Батырбек Ахметұлы Бірімжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов
Туған күні

10 желтоқсан 1911 (1911-12-10)

Туған жері

қазіргі Орынбор облысы, Бузулук қаласы

Қайтыс болған күні

7 тамыз 1985 (1985-08-07) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР

Азаматтығы

 КСРО
Ресей Империясы (1911-1920)

Ғылыми аясы

химия

Жұмыс орны

Қазақ Мемлекеттік Университеті

Ғылыми дәрежесі

химия ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы

профессор

Несімен белгілі

табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған еңбектерімен белгілі.

Марапаттары



Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері

Батырбек Ахметұлы Бірімжанов (10 желтоқсан 1911 жылы, қазіргі Орынбор облысы, Бузулук қаласы – 7 тамыз 1985 жылы, Алматы қаласы)химия ғылымдарының докторы (1966 жылы), профессор (1965 жылы), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968 жылы).

Арғын тайпасы Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан.[1]

Қазақ педагогикалық институты (1932 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті), Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1939 жылы) бітірген.

1934 жылдан Қазақ Мемлекеттік Университетінде (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954–1980 жылдары) болды.

Ғылыми жұмыстары мен еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Физико-химия процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Бірімжанов құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау және Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технология схемасын, фосфор және бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-әдісі анализін өндіріске енгізді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.tarih.spring.kz/kk/history/modern/figures/bayzhanuly/ Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2020 жылы.
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]