Бердіқожа батыр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770) - жоңғарларға қарсы шайқаста қол бастаған аға батыр. Руы - Шанышқылы.
Мағлұматтарға қарағанда қазақ қолбасылары Бердіқожа батырсыз хан кеңесін де өткізбеген, жорыққа да шықпаған. Оны Ұлы жүзде Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесінде құрметтеген. Бердіқожа батыр Аягөз, Бұланты-Білеуті және Сарысу өзені бойындағы, Іле басындагы Талқы, Ебі, Ембі, Алакөл, Алтайдағы Ұланасу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға ұрыстарында, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Ақшәулі, Итішпес көлдері маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына басшылық еткен.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |