Есептеу сызбанұсқасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Есептеу сызбанұсқасы - Өтімді қойнауқат-жинауыштар желегінің (беткі жазықтығының) құрылымдық, картасы негізінде дайындалатын қорларды есептеудегі ең басты сызба құжаттардың бірі.

Бұл құжатта көрсетілетін деректер:

  • мұнай мен газ кіріктірудің сыртқы және ішкі шектемелері;
  • қорлар категорияларының шекаралары (қорларды қайтадан есептеген жағдайда — бұрынғы есептеу нәтижесінде бекітілген категориялардың шекаралары);
  • бүкіл бұрғыланған ұңғымалар (олардың ернеуі мен түбінің қойнауқат желегімен қиылысу нүктесі бойынша);
  • сынамаланған барлау ұңғымалары жайлы деректер:
    • қойнауқаттар желегі мен табанының тереңдіктері мен географиялық орындары;
    • теспелеу аралықтары;
    • мұнайдың, газдың және судың бастапқы және өспелі өнімділіктері;
    • сылбырланулар;
    • игерілу ұзақтығы;
    • игерілген өнім көлемі;
    • судың пайыздың мөлшері;
  • қорды есептеу барысында ескерілген кеуектілікті және өтімділікті анықтаудың сандық көрсеткіші;
  • өндіру ұңғымаларында қойнауқаттарды тексермелеу жайлы мәліметтер:
    • игерудің басталу мерзімі;
    • бастапқы және өтпелі өнімділіктер;
    • қойнаулық қысым;
    • мұнай, газ және су өндірудің көлемдері;
    • суландыруды бастау мерзімі; суландыру пайыздары;
  • есептеуге қолданылған параметр мөлшерлерін көрсететін кестелер;
  • есептелген қорлар, олардың категориялары.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.