Вальядолид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Вальядолид
Valladolid
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Испания

Автономиялық бірлестік

Кастилия и Леон

Провинция

Вальядолид

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°38′ с. е. 4°43′ б. б. / 41.633° с. е. 4.717° б. б. / 41.633; -4.717 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°38′ с. е. 4°43′ б. б. / 41.633° с. е. 4.717° б. б. / 41.633; -4.717 (G) (O) (Я)

Қала статусы

Х ғасыр

Жер аумағы

197,5 км²

НУМ биіктігі

691 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

315522 адам (2010)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

983

Пошта индекстері

47001-47018

ava.es  (исп.)

Вальядолид картада
Вальядолид
Вальядолид

Вальядоли́д (ис. Valladolid [baʎaðoˈlið]) — Испания мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан қала,Кастилия и Леон автономиялық бірлестігінің құрамына енетін Вальядолид провинциясының әкімшілік орталығы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Писуэрга өзенінің Эсгева өзенімен қосылысқан жерінде және Дуэро өзеніне құйылысқан жерінен жоғарыда орналасқан.

Басты алаң және муниципальды кеңестің ғимараты.
Vallisoletum.

Қаланың құрылуы туралы ақпараттардың екі нұсқасы бар: біріншісі - римдіктер қаланың негізін қалаған және оған латынша vallis — «алқап» және кельт тілінде tolitum — «екі судың қосылысқан жері» деген екі сөзден тұратын атау берген.Ал екінші нұсқасы қаланың негізін арабтар қалаған және «белад валид» деген атау берген (аударылғанда "Валид(билеуші) қаласы" дегенді білдіреді.) Вальядолид Х ғасырда-ақ мавр тайпасының билігіне өткен алғашқы қалалардың бірі болған .Ал ХІ ғасырда Леон патшасы Альфонсо VI граф Педро Ансуреске Писуэрга өзенінің территориясына адамдарды көшіріп әкелуге тапсырма береді. 1208 жылы патша Альфонсо VIII Вальядолид қаласын сарай маңындағы қалаға айналдырады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Вальядолид қаласында Renault компаниясының көлік зауыты,Michelin компаниясының зауыты және осы компанияның бас кеңсесі Michelin España y Portugal және басқа да ірі өндірістік кәсіпорындар бар.

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалада қалыпты жағдайда автобустар,темір жол желілері,халықаралық аэропорт жұмыс істейді.Мадридтен бастау алатын шапшаң пойыз желісі астанадан Вальядолидке дейінгі 200 км қашықтықты 1 сағатта жеңуге мүмкіндік береді.


Білім жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тағы қараңыз: Вальядолидский университет

1956 жылдан бері бұл қалада Еуропадағы ежелгі фестивальдардың бірі - "Вальядолидтегі халықаралық кинофестиваль" ( Seminci деген атаумен де танымал ) өткізіліп тұрады.Осы кинофестивальдың арқасында испан көрермендері Ингмар Бергман, Луис Бунюэль, Франсуа Трюффо, Анджей Вайда, Федерико Феллини, Эрманно Олми және Йылмаз Гюней сияқты танымал адамдармен кездесе алды.Фестиваль өзінің "кинолар үшін сынақ полигоны" деген атаумен танымал.1975 жылы дәл осы жерде Стенли Кубриктің "Бұрамалы апельсин" фильмінің тұсаукесері өтті.Seminci өзінің әрқашан тәуекелге бел бууға дайындығымен және бағдарламаларына жаңалық енгізіп отыруымен сипатталады.

Институттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Mұражайлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реал Вальядолид - ұлттық футбол клубы,Сегундеге қатысушы.1928 жылы құрылған.Футбол жарыстары 26 512 көрермен сиятын «Нуэво Хосе Соррилья» стадионында өтеді.

Танымал жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басты алаң Plaza Mayor,шіркеулер San Pablo, Catedral,San Benito del Real,Campo Grande саябағы, Колумба алаңы.

Бауырлас қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Франция Лилия,Франция
  • Америка Құрама Штаттары Флорида,АҚШ
  • Италия Флоренция,Италия
  • Америка Құрама Штаттары Бостон,АҚШ
  • Италия Лексе,Италия


Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Valladolid