Кепе
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Кепе – 1) жартылай жерден қазылған, қабырғалары, көбінесе, балшық не шымнан қаланып, төбесі қамыс немесе шөппен жабылған шағын лашық, жеркепе. Оның төбесін бұрын тегіс, кейін шатыр тәрізді етіп жапқан. Кепе, көбінесе, егін жинауға, шөп шабуға, даладағы жұмысқа барғандар күннің аптабынан, желдің өтінен, жауын-шашыннан қорғану үшін пана орнына пайдаланылған. 19 ғ-дың орта шенінен бастап жеркепе Жетісуда, Батыс Қазақстанда, әсіресе, Бөкей ордасында көптеп салынған; 2) Қой мен ешкінің ерте туып, ерте өсіп жетілген, союға жараған түрі.[1]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |