Жармасқылар
Геккондар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Phelsuma laticauda (Мадагаскар күндік гекконы)
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Subfamilies | ||||||||||||
Aeluroscalabotinae |
Геккондар (Gekkonidae) — кесірткелер отрядының бір тұқымдасы.
Геккондардың 80-ге жуық туысы (650-ден астам түрі) бар. Олардың көпшілігі тропикалық және субтропикалық жақтарда, аздап жер шарының қоңырүйек бөлімдерінде де тіршілік етеді. Геккондардың Орта Азия мен Қазақстанның жерлерінде тіршілік ететін 4 туысы (8 түрі) кездеседі; олар: сцинк геккон, тарақтабан геккон, жалаңаяқ геккон. Геккондардың көздері үлкен, басы алға қарай сүйірленген; денесі қабысыңқы; аяқтары жақсы жетілген, тырнақтары үшкір келеді, күндізінде жатып, қорек заттарын (омыртқасыз жәндіктерді, насекомдарды, ермекші тәрізділерді, қырықаяқтарды және т. б.) түнде аулайды; кепшілігі 1—2 жұмыртқа табады.
Қазба қалдықтары эоцен дәуірінен бастап тіршілік еткенін айғақтайды. Тропиктік, субтропиктік (аздап қоңыржай белдемдерде) және шөлді жерлерде тараған. Жармасқының 70-тей туысқа бірігетін 700-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлінің маңында, Іле өзені бойында мекендейтін 4 туысқа бірігетін 6 түрі: жылтырауық Жармасқы (Teratoscіncus scіncus); тарақсаусақты Жармасқы (Grossobamon eversmannі); шиқылдақ Жармасқы (Alsophylax pіpіens); сұр Жармасқы (Tenuіdactylus russowі); Түркістан Жармасқысы (Tenuіdactylus fedtschenkoі); Каспий Жармасқысы (Tenuіdactylus caspіus) кездеседі. Жармасқының танау тесігі тұмсығына жақын орналасқан. Тілінің ұшы дөңгелектеу, көздері үлкен, көзінің қарашығы тік, қозғалмалы қабағы болмайды. Дене тұрқы 3,5 см-ден 30 см-ге жетеді. Түсі сұр немесе қоңыр, тропиктегі ағаш Жармасқысы айқын түсті, құйрығы үзілгіш, бірақ қайтадан тез өседі. Бармақтарының астыңғы бетіндегі мүйізді тақташалары, ұсақ ілгек тәрізді өсінділері арқылы тік жартастарға, ағаш діңіне, т.б. жақсы өрмелейді. Бұлардың арасында дыбыс шығаратын түрлері де бар. Жармасқылар күндіз жасырынып, қорегін ымыртта не түнде аулайды. Шөл, шөлейтті жерлерде тіршілік ететіндері ін қазады. Жәндіктермен, өрмекші тәрізділермен қоректенеді. Жаз бойы бірнеше рет жұмыртқалайды, әдетте 1 — 2 жұмыртқа табады. Кейбір түрі тірідей туады. Жармасқының 12 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |