Маймонид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Маймонид
משה בן מימון
Туған күні

30 наурыз 1138 (1138-03-30)

Туған жері

Кордоба, Испания

Қайтыс болған күні

13 желтоқсан 1204 (1204-12-13) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Фустат, Мысыр

Азаматтығы

Әл-Андалуси

Ғылыми аясы

философия, медицина

Альма-матер

Әл-Карауин

Несімен белгілі

философ-рационалист, дәрігер, раввин

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Маймонид (Моисей бен-Маймон, ивр. ‏‏משה בן מימון‏‎‏‎‎, гр. Μωυσής Μαϊμονίδης; Рамбам (ивр. ‏‏רמב"ם‏‎‎ - акроном ‏רבי משה בן מיימון‏‎ «Рабби Моше бен Маймон немесе Маймун»), араб әдебиетінде Абу Имран Мұса ибн Маймун ибн Абд-Алла әл-Курдуби әл-Яхуди (араб.: ابو عمران موسى بن ميمون بن عبد الله القرطبي اليهودي‎‎) / Абу Имран Мұса бин Маймун бин Абдалла әл-Куртуби әл-Исраили (30 наурыз 1135, Кордоба13 желтоқсан 1204, Мысыр) — еврей философы, аристотельші, иудаизмнің рационалды мектеп жетекшілерінің бірі, дін танушы-талмудист, Тәурат заңдарының кодификаторы, раввин, өз дәуірінің жан-жақты ғалымы, дәрігер. [1].

Маймондтың үйі, Фес, Морокко

Фанатикті Альмахад ұйымы Кордовты басып алғаннан кейін Маймонид өзінің дінге деген сенімін жасырды. Дінді ұстанушыларға еркіндік беруді жақтап, 1165 жылы Египетке қарай қоныс аударады. Мұнда сұлтан Саладиннің сарай дәрігері ретінде танылады.

Маймонд мазары, Тибериас

Өзінің алғашқы ғылыми діни еңбегін 23 жасында жаза бастады, оны он жылдан кейін барып аяқтады. Бұл араб тілінде жазылған Мишнеге түсіндірме болатын. Басқа да еңбектері: Мишне Тораның еврейлік заңдар жинағы (иврит тілінде), иудаизмде тәубаға келудегі рационалды жол мен Аристотель ілімінің әсерімен жазылған діни философия бойынша классикалық еңбек Сенімсіздердің жалтақтығы (араб тілінде) деп аталды. Бұл еңбек ғылымды, философияны, дінді жинақтауы қажет. Маймонид орта ғасыр иудаизмде мықты интеллектуалды тұлға ретінде танылды.

Маймонид бойынша, Құдайдың құдіретімен емес, табиғи себептерге байланысты дамиды. Тарих даумының негізіне "материалдық мүдде" мен күш алынған. Маймонид халық бұқарасы мен билеуші таптар мүдделеоінің қарама-қайшылығын атап көрсетіп, феод. өзара қырқыстан ада, халық толқуларын басып-жаншуға қабілеті күшті ұлттың мемл. құруды жақтады. Саяси күресте ұлы мақсаттар үшін мораль заңдарын елемей, қандай да болсын құралдары қолдануға болады деп санады, билеп-төстеушілердің билік үшін күрестегі қатыгездігі мен опасыздығын ақтады. Маймониддің маңызы "мемлекетке алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап, оның заңдарын теологиядан емес, парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында".[2]

Негізгі шығармашылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)
  2. "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік