Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов
Дүниеге келгені: 23.11.1948
Мансабы: ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары

Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы — ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары, Мәжіліс (IV шақырылым) депутаты. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.[1]

1948 ж. қарашаның 23 Ресей Федерациясы Омбы облысы, Шербакөл ауданы Айбас ауылында туған. Арғын тайпасының Атығай руының Бағыс бөлімінен шыққан.[2][3][4]

1971 ж. С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1989 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ КСР министрі.

1996 ж. ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған.

19992001 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.

200107 жж. Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2007 ж. қаңтар — 2008 ж. мамыр Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2008 ж. мамырдың 14 ҚР Парламенті Мәжіліс (IV шақырылым) төрағасының орынбасары.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

және медальдармен марапатталды.

  1. Сәдуақас, Тортай Ел мен Жер. Көкшетау - Қызылжар - Омбы - Құсмұрын - Ұлытау - Астана аймағы (тарихи-танымдық жинақ) — Алматы: Дайк-Пресс. — Т. 2003. — 565 б. — 1500 таралым. — ISBN 9965-699-06-2.
  2. http://old.baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/otkenge_kurmet_babalarga_izet20170720_111800 Мұрағатталған 26 желтоқсанның 2021 жылы.
  3. Түркістанда тағлымды шара өтті | DalaNews (kk-KK) (15 шілде 2017).
  4. http://www.azretsultan.kz/magazine/2017_year_%E2%84%967.pdf