Гломерулонефрит
Үлгі:Infobox disease Гломерулонефрит (Glomerulonephritis - бүйрек шумақтары + қабынуы) - Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.[1]
Этиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықтың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллиттен, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.
Клиникалық көрінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байқалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтықтың жиналғандығына таңқалады.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады. Ентікпенің себебі - айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез жоғарылауынан болатын жүрек шамасыздығы. Жасы ұлғайған адамдарда жіті гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының басты себептері - натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.
Қабынып ісінген бүйрек қабығы керілуінен, науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымдананады.
Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады. Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жұптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия).
Емі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Этиологиялық ем
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады. Қолданатын антибактериялдық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин. Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.
Патогенездік ем
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен қолданылады. Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:
- жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;
- бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;
- жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптималді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.
Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реғанттарды қолдануды қажет етеді.
- Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады. Теріс зарядты болуынан, гепарин тамыр қабырғасының теріс зарядын қалпына келтіреді, сол арқылы протеинурияны азайтады. Гепарин тромбоциттердің адгезиялық және агрегациялық қасиеттерін төмендетіп, тромбтардың түзілуіне жол бермейді, осыған байланысты микроциркуляцияны жақсартады.
Альдостеронның синтезін тежеу арқылы, гепарин натрийурездік, диурездік және гипотензиялық әсер етеді. Гепаринді 5-10 мың 4-6 сағат сайын (қанның ұю уақытын немесе тромбиндік уақытты қадағалау үстінде) бұлшықетке немесе құрсақ терісінің астына енгізеді. Гломерулонефриттердің емінде гепаринді ұзақ (6-8 апта) енгізеді. Гепаринді қанның ұю уақытын қадағаламастан ұзақ қолдану, қан кету мүмкіндігінен қауіпті (гематурия, инсульт, терілік қанталаулар, асқорыту жолынан қан кетуі). Егерде қанның ұю уақыты қалыптыдан 2-3 есе, ал тромбиндік уақыт — 2 есе ұзарса, гепариннің дозасы тиімді саналады. Кейде гепарин аллергиялық реакцияларды туғызады (есекжем, миалгия, бастың ауыруы, дене қызуының көтерілуі). Гипоальдостеронизмнен болатын асқынулар сиректеу байқалады (гиперкалиемия, остеопороз, сүйектердің қақсап ауыруы, тромбоцитопения). Гепарин 2 фракциядан тұрады: біреуі төмен молекулалық - 7000 дальтон, екіншісі жоғары молекулалық - 25 000 дальтон. Жоғары молекулалық фракция басым антитромбопластиндік әсер етеді, негізіңде гепариннің геморрагиялық әсері осыдан болады. Төмен молекулалық фракциясы басым антитромбоздық әсер етеді, сондықтан геморрагиялық асқынуларды туғызу жағынан қауіпсіздеу. Осыған байланысты соңғы уақытта гепариннің, деполимеризация әдісімен жасалған төмен молекулалық түрлері кеңінен қолданылуда. Фраксипарин — тез және ұзақ антитромбоздық әсер етеді, антикоагулянттық әсері шамалы, 0,3-0,4-0,6 мл құрсақ терісінің астына тәулігіне 1 рет енгізіледі. Эноксапарин — 0,2, 0,4 мл құрсақ терісінің астына, тәулігіне 1 рет енгізіледі. Сулодексид (Вессел-2ф) — 600 линосомалық бірліктен (ЛБ) бұлшық етке тәулігіне 2 реттен 15 күн салынады, содан кейін капсула түрінде 500 ЛБ күніне 2 рет 2-3 ай ішкізеді. Вессел геморрагиялық асқынуларды бермейді, қолдануға ыңғайлы және оның антикоагулянттық, антиагреғанттық әсері гепариннен кем емес. Гепариндік ем курсын аяқтағаннан кейін 2-3 ай тікелей емес антикоагулянттарды қолданады — фенилинді (протромбин уақытын қадағалау үстінде). Курантил — тромбоциттерде АМФ мөлшерін арттырып, олардың адгезиясы мен агрегациясын тежейді. Сонымен қатар тамыр қабырғаларында простациклиннің, Е2 простагландиннің синтезін арттырады, тамырларды кеңейтіп, бүйректің қанайналымын жақсартады. Гломерулонефритпен сырқаттанған науқастарға курантил антипротеинуриялық, антигематуриялық және жеңіл гипотензиялық әсер етеді. Гломерулонефриттің емінде курантилді үлкен дозада және ұзақ қолданады, шамамен тәулігіне 225-400 мг. Аталған дозадағы емнің ұзақтығы 6-8 апта, содан кейін оның дозасын сүйемелдеуші мөлшерге (тәулігіне 50-75 мг) алып келіп, емді әрі қарай 6-12 ай жалғастырады. Жанама әсерлері: бастың қатты ауыруы, беттің қызаруы. Жанама әсерлерін төмендету мақсатымен емді аз дозадан бастап, біртіндеп тәулігіне 25 мг көбейтуге болады.
- Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді. Антиагреғант ретінде аз дозада беріледі (0,25-0,5 г тәулігіне). Қолдану көрсеткіші — гемостаздың тромбоцитарлық буынының активациясы. Аз дозасы жанама әсер етпейді, бірақ ұзақ қолданғанда аспириннің гастропатиялық әсері есте болуы тиіс.
- Трентал — фосфадиэстеразаны тежеу арқылы тромбоциттерде цАМФ-тың жиналуына септігін тигізеді, сондықтан антиагреганттық әсер етеді. Қолданылатын дозасы — 0,2-0,3 г/тәул.
Ісіну синдромын емдеу. Әдетте жіті гломерулонефритте болатын ісіну арнайы емді кажет етпейді. Сұйықтық пен ас тұзын шектеудің өзі, шамамен 14 күннен кейін ісінуді қайтарады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судың мөлшері диурезге тәуелді болуы тиіс (тәуліктік диурез + 400 мл), Ісінудің ауыр түрінде, әсіресе ол артериялық гипертониямен қосарланса, диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид 50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне). Ұзаққа созылған олигурияда фурасемидтің дозасын 240-480 мг/тәул дейін жеткізеді. Ісіну болғанда судың тежелу теңдігі күнбе-күн қадағаланады (ішкен және шығарған судың мөлшерін өлшеу арқылы).
Гипертониялық, синдромды емдеу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гипертониялық, синдромды емдеу Артериялық қысым 160, 170 мм сын. бағ. дейін биіктеуінде арнайы ем жүргізілмейді, тұзсыз диета және сұйыктықты шектеу 10-14 күннен кейін артериялық қысымды калпына келтіреді. Егер гипертензия жоғары болып және бассүйекішілік қысымның жоғарылауынан белгілері болса (бастың қатты ауыруы), эклампсия дамуының қаупі төнсе, салуретиктерді (фуросемидті) қолданады, 300-400-500 мл қан ағызады, өйткені гипертензия гиперволемиялық 'болып табылады. Егерде гипертензия бұл шараларға берілмесе, онда гипотензиялық дәрмектер беріледі (нифедипин 0,02 г күніне 3 рет).
Жіті гломерулонефриттің нәтижесі нефробиопсияның қорытындысынан анықталады. Көптеген пікірлерге қарағанда, жіті гломерулонефриттен толық айығып кетуі екіталай. Толық айықты дегеннің өзінде, 5 жылдан соң бүйректе морфологиялық бұзылыстар анықталады, 15-20 жылдан кейін несеп синдромы болады.
Жіті гломерулонефритті басынан өткізген науқастар ылғал суықтан (соның ішінде су қоймаларында шомылудан), аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан және бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- ↑ «ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Ибрагимова Р.Б., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Абдукаримова Ж.М., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., оқу құралы, Шымкент 2012.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |