Ибрагим Дәуітұлы Жанғоразов
Жанғоразов Ибрагим Дәуітұлы (қараш.-малқ. Жангоразланы Даудну жашы Ибрагим; 19.07.1937 — 15.01.2020) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы, Соцалистік Еңбек Ері (1981). Кабардин-Балқар мемлекеттік университетін бітірген (Нальчик, 1979).
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еңбек жолын 1957 ж. Ақмола малдәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін , Инжевский кеңшарында бастады. 1957-59 ж. Инжевский кеңшарының негізінде құрылған Вишневский құс өсіру өндірістік бірлестігінің зоотехнигі, 1959-61 ж. бөлімше меңгерушісі, 1961-67 ж. бас зоотехнигі, 1967 ж. бас директоры. Жанғоразовтың басшылығымен шұаруашылықта, өндірістік негізде тұқым өсірудің тиімді тәсілдерін қолдана отырып, балапан-бройлерлер өсірудің алдыңғы қатарлы технологиясы жүзеге асырылды. Өндірістің барлық салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. ҚазКСР халық депутаты (1990). «Есіл жағалауындағы бройлер цехы» (1980), «Инжевский ертеңге көз тігеді» (М.,1984) кітаптарының авторы. Қазақстан Республикасы орденімен, КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Астана энциклопедиясы, Алматы, Атамұра 2008