеңесі таратылды.
1988 жылғы 25 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.
1990 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Қаулысымен Аягөз ауданының ауылдық кеңестері Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
1996 жылы 1 қыркүйекте Аягөз ауданында 10 ауылдық округ болған: Ақшатау, Ақши, Сарыарқа, Сергиополь, Қараағаш, Майлин, Мыңбұлақ, Нарын, Тарбағатай, Таңсық.
1996 жылғы 13 қарашадағы Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен таратылған Таскескен ауданының Ақтоғай кенті, Ақшәулі және Қопа ауылдық округтері берілді.
1997 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Семей облысы таратылып, Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Аягөз ауданына таратылған Шұбартау ауданының жері қосылды.[3]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 | 2023 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
35648 | ▲57571 | ▼40067 | ▲41353 | ▲68117 | ▼42797 | ▼36410 | ▲66956 | ▼66239 |
Тұрғындары 72 695 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,19%, орыстар – 2,60%, басқа ұлт өкілдері – 1,22%.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]49 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Айғыз ауылдық округі | 1821 | ▼ 1182 | 64,9 | 897 | ▼ 624 | 69,2 | 924 | ▼ 558 | 60,4 |
Ақтоғай кенттік әкімдігі | 6251 | ▼ 5195 | 83,1 | 3178 | ▼ 2601 | 81,8 | 3073 | ▼ 2594 | 84,4 |
Ақшатау ауылдық округі | 1292 | ▼ 720 | 55,7 | 670 | ▼ 376 | 56,1 | 622 | ▼ 344 | 55,3 |
Ақшәулі ауылдық округі | 1338 | ▼ 635 | 47,5 | 680 | ▼ 336 | 49,4 | 658 | ▼ 299 | 45,4 |
Ақши ауылдық округі | 1076 | ▼ 750 | 69,7 | 543 | ▼ 385 | 70,9 | 533 | ▼ 365 | 68,5 |
Аягөз қалалық әкімдігі | 38101 | ▲ 42450 | 111,4 | 18381 | ▲ 21036 | 114,4 | 19720 | ▲ 21414 | 108,6 |
Байқошқар ауылдық округі | 628 | ▼ 317 | 50,5 | 336 | ▼ 150 | 44,6 | 292 | ▼ 167 | 57,2 |
Баршатас ауылдық округі | 2883 | ▼ 1474 | 51,1 | 1403 | ▼ 741 | 52,8 | 1480 | ▼ 733 | 49,5 |
Бидайық ауылдық округі | 1053 | ▼ 759 | 72,1 | 540 | ▼ 396 | 73,3 | 513 | ▼ 363 | 70,8 |
Емелтау ауылдық округі | 606 | ▼ 300 | 49,5 | 311 | ▼ 146 | 46,9 | 295 | ▼ 154 | 52,2 |
Қараағаш ауылдық округі | 1055 | ▼ 597 | 56,6 | 502 | ▼ 315 | 62,7 | 553 | ▼ 282 | 51 |
Қопа ауылдық округі | 1165 | ▼ 916 | 78,6 | 619 | ▼ 467 | 75,4 | 546 | ▼ 449 | 82,2 |
Қосағаш ауылдық округі | 1047 | ▼ 739 | 70,6 | 544 | ▼ 373 | 68,6 | 503 | ▼ 366 | 72,8 |
Майлин ауылдық округі | 894 | ▼ 592 | 66,2 | 468 | ▼ 325 | 69,4 | 426 | ▼ 267 | 62,7 |
Малкелді ауылдық округі | 1003 | ▼ 521 | 51,9 | 563 | ▼ 265 | 47,1 | 440 | ▼ 256 | 58,2 |
Мамырсу ауылдық округі | 3003 | ▼ 2875 | 95,7 | 1498 | ▲ 1516 | 101,2 | 1505 | ▼ 1359 | 90,3 |
Мәдениет ауылдық округі | 1014 | ▼ 747 | 73,7 | 523 | ▼ 395 | 75,5 | 491 | ▼ 352 | 71,7 |
Мыңбұлақ ауылдық округі | 1393 | ▼ 781 | 56,1 | 717 | ▼ 419 | 58,4 | 676 | ▼ 362 | 53,6 |
Нарын ауылдық округі | 1677 | ▼ 1109 | 66,1 | 854 | ▼ 590 | 69,1 | 823 | ▼ 519 | 63,1 |
Өркен ауылдық округі | 854 | ▼ 605 | 70,8 | 437 | ▼ 316 | 72,3 | 417 | ▼ 289 | 69,3 |
Сарыарқа ауылдық округі | 1192 | ▼ 872 | 73,2 | 606 | ▼ 436 | 71,9 | 586 | ▼ 436 | 74,4 |
Тарбағатай ауылдық округі | 2885 | ▼ 1504 | 52,1 | 1492 | ▼ 761 | 51 | 1393 | ▼ 743 | 53,3 |
Тарлаулы ауылдық округі | 2341 | ▼ 1316 | 56,2 | 1206 | ▼ 709 | 58,8 | 1135 | ▼ 607 | 53,5 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 74572 | ▼ 66956 | 89,8 | 36968 | ▼ 33678 | 91,1 | 37604 | ▼ 33278 | 88,5 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2021) |
Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Аягөз | ▲ 42351 | Мәдениет | ▼ 746 |
Ақтоғай | ▼ 5195 | Қосағаш | ▼ 739 |
Баршатас | ▼ 1474 | Ақши | ▼ 690 |
Мамырсу | ▼ 2462 | Бидайық | ▼ 757 |
Тарбағатай | ▼ 1253 | Қараағаш | ▲ 505 |
Тарлаулы | ▼ 1137 | Қорық | ▼ 521 |
Айғыз | ▼ 1 048 | Өркен | ▼ 605 |
Шынқожа | ▼ 1077 | Ай | ▼ 526 |
Ақшәулі | ▼ 537 | Байқошқар | ▼ 317 |
Сарыарқа | ▼ 817 | Емелтау | ▼ 300 |
Қопа | ▼ 907 | Майлин | ▼ 427 |
Кәсіпорындары мен әлеуметтік құрылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автомобиль жөндеу зауыты, т.ж. торабы, вагон-локомотив депосы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, жүн өңдеу ф-касы, “Аягөз — нан”, “Аягөз — көлік”,“Аягөз — астық” акционерлік қоғамдары, баспахана, қалалық жылу орталығы т.б. жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 4452,8 мың га (1997). Аягөз ауданында клубтар, мәдениет үйлері, халық театры, мұражай, кітапханалар, бастауыш және орта мектептер, ауруханалар т.б. мекемелер бар.
Жол торабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасының этностары бойынша халқының саны (2023 жыл басына)
- ↑ Аягөз ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|