Исмаил Хания

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Исмаил Хания
араб.: إسماعيل هنية
Исмаил Хания
Хания 2020 жылы
Лауазымы
Ту
Ту
Палестина Үкіметінің премьер-министрі
Ту
Ту
29 наурыз 2006 — 14 маусым 2007
Ізашары Ахмед Куреи
Ізбасары Салям Файяд
Өмірбаяны
Партиясы Хамас
Білімі Газа ислам университеті
Діні Ислам, суннит ағымы
Дүниеге келуі 29 қаңтар 1963 (1963-01-29)
Әл-Шати лагері, Газа секторы
Қайтыс болуы 31 шілде 2024 (2024-07-31) (61 жас)
Тегеран, Иран
Жерленді Лусаил, Қатар
Шайқасы Израиль−Палестина қақтығысы
Израиль−Хамас соғысы
Исмаил Хания Ортаққорда

Исмаил Ханияпалестиналық саяси қайраткер, Хамас қозғалысының жетекшісі. Хания Газа секторындағы Палестина Үкіметінің премьер-министрі ретінде 2006 жылы сайланған, алайда оның қызметін халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ.

Исмаил Ханияның жетекшілігімен Хамас пен Фатх арасындағы қақтығыстар күшейді, бұл Палестина территориясында саяси бөлініске әкелді. 2007 жылы Хамас Газа секторында билікті толықтай өз қолына алды, ал Фатх Батыс жағалаудағы билікті басқарды.

Хания палестиналықтарды Израильмен қарым-қатынаста қатаң ұстанымда болуға шақырды. Ол Израильдің палестиналық жерлерге қиянат жасауы мен оккупациясын қатты сынға алып келді.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеимен кездесуі, Исмаил Ханияның өлімінен бірнеше сағат бұрын түсірілген соңғы суреті

Исмаил Хания 1963 жылы Газа секторында туған. Ол исламдық және саяси білім алған, содан кейін Хамас қозғалысына қосылып, осы ұйымның саяси жетекшілерінің бірі болды. Хания Хамастың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Ханияның саяси мансабы 2006 жылы Палестина парламенттік сайлауында Хамас қозғалысының жеңісінен кейін басталды. Бұл жеңіс Хамасты Палестина Үкіметінің басына әкелді. Хания премьер-министр лауазымына тағайындалды, бірақ оның үкіметі халықаралық қауымдастықтың қолдауын алмады, себебі Хамасты көптеген мемлекеттер террорлық ұйым деп санайды.

Хания Катардың Доха қаласында тұрған.

2024 жылдың 31 шілдесінде Хания Тегеранда өлтірілді, ол жаңадан сайланған Иран президенті Масуд Пезешкианның инаугурациясына келген болатын.[1]

2024 жылы 2 тамызда Катарда Доханың солтүстігіндегі Лусаил қаласындағы зиратқа жерленді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]