Май ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Май ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
11 | ||
Ауыл саны |
22 | ||
Әкімі |
Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, №34 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°56′24″ с. е. 77°31′12″ ш. б. / 50.94000° с. е. 77.52000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
18,1 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
10 453[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (86,33%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
140800-140807 | ||
Автомобиль коды |
14 | ||
Май ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км.
Физикалық-географиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Географиялық жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстігі пен шығысында Абай облысының Бесқарағай ауданымен және Семей қаласымен, оңтүстік-батысында – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен, батысында – Баянауыл ауданымен, солтүстігінде – Ақсу қаласының ауылдық аймағымен шектеседі, солтүстік-шығысында Аққулы ауданымен Ертіс өзені арқылы бөлінген.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы - −15º-17ºС., шілденікі - +20º+22ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200—250 мм-ді құрайды. Қаңтар және желтоқсан айларында ауа температурасы –46-48 градусқа жетеді
Жер бедері және гидрография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан аумағының жер бедері көбінесе төбелі-жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – шағын төбешікті болып келеді. Аудан аумағы бойынша Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып өтеді, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шақпақтұз, Үлкентұз секілді көлдер бар. Аудан пайдалы қазбаларға бай. Сапасы жағынан антрацитке жақын тас көмір орындары, табиғи құрылыс материалдары, оның ішінде отқа берік және қызыл балшық, мәрмәр, әк, жоса бар.
Флора және фауна
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Топырақ қызғылт, сортаң. Аудан аумағында бетеге, қияқ, қамыс, тал өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан мекен етеді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
12295 | ▲23753 | ▼23733 | ▼23490 | ▼16859 | ▼12601 | ▼10645 |
Этникалық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)
- қазақтар — 10 263 адам (85,71 %)
- орыстар — 955 адам (7,97 %)
- украиндар — 166 адам (1,38 %)
- немістер — 169 адам (1,41 %)
- татарлар — 164 адам (1,37 %)
- беларустар — 53 адам (0,44 %)
- басқалары — 145 адам (1,21 %)
- Барлығы— 11 974 адам (100,00 %)
Санның серпінділігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы халық саны— 16,9 мың адамды, 2012 жылы — 11,974 мың адамды құрады.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]22 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақжар ауылдық округі | 615 | ▼439 | 71,4 | 316 | ▼213 | 67,4 | 299 | ▼226 | 75,6 |
Ақшиман ауылдық округі | 476 | ▼309 | 64,9 | 245 | ▼166 | 67,8 | 231 | ▼143 | 61,9 |
Баскөл ауылдық округі | 1325 | ▼1069 | 80,7 | 669 | ▼561 | 83,9 | 656 | ▼508 | 77,4 |
Кеңтүбек ауылдық округі | 1141 | ▼926 | 81,2 | 546 | ▼490 | 89,7 | 595 | ▼436 | 73,3 |
Көктүбек ауылдық округі | 3955 | ▲4147 | 104,9 | 1899 | ▲2076 | 109,3 | 2056 | ▲2071 | 100,7 |
Қазан ауылдық округі | 955 | ▼726 | 76 | 466 | ▼366 | 78,5 | 489 | ▼360 | 73,6 |
Қаратерек ауылдық округі | 1067 | ▼709 | 66,4 | 517 | ▼367 | 71 | 550 | ▼342 | 62,2 |
Май ауылдық округі | 793 | ▼554 | 69,9 | 390 | ▼320 | 82,1 | 403 | ▼234 | 58,1 |
Майтүбек ауылдық округі | 635 | ▼502 | 79,1 | 311 | ▼278 | 89,4 | 324 | ▼224 | 69,1 |
Малайсары ауылдық округі | 909 | ▼749 | 82,4 | 449 | ▼402 | 89,5 | 460 | ▼347 | 75,4 |
Саты ауылдық округі | 730 | ▼515 | 70,5 | 385 | ▼275 | 71,4 | 345 | ▼240 | 69,6 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 12601 | ▼10645 | 84,5 | 6193 | ▼5514 | 89 | 6408 | ▼5131 | 80,1 |
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: отарлы қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, жем-шөп мәдениеті, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты— мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бір ауыл шаруашылық, 75 шаруа қожалығы мен 3432 жеке қоныс айналысады. Ауданда 2 наубайхана, 2 диірмен, 1 макаронды цех, 3 күнбағыс майын өндіретін, 1 тері шикізатын қайта өндейтін цехтар бар.
Әлеуметтік сала
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Білім беру мен ғылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда 7 мектепалды ұйымдары, 14 орта жалпы білім беру мекемелері мен 1 кәсіби мектеп бар.
Денсаулық сақтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда Май орталық аудандық ауруханасы бар.
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда жылжымайтын мәдени және тарихи ескерткіштер бар: Еңбек мәртебесінің ескерткіші, Урал-ЗИС-355 а/м, 1981 ж., Көктөбе ауылы Еңбек мәртебесінің ескерткіші, С-80 тракторы, 1976 г., Қызыл Құрма ауылы «Шамшырақ» (1930 жылдан), «Маяк» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады.
Әйгілі адамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Социалистік Еңбек ерлері: Қ. Женгілбаев пен В.И. Ладыгин.
- Бастемі Қазірет Айтқожаұлы - діни қайраткер, қазірет.
- ағайынды академик Әбділдиндер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|