Банкет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Банкет (итал. bancoсәкі). Негізі итальян сөзі banchetto — орасан той, ерекше салтанаты тойларда сәкілерді түсті маталармен (салтанат мәні мен мағынасына қарай жасыл, қызыл, күлгін) жабу дәстүрінен туындаған.

Сондықтан белгілі бір салтанаттың мәні тағамдардың ерекшелігімен емес, сыртқы аксессуарларға байланысты айқындалады. Осындай отырыстар, яғни берілетін тағамдарымен емес, ненің құрметіне жасалғанына байланысты отырыстар банкет деп аталып кеткен.[1]

Банке́т (от фр. banquet) - белгілі бір тұлға немесе мерекеге байланысты ( мысалы, той немесе мерейтой) шақырылған түскі ас немесе кешкі ас болып табылады.

Банкет, 1909 ж.
Нобель банкеті, 1958 ж.

Ресейдің көне жазбаларында "банкет" сөзі ең алғаш рет 1675 ж. пайда болады. Осыған тек дейін "пир" сөзі қолданылатын. Банкет сөзі немісше Bankett, ит. banchetto немесе франц. және ағылш. banquet сөздерінен алынған. ХІХ ғасырдың аяғына дейін Ресейде "шақырылған түскі ас", ал совет одағы кездерінде 1940 ж. дейін "мерекелік кешкі ас" немесе "жолдастық кешкі ас" ұғымдары қолданылған болатын.

Банкет - мейрамханалық қызмет көрсетудің ең танымал форматтарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда ол бүкіл дүние жүзі бойынша кейтеринг индустриясында маңызды орынды иеленуде. www.cateringconsulting.ru сайтының мәліметтері бойынша, ресейлік кейтеринг компаниялары мен мейрамханаларға шығып жүріп қызмет көрсету көптеген үлкен көлемді мерекелердің арқасында дамып отыр. Тапсырыстардың негізгі массасын (90%) қонақтар саны 50-ден 300-ге дейін болатын стандартты тапсырыстар құрайды. Дегенмен, кейтеринг компанияларының көптеген бөлігін бюджеті 1 млн. рубльді құрайтын ірілі тапсырыстар алып отыр. Қазіргі таңда 2010 ж. атқарған жұмысының нәтижесінде көптеген компанияларға табыстың 45%-ын дәл осы банкеттік іс-шаралар құрап отыр. Тапсырыстар саны бойынша алдыңғы орындағы фуршетке қарағанда - банкеттік форма табатын табысы бойынша бас орындарды иеленуде.

Банкет - мерекені ең дәстүрлі түрде өткізу формасы болып табылады: туған күн, той, корпоративтік немесе жеке кеш, фирманың мерейтойы және т.б. Бұл іс-шара негізгі және маңызды, әр тағамдардың бірнеше рет ауысуын қарастырады. Сонымен қатар, банкеттің ұйымдастырылуы бойынша, тағамдар бірнеше рет қойылады. Бірінші рет, даяршылар келген қонақтарға салқын тағамдарды ұсынады. Одан кейін ыстық тағамдар, негізгі тамақ пен десерт болады. Барлық ас мәзірі міндетті түрде тапсырыс берушімен келісіледі.

Банкетті ұйымдастыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Банкет бөлмесі
Нобель банкеті, 2005 ж.

Банкетті ұйымдастырудың бірден-бір маңызды пункті - ол үстелдердің формасы болып табылады. Банкеттегі үстел үшін ыдыстардың барлық түрлерінің орналасу тәртібі ас мәзірі мен тамақтарды, сусындарды беру тәртібіне байланысты. Банкеттік үстелдің негізгі тетігі - ол әр келген қонаққа арналған сүлгілер мен майлықтардың болуы болып табылады. Егер де банкет барысында аперитив берілетін болса, онда оны іс-шара басталмастан бұрын 15-20 минут бұрын беру керек. Ыстық күндері минералды су мен жеміс-жидектерден жасалған сусындарды ұсынуға болады. Банкеттерді өткізуде келесідей қызмет көрсету жүйелері ұсынылады: француздық түрі ( барлығы "қоршалған"), ағылшындық ( жабдықтау арбашасымен) және орысша жүйесі ( бәрі де "үстелге").

Банкетке шақырылған әрбір қонақ үшін үстел үстінде терең емес тәрелке, оның үстінде шайнамаға арналған тәрелке, солға қарай "самсаға" немесе нанға арналған тәрелке. Кішкене тәрелкеден оңға қарай пышақ пен қасық , ал соңға қарай - шанышқы орналасады. Пышақтың өткір ұстарасы тәрелкеге қарай бағытталуы тиіс. Шайнама тәрелкелерінің үстінде майлықтар үшбұрыш немесе гүл пішінді жатуы артықшылық жасамайды. Мерекелік банкеттер кезінде үстел басында сан қилы алкогольді сусындар түрлері болады. Сондықтан әр құралдың қасына араққа арналған, шарапқа арналған, шампанға арналған және шырын мен минералды суларға арналған ыдыстар қойылуы тиіс.

Банкеттік дастарханда гүлдердің болғаны да мерекеге тек әдемілік сыйлайды. Оларды кішігірім құмыраларға салып, дастарханның ортасында орналастыру қажет. Егер де банкетте қонақтар саны көп болса, онда ыстық тағамдарды таратып беру керек. Сонымен қатар, маңызды ережені ұмытпаған жөн: тәрелкелерге салынған тамақтар қонаққа оң жақтан беріледі; ал үлкен бір ыдыстағы тамақ сол жақтан беріледі және қонақ өзінің тәрелкесіне өзі салып отырады.

Банкет-фуршет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Банкет-фуршет әдетте, шектеулі уақыт кезінде, көп қонақ қабылдау барысында жүргізіледі. Мұндай банкеттерде үстелдер келген қонақтарға ыңғайлы әрі банкет залының ішімен еркін қозғалып жүруі үшін қойылады. Банкет залының шеттерінде темекі тартатындарға арналған ыдыстар мен темекі орналасады. Мұндай банкет барысында қонақтарға сусындар мен тамақтардың кең түрлері ұсынылады.

Банкеттегі орналасу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Банкеттегі басты орын - төр кіре беріс есікке қарама-қарсы жақта болады. Егер есік шетінде орналасса, онда төр де қарама-қарсы, терезелер мен көшеге шығып барған жақта болады. Ең маңызды орын болып, банкеттің иесінен оң жақтағы орында отыру болып келеді. Егер де әйелдер болмаған жағдайда, онда маңызды орындар болып, мерекенің иесінен сол мен оң жақта отыру болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х