Көз жасы жолы
Көз жасы жолы (ағылш. Trail of Tears) — этникалық тазарту және Американдық үндістерді күштеп қоныстандыру, осы бұқараның құрамын негізінен Бес өркениетті тайпалар құрады, оларды АҚШ-тың оңтүстік-шығыстағы өз жерлерінен батысқа қарай Үндіс аймағына (қазір Оклахома) көшірді. 1831 жылы бірінші чокто тайпасы қоныстандырылды. Жолда үндістер баспананың болмауынан, аурулар мен аштықтан зардап шекті, көптеген адамдар қайтыс болды: тек чероки тайпасы үшін жолдағы өлім саны 4-тен 15 мыңға дейін жетті. Үндістермен бірге көптеген негрлер Үндіс аймағына қоныс аударды - олар құлдықта болған, үнді тайпаларының өкілдеріне үйленген немесе жай қашқындар.
Бүгінгі таңда дәл осындай атаумен америка тарихында мәңгі қалдыратын АҚШ-тың Ұлттық соқпақтар жүйесі енгізілген.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1830 жылға қарай бес өркениетті тайпалар - чероки (Cherokee), чикасо (Chickasaw), чокта (Choctaw), маскогтар (Creek) және семинолдар (Seminole) - Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысындағы автономды ұйымдарды құрады. Джордж Вашингтон мен Генри Нокс мәдени өзгеру процесі бастаған; бұл тайпалар, әсіресе чероки мен чокта еуропалық технологиялық жетістіктерін және мәдениетін тез қабылдады. Ол кезде черокидің өз мектептері, жазуы болды, олар христиан дінін қабылдап, «Чероки Феникс» газетін шығарды, тіпті конституцияларын қабылдауға тырысты - бірақ бұл уақытта олар Джорджияның қарамағында болды.
Джорджия, Теннесси, Алабама және басқа да бірнеше оңтүстік штаттардың заңдық жиналыстары өркениетті үндістердің жерлеріне қатысты өз көзқарастары болды. Демократиялық президент Эндрю Джексон (этникалық ирланд) жерлерді еуропалық отарлаушыларға беру үшін үндістерді көшірудің жақтаушысы болды. Оның көмегімен 1830 жылы 26 мамырда АҚШ Конгресі тайпаларды жақсы жабдықталған және ауқатты оңтүстік-шығыстан Ұлы жазықтың жабайы жерлеріне қоныс аудартуын қарастыратын Үндістерді көшіру заңын қабылдады. Осы сәттен бастап өркениетті үндістерді күштеп қоныс аудару шарасы басталды.
Қоныстандыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Бес өркениетті тайпаның» қоныс аударуыy кейіннен «Көз жасы жолы» деп аталды. Миссисипи өзенінің бойымен батысқа қарай бірнеше штат арқылы өткен бұл жолдың атауы ең алдымен чокто тайпасының қоныс аударуынан алынған. Бес тайпаның әрқайсысы әртүрлі жолмен қоныстанды, бірақ олардың барлығы Оклахома орналасқан аумаққа қоныстанды. бірінші болып чокта тайпасы қоныстандырылды.
Чокталарды көшіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чокта тайпасының орталықтары қазіргі Алабама, Миссисипи және Луизиана штатында орналасқан. 1830 жылы 27 қыркүйекте чокта АҚШ үкіметімен «Дэнсинг-Рэббит-Крик туралы келісім» деп аталатын келісім жасады. Келісімге сәйкес, олар Миссисипидегі 45,000 км өздерінің аумағын батыстағы 61,000 км² аумаққа ауыстырды. Келісім АҚШ азаматы болғысы келетін чокталарға қалуға рұқсат берді.
17000 чоктаның қоныс аударуы үш кезеңде өтті және 1833 жылы аяқталды. Бірінші топ батысқа 1831 жылы 1 қарашада аттанды. Антисанитарлық жағдайлар, аштық, аурулар (қыста - өкпенің қабынуы, жазда - тырысқақ эпидемиясы) көптеген адамдардың өмірін қиды: нақты деректер жоқ, бірақ шамамен 2500-дан 6000-ға дейін адам деп есептеледі. Кейінірек Арканзас газеті қоныс аудару туралы «көз жасы мен өлімнің жолдары» деп айтқан тайпа көсемінің сөзін келтірді.
Миссисипиде шамамен 5000-6000 чокто қалды, бірақ олар мұнда да қысым көрді. Көшірілген чокталықтар кейіннен «Оклахомдық чокта ұлты», ал Миссисипиде қалған адамдар «Үндістердің чокта тобын» құрады. Қалған чокта американдық азаматтығын алған еуропалық еместердің алғашқы үлкен тобына айналды.
Семиолдарды көшіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чокта мысалына сүйене отырып, 1832 жылы семинолдарды да қыса бастады; 1834 жылы мускогтерді (криктер) көшірді. Сол 1834 жылы Чероки жерінде алтын табылды. Чероки конституциясының авторы және тайпа көсеміне кандидат Джон Росс үндістерді көшіру туралы заңның күшін жойдыруға тырысып бақты, бірақ бұл әрекеттері нәтижесіз болды. 1835 жылдың басында президент Эндрю Джексон үндістерге егер олар өз еріктерімен батысқа кетпесе, оларды әскери күшпен мәжбүрлеп көшіртеміз деп қорқытты. Сол жылы жас көсем Осеола (шотландық-крик метисі) семинолдар қарсылық қозғалысын басқарды.
1837 жылы чикасолар көшірілді, ал 1838 жылы кезек черокиге келді. 1835 жылы президент Джексон чероки өкілдеріне үндеу жолдады: «Менің достарым! Өркениеттің сендерге не әкелгенін өздеріңде көріп отырсыңдар! Миссуридің арғы жағындағы Үндіс аймағына барыңдар - сонда өз қалағандарыңша өмір сүріңдер!».
Негірлерді көшіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қоныс аударған үндістермен қатар, көптеген еркін негірлер де, құлдар да Үндіс аймағына барды (не олардың үндіс иелерімен еріп кетті, не қашып барды, қалай болсада үндіс тайпаларына қосылған)
Көз жасы жолынан кейінгі алғашқы жылдары тірі қалған негірлердің - құлдардың да, еркіндердің де өмір сүру жағдайы өзгерді. Үндіс аймағына келген соң, чикасо ірі фермаларды құрып, оларда қара құлдардың еңбегін пайдаланды. Чикасо халқы құлдықтың жойылуын тек 1866 жылы мойындады (АҚШ заңдары бұларда әсер етпеді, өйткені Үндіс аймағы ресми түрде Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде болған), содан кейін босатылған қара нәсілділер 1890 жылдарға дейін чикасо ұлтының азаматтары болды. Чокта ұлтының бұрынғы құлдары «чоктаның босатылған адамдары» (Choctaw Freedmen) деген мәртебесін алды. Чокта ұлтында босатылған құлдар 1885 жылы Чокта ұлтының азаматтығын алды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Anderson, William L., ed. Cherokee Removal: Before and After. Athens, Georgia: University of Georgia Press, 1991.
- Carter, Samuel. Cherokee Sunset: A Nation Betrayed. New York: Doubleday, 1976. ISBN 0-385-06735-6.
- Ehle, John. Trail of Tears: The Rise and Fall of the Cherokee Nation. New York: Doubleday, 1988. ISBN 0-385-23953-X.
- Foreman, Grant. Indian Removal: The Emigration of the Five Civilized Tribes of Indians. Norman, Oklahoma: University of Oklahoma Press, 1932, 11th printing 1989. ISBN 0-8061-1172-0.
- Prucha, Francis Paul. The Great Father: The United States Government and the American Indians. Volume I. Lincoln, Nebraska: University of Nebraska Press, 1984. ISBN 0-8032-3668-9.
- Remini, Robert V. Andrew Jackson and his Indian Wars. New York: Viking, 2001. ISBN 0-670-91025-2.
- Wallace, Anthony F.C. The Long, Bitter Trail: Andrew Jackson and the Indians. New York: Hill and Wang, 1993. ISBN 0-8090-1552-8 (paperback); ISBN 0-8090-6631-9 (hardback).