Ерзен хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ерзен хан
Лауазымы
Ақ Орданың 6-шы ханы
1315 — 1320
Ізашары Сасы Бұқа хан
Ізбасары Мүбәрәк Қожа хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Дешті Қыпшақ
Қайтыс болуы 1320 (1320)
Жерленді Сығанақ
Династия Ордаежендіктер
Әкесі Сасы Бұқа
Балалары Мүбәрәк, Шымтай

Ерзен хан (Ибисан) — Ақ Орданың ханы. Сасы Бұқа ханның ұлы, Алтын Ордалық Құзыр ханның інісі.

Стэнли Лэн-Пульдің дерегі бойынша, Ерзен хан 1315—1320 жылдары хандық құрған, Натанзидің мәліметтеріне сүйенген Гаффари, Хайдар Разилер оны 13201344 жылдары 25 жыл билік еткен деп көрсетеді. Ерзен хан Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпағы. Орда Ежен — Сартақтай— Қоныша — Баян — Сасы Бұқа — Ерзен хан. Сасы Бұқа қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда ханы Өзбектің жарлығымен Ерзен хан әкесінің орнына отырады. Натанзи Ерзен хан жөнінде былай деп жазады: “Ақылды, турашыл, діншіл және білімге құштар болды. Азғана жылда беделі Өзбек ханның дәрежесіне дейін жетті, бірақ оған бағыныштылығын сақтады. Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді, ханакаларды, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Әлділер әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы ұлт қауіпсіздігі мен гүлденуін ешкім түсінде де көрмеді”. Ерзен хан бір деректер бойынша, 1320 жылы, ал басқа бір мәліметтерде 1345 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Ол Сығанақ қаласында жерленген. Хайдар Рази Ерзен ханның Мүбәрак қожа мен Шымтай атты екі ұлы болғанын айтады. Ерзен ханнан соң таққа Мүбәрак қожа отырды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]