Лесото
Лесото патшалығы ағылш. Kingdom of Lesotho сесото Muso oa Lesotho | |||||
| |||||
Ұран: «Khotso, Pula, Nala» | |||||
Әнұран: «Lesotho Fatse La Bontata Rona» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 4 қазан 1966 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын тілі және сесото | ||||
Елорда | Масеру | ||||
Ірі қаласы | Масеру | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Королі Премьер-министрі |
Летсие III Том Табане | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 137-ші орын 30 355 км² 0,0032 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2004) • Тығыздығы |
2 203 821 адам (144-ші) 2 031 348 адам 68,1 адам/км² (138-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
7,448 млрд.[1] $ 3,868[1] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
2,721 млрд.[1] $ 1,413[1] $ | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,515[2] (төмен) (160-шы) | ||||
Валютасы | рэнд, лоти | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ls | ||||
ISO коды | LS | ||||
ХОК коды | LES | ||||
Телефон коды | +266 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+2 және Africa/Maseru |
Лесото (сесуто тілінде, ағылш. Lesotho) немесе Лесото патшалығы — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды).
Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы – 2,1 млн. Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто.
Халқының 42%-ы протестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы – конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы – Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қазан (1966). 1966 жылдан БҰҰ-на және Африкалық Бірлік ұйымына (ОАЕ) мүше.
Ақша бірлігі – лоти.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лесотоның шығысы мен оңтүстік Дракон тауларымен шектелген, Басуто үстіртінде орналасқан. Ең биік жері – Табана нтленьяна (3482 м) тауы. Климаты субтропиктік, қаңтардағы орташа температурасы 25 – 26ӘС, шілдеде 15ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 – 1000 мм. Басты өзені – Оранис. Ландшафтысына астық тұқымдас шөптесінді дала тән, Дракон тауында бұта басым өседі. Негізгі пайдалы қазбалары – алмас, көмір, уран мен кварц.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лесотоның ежелгі тарихы аз зерттелген. Лесотоның байырғы тұрғындары бушмендер болды. 17 – 18 ғасырларда басуто тайпалары оларды ығыстырып шығарды. 1860 ж. елді ағылшындар басып алып, 1868 – 1966 ж. аралығында Ұлыбританияның протектораты болды. 1966 ж. Лесото тәуелсіздік алғанымен елде саяси тұрақсыздық орын алып, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1993 ж. 27 наурызда халықаралық күштердің қысымымен елде демократиялық сайлау өтіп, әскери режим биліктен кетті. 2 сәуірде парламент Лесотоныңның жаңа конституциясын қабылдады. Лесото сыртқы қатынастарда блоктарға қосылмау саясатын ұстанады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт – 85%, импорт – 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.