Манчестер Сити

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Англия Манчестер Сити
Толық атауы

«Манчестер Сити» Футбол клубы (ағылш. Manchester City Football Club)

Лақап аттары

The Citizens (Қалалықтар)[1]
The Blues (Көктер)[2]
The Sky Blues (Аспан көктер)[1]

Құрылған жылы

1880 («Сент Маркс (Уэст-Гортон)» атауымен)
16 сәуір 1894; 130 жыл бұрын (1894-04-16)Манчестер Сити» атауымен)

Стадионы

Англия Этихад Стэдиум

Сыйымдылығы

53 400[3]

Иесі

Мансур ибн Зайед әл-Нахайян

Президенті

Халдун Әл-Мүбарак

Бас жаттықтырушы

Хосеп Гвардиола

Капитаны

Кайл Уокер

Рейтингі

УЕФА рейтингінде 1-ші орын[4]

Сайты

mancity.com

Жарыс

Премьер-лига

2023/24

Жеңімпаз

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2023/24

«Манчестер Сити» (ағылш. Manchester City Football Club) – Манчестер қаласының ағылшын футбол клубы. Клуб Англия Премьер-лигасында өнер көрсетеді. 1880 жылы «Уэст Гортон Сент Маркс» (West Gorton Saint Marks) деген атпен құрылды. 1887 жылы атын «Ардуикке» ауыстырып, «Гайд Роуд» стадионына көшті. 1894 жылдан бастап клуб «Манчестер Сити» атымен ойнайды. Сегіз рет Премьер-лига иегері, алты Англия Кубогы, сегіз Лига Кубогы, алты FA Community Shields және бір Еуропа Кубогының Жеңімпаздары Кубогы бар бұл ағылшын футболындағы бесінші ең табысты клуб болып саналады.

«Манчестер Сити» Футбол лигасын 1892 жылы қосылды, ал 1904 жылы өзінің алғашқы ірі марапаты — Англия Кубогын жеңіп алды. Клуб 1960-шы жылдардың аяғы мен 1970-ші жылдардың басында Джо Мерсер мен Малкольм Эллисонның басшылығымен Лиганы, еуропалық чемпиондар Кубогының иегерлері Кубогын, Англия Кубогын және Лига Кубогын жеңіп алды. 1981 жылғы Англия Кубогының финалындағы жеңілістен кейін клуб 1998 жылы өз тарихында жалғыз рет ағылшын футболының үшінші эшелонына түсуімен аяқталған құлдырау кезеңінен өтті. Олар 2001/02 маусымда Жоғарғы дивизонға оралды және содан бері Премьер-Лигада қалды.

Өз тарихында клуб үш рет стадион ауыстырды: құрылғаннан бастап 1923 жылға дейін «Гард Роудте» ойнады, 1923 жылдан бастап 2003 жылға дейін – «Мейн Роуд» стадионында, ал қазіргі уақытта 2002 жылы салынған, 55097 көрермен сыйдыра алатын «Этихад» стадионында ойнайды.

XX ғасырда «Манчестер Сити» екі рет Англия чемпионы болды (1936/1937 және 1967/1968), бірақ 1990 жылдары «Манчестер Сити» үш жыл ішінде үш рет астыңғы дивизиондарға түсіп, 1998/99 үшінші дивизионда бір маусым ойнады. 2000 жылы клуб жоғарғы дивизонға оралып, Премьер-Лигада әлі күнге дейін өнер көрсетеді. 2008 жылы «Манчестер Ситиді» «Абу-Даби Юнайтед Групп» компаниясы иеленді, бұдан кейін клубқа көптеген инвестициялар ағымы келіп, жоғары төленетін ойыншыларды трансфер кезінде алуға мүмкіндік пайда болды. 2011 жылы клуб Англия Кубогын ұтты. Және де 2010/11 жылдың қорытындысы бойынша, «Сити» бірден УЕФА чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнау құқығына ие болып, 1973 жылдан бері бірінші рет Англия Суперкубогы үшін ойынға қатысты. Бірақ 2011 жылы 7 тамызда «Уэмбли» стадионында Англия чемпиондары «Манчестер Юнайтед» клубынан 2:3 есебімен ұтылып қалды.[5]

2012 жылы 13 мамырда, соңғы турда «Куинз Парк Рейндержске» қарсы драмалық ойында, қосымша төртінші минутта шешуші гол соғып, 3:2 есебімен ұтып, «Манчестер Сити» 44 жыл өткен соң Англия чемпионы атанды[6]. «Қалалықтар» ("The Citizens"(клубтың лақапаттарының бірі)) өздерінің қас жауларын «Манчестер Юнайтедті» тек доп соғу және өткізу айырмасынан ғана асып түсті. 2012 жылы 12 тамызда Англия Суперкубогына таласта «Манчестер Сити» лондондық «Челси» клубынан 3:2 есебімен басым түсіп, соңғы 40 жылда бірінші рет осы жүлдені ұтты[7].

2014 жылы 2 наурызда «Манчестер Сити» 38 жыл өткен соң алғашқы Футбол Лигасының Кубогын жеңіп алды.[8]

2014 жылы 11 мамырда Манчестер Сити Вест Хэм клубын 2:0 есебімен жеңіп, өзінің тарихындағы төртінші АПЛ жүлдесін жеңіп алды[9].Манчестер Сити 2016 жылдың 15 мамыр күні өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының ширек-финалына жолдама алды.Ширек-финалда ПСЖ футбол клубымен кездесіп, Парижде тең ойын көрсетіп, өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетіп, өз тарихында болмаған нәрсені жасады.Және бұнымен қоса, Англия футбол клубтары арасынан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан 10-ыншы команда болды.Жалғыз голдың авторы — Кевин де Брюйне.Жартылай финалда Реал Мадрид футбол клубынан қонақта 1:0 есебімен жеңіліс тауып, финалға өте алмады.

Клуб 2008 жылы Абу-Даби Юнайтед Груп арқылы шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянды қабылдағаннан кейін ойын қызметкерлеріне де, жабдықтарға да айтарлықтай қаржылық инвестициялар алды, 2011 жылы Англия Кубогын және 2012 жылы Премьер-Лиганы жеңіп алды, содан кейін 2014 жылы тағы бір чемпион атағын алды. Пеп Гвардиоланың басшылығымен «Сити» 2018 жылы Премьер-лигада жеңіске жетіп, бір маусымда 100 ұпай жинаған Премьер-лиганың жалғыз командасы болды. 2019 жылы олар төрт кубокты жеңіп алды, Англиядағы барлық ішкі кубоктардың бұрын-соңды болмаған сериясын аяқтап, ішкі треблді жеңіп алған алғашқы ағылшын ерлер командасы болды. Пеп Гвардиола дәуірінде Премьер-лиганың үшінші титулын жеңіп алумен қатар, «Сити» 2021 жылы Еуропа Чемпиондар Лигасының алғашқы финалына шықты, онда ол «Челсиден» жеңіліп қалды.

2019 жылы «Манчестер Сити» әлемдегі барлық футбол клубтары арасында табысы бойынша бесінші орынды иеленді. 2019 жылы Forbes клубты 2,7 миллиард долларға (2,06 миллиард фунт стерлинг) бағалады. Осылайша, Манчестер Сити әлемдегі ең бағалы спорт клубтарының тізімінде жиырма бесінші және ең құнды футбол клубтары тізімінде үшінші орында тұр. Клуб 2019 жылдың қараша айында құны 3,73 миллиард фунт стерлинг (4,8 АҚШ доллары) құрайтын Ұлыбританияда орналасқан City Football Group Limited холдинг-компаниясына тиесілі.


2023 жылы "Сити" өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып, «Интер» финалдық матчында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар, клуб өз тарихында алғаш рет «требл» деп аталатын — бір маусымда 3 кубокты (АПЛ + КА + ЛЧ) рәсімдеді және тарихта осындай жетістікке жеткен екінші ағылшын командасы болды (біріншісі 1998/99 маусымында »Манчестер Юнайтед» болды). «Манчестер Сити» 2023/24 маусымында 1992 жылдан бастап есептегенде, Англия футболының тарихында алғаш рет қатарынан төртінші рет Англия Премьер-Лигасын жеңіп алған алғашқы клуб болды. Осыған дейін «Манчестер Юнайтед» тек қана үш рет қатарынан жеңімпаз атанған болатын.

Бас бапкері — Хосеп Гвардиола. Ол өзінің бапкерлік қызметін 2016 жылдың 1 ақпанында алды. Алдыңғы бапкері — Мануэль Пеллегрини.

«Cент-Маркс» немесе «Вест Гортон»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Сент Маркс» немесе «Вест Гортон», 1884 жылы

«Манчестер Сити» деген қазіргі кездегі алпауыт клубты құрған тұлға 1855 жылы дүниеге келді. Анна Коннелл — Харрогиттегі Артур Коннелл атты дінбасының қызы болған. Оның әкесі 1865 жылы Вест Гортондағы ағылшындық Киелі Марк шіркеуінің ректор қызметкері болды.

Анна сол жылдары әкесінің жағдайын қарап, қолдап тұрды.Вест Гортон тұрғындары кейін спирттік ішімдіктер мен шылымдар қолданатын болған. Анна Коннелл барлығының басын қосатын жеңіл жолдарды іздеді.Сонысымен, 1880 жылдың қарашасында Анна Коннелл екі шіркеудің дінбасыларымен бас қосып, бұнымен қоса металлургиялың зауыт кеңесімен бас қоса отырып, Брукс, Уильям Бистоу және Томас Гудбэер атты жұмысшыларымен көптеген спорттық клубтар ойлап табады.Бұлардың 1875 жылғы Киелі Марк шіркеуінің крикет бойынша үш спортшысы — Уилтер Чоу, Эдвард Китчен және жаңағы Уильям Бистоу — крикет ойынын тастап, футболшы атанды.Манчестер архидъяконы Анна Коннелдің жұмысына жақсы көңіл бөліп, оған болашақ жұмысына сәттілік тілеп, көмек көрсетті. 1880 жылы қарашада Анна Коннелл, Бистоу және Гудбэер бірігіп «Сент-Маркс» немесе «Вест Гортон» деп футбол клубын құрды.[10] Артур Коннелл, қара жейде және ақ шортымен ойнаған алғашқы президент атанды.Ең алғашқы ресми ойын, Максфилд шіркеуін командасымен болды, бұл ойында «Сент-Маркс» 1:2 есебімен жеңіліс тапты. «Сент-Маркс» бұл маусымда тек бір рет қана жеңді. Бұл жағдай 1881 жылдың наурызында, шығыс Манчестерде орналасқан — «Сталибридж Кларенске» қарсы ойында болды.[11]

1884 жылы Гортон қауымдастығының шешімімен, клубтың атауын өзгерту қолға алынды. Сол кезде Уильям Бистоу, клубтың жейдесін өзгертуді ұсынып, өз жейдесін ойлап тапты. Жейде — қара және ол жейдеде ақ крест бейнеленді. 1887 жылы клуб — «Гайд Роуд» атты ойын алаңына ауысты. Бұнымен қоса, атауын — «Ардвик» деп өзгертті. Екі жылдан кейін, «Гайд Роуд» сыйымдылығы 1000 көрермендікке жетті. 1891 жылы, команда Альянс Лигада өнер көрсете бастап, екі жыл қатарынан чемпион атанды. 1892 жылы клуб, екінші дивизион болып саналатын, Англия Футбол Лигасында өнер көрсете бастады. 1892/93 маусымында «Ардвик» 5-інші орынды иеленді.

Келесі маусымда, қазіргі «Манчестер Юнайтед» деп аталатын, кезіндегі «Ньютон-Хит» екінші дивизонға, әрине, Англия Футбол Лигасына келді. Бұнымен қоса, бұл маусымда, «Ардвикке» басты қарсылас табылды. Сол кезде «Ардвик» менеджері Джошуа Парби, клубтың атауын өзгертуді ұсынды. Комитет бұл ұсынысты қабылдап, «Манчестер Сити» 1894 жылдан қазіргі кезге дейін әлі өзгертілмей келеді.

ХХ ғасырдың басы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Манчестер Сити»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Билли Мередит

Бес жыл өте, «Манчестер Сити», бірінші дивизонда өнер көрсете бастады. Тағы бес жыл өте, 1904 жылы, алғашы кубогын жеңіп алды — Англия Кубогы. Бұл жарыстың үздік ойыншысы болып — Билли Мередит[12].

«Манчестер Сити», 1904 жылы, Англия Кубогының иегері

атанды. Өйткені ол финалдағы жалғыз голдың авторы.Бұл кубок оңай жолмен келмеді: 1904 жылдың 6 ақпанында, 1/16 финалында «Сандерлендті» ауыр күшпен жеңді. Одан кейін, «Вулидж Арсеналды» екі доп айырмасымен жеңіп артта қалдырды. Содан соң қарсылас болып, «Мидлсбро» келді. Бірақ «Сити» бұл қарсыласымен тең ойын көрсетіп, 9 наурызда қайта ойнап 3:1 есебімен екінші ойында жеңе алды. Он күннен «Гудисон Паркта» «Уэнсдейді» қабылдап, 3:0 есебімен жеңді. Финалда «Болтон Уондерерспен» кездесіп, осылай кубок иегері атанған болатын. 1904/05 маусымында соңғы тур басталмай тұрып, «Ньюкасл Юнайтедпен» бірдей ұпаймен жарысып тұрды. Бірақ соңғы турда «Астон Виллаға» жол беріп, үшінші орынға түсіп қалды. Ойыннан соң «Астон Вилла» ойыншысы Алек Ликтің айтуынша, Билли Мередит оған £10 төлеуін сұрған, одан соң Комитеттің шешімімен Билли Мередит кінәлі деп танылып, бір жылға ойыннан шектелді[13]. Байымдауынша, «Манчестер Сити» әр ойыншыға £4 төлеп отырған, және клубта бұл ісі үшін айыппұл алды. Билли Мередит кейін ақталып, өз пікірін білдірді:

«Манчестер Ситидің» құпиялығы неде? Бұны мен жәй ғана ереже бұзушылық деп санаймын, 4 фунт стерлингті бізде ешқандай ойыншы алмайды.»

© Билли Мередит

Қауымдастық клубқа тексеріс жүргізіп, клубтан қаржылай ереже бұзушылық тапты. «Манчестер Ситидің» бас бапкері Том Мейли өмір бойына футболдағы қызметтерден шеттетілді, ал «Ситиге» £900[14] көлемінде айыппұл салынды. Және де «Ситидің» бірдей 17 футболшысы 1907 жылдың қаңтарына дейін футболдан шеттетілді. Сосын, «Сити» айыппұлдан толықтай құтылу үшін өз ойыншыларын сатуға тура келді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Манчестер Юнайтед» менеджері Эрнест Мангнэлл £500-ге Билли Мередитті және де онымен қоса Герберт Берджесс, Сэнди Тернбулл, Джимми Бэннистерді сатып алды. 1907/08 маусымында «Манчестер Юнайтед» осы ойыншылардың арқасында ел біріншілігін жеңіп алды. 1920 жылы «Манчестер Сити» ойын алаңына Георг V қонақ болды. Бұл жағдай «Сити» ойын алаңын Лондонда орналаспаған, Георг V қонақ болған алғашқы ойын алаңы болды. Осы жылы қарашада «Сити» үшін қайғылы оқиға болды, 1920 жылы қарашада «Гайд Роудтың» басты трибунасы өртке оранып, құрып кетті. «Манчестер Сити» басшылары кейін жаңа ойын алаңын іздеуге көшті. Басында «Манчестер Юнайтедтің» ойын алыңы «Олд Траффордты» жалдап алғысы келді, бірақ «Юнайтед» «Олд Траффорд» үшін көптеген ақша сұрап, бұл ақшаны «Манчестер Ситидің» қалтасы көтермегендіктен жалға алудан бас тартты[15]. Кейін амал болмағандықтан, «Сити» өзінің ойын алаңында, жөнделіп ештеңеге жарамай тұрғанына қарамастан үш жыл бойы осы алаңда ойнауға тура келді.[16] 1923/24 жылдары «Сити» «Мейн Роуд» алаңында ойнай бастады, ал «Гайд Роуд» алаңын бөлшектеп сатып жіберді.[17]

Берт Траутманнға арналған мүсін

1926 жылы «Манчестер Сити» Англия Кубогінің жартылай финалына дейін барып, 5 ойында 31 гол соқты. Бірақ жартылай финалда «Болтон Уондерерстен» 1:0 есебімен жеңіліп, қалып қойды. Осы жылы «Сити» бірінші дивизонна ұшып кеткен болатын. Келесі жылы, жолы болып, екінші дивизонды бағындырып, бірінші дивизонға қайта оралды[18].

1930 жылы «Сити» көтеріле бастады. Бас бапкері болып, бұрынғы «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Мэтт Басби болды. Қақпашысы Фрэнк Свифт, шабуылшылары Фрэд Тилсон және капитаны Сэм Коуэн болды. 1933 жылы клуб Англия Кубогінің финалына дейін барып, Эвертоннан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ бұған қарамастан, 1934 жылы «Сити» тағы да финалға шықты. Осы жолы қуанышқа орай, «Портсмут» клубын 2:1 есебімен жеңіп, кубок иегері атанды. 28 минутта гол жіберіп алғанына қарамастан, Тилсон екі гол соғып, команданы алға шығарып жеңіс сыйлады. Капитаны Сэм Коуэн Англия Кубогінің үш финалына да қатысқан алғашқы ойыншы болды[19].

1937 жылы клуб тарихында алғаш рет Англия біріншілігінің чемпионы атанды. Бұл маусымда «Сити» 100-ден аса гол салды. Бірақ, келесі маусымда «Сити» бірінші дивизонмен қоштасты.[20]

«Манчестер Сити» екінші дивизионда тек бір рет ойнап жетісті, өйткені бұдан кейін Екінші Дүниежүзілік Соғыс басталғанына байланысты, футбол тоқтатылған болатын.

Футбол жұмыс жасап бастағаннан кейін, «Ситиді» капитаны болған, Сэм Коуэн өз қолына алды. Ол бірінші матчын 3:0 есебімен жеңді, одан кейін клуб 19 ойын бойы жеңілмей келді. Бұның арқасында «Сити» Жоғарғы Лигага қайта оралды. Бірақ Сэм Коуэн, бизнес қызығушылықтарының кесірінен, жұмысынан босатылды.

1949 жылы «Сити» неміс қақпашысы Берт Траутманнды өз қатарына қосты[21]. Бұл футболшы англиялық клубқа қосылғаннан кейін, жергілікті тұрғындар нацисттік Германиямен байланысы бар деп митингке шықты[22]. Бір жағынан өздерінің клубының қақпасын қорғағаны үшін қолдаса, бір жағынан нацисттік Германия өкілі

болғандықтан күдіктенді.[23] 2010 жылы[24]:

Лидс қаласында орналасқан Дон Реви мүсіні

«Мен өз клубымды сүйемін, және қолдаймын.Мен «Ситидің бүкіл матчын қалдырмай көремін.Мен Англияға Германиямен ойнасада, жанкүйер боламын»

© Берт Траутманн

ХХ ғасырдың ортасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Реви жоспарын» пайдаланып, «Сити» 50-інші жылдары аса қатты өнер көрсете алмады. Аса керемет өнер көрсетті деп, тек 1955 жылды айтуға болады. Өйткені бұл жылы Англия Кубогінің финалына шықты. Бірақ «Ньюкаслдан» 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

1956 жылдың 5 мамырында 22 жылдан соң Англия Кубогын жеңіп алды. Жүз мың адам сыятын «Уэмблиде» «Манчестер Сити» «Бирмингем Ситимен» кездесіп, алғашқы голын 3-інші минутта салды, алғашқы голды Дон Реви салды. 12 минут өткен соң «Бирмингем» Ноэль Кинси көмегімен есепті теңестірді[25]. «Сити» 62-інші минутта алға шықты, есеп 2:1. Голды салуға ат салысқандар болып, Кен Бернс, Бобби Джонстон және Джек Дайсон саналды[26]. 64-інші минутта Берт Траутманнды мойынын ауыртып алғанына қарамастан, Дайсонға пас беріп, кейін Джонстон гол салып шабуыл иесі атанды[27]. Осымен есеп 3:1 болып кубок иегерлері атанды.[28]

«Манчестер Сити» кезеңі 60-70 жылдардың соңына қарай өркендей бастады. Бұл кездері команды Джо Мерсер қолға алды. Джо Мерсер команданы қолға алып Жоғарғы Лигага шығарған болатын. Мерсер «Сити» қатарына Джордж Хеслоп, Майк Саммерби, Колин Белл, Тони Бук, Фрэнсис Ли, жас Джо Корриган есімді ойыншыларды қосты. Бұл ойыншыларын команданы алға сүйреді.

Кейін Мерсер, 34 жылдан кейінгі, 1968 жылы, Джордж Бест есімді атақты шабуылшысы бар[29] «Манчестер Юнайтедті» екі ұпай артта қалдырып, Англия чемпионы атанды. 1969 жылдың 26 сәуірінде Нил Янгтың голының арқасында «Лестер Ситиді» жеңіп, «Сити» тарихындағы төртінші Англия Кубогын жеңіп алды[30]. 1970 жылдың 7 наурызында «Сити» тарихында алғаш рет Футбол Лигасының Кубогін жеңіп алды, финалдық матчта Мерсердің «Ситиі» «Вест Бромвич Албионның» бір голына екі голмен жауап қайтарған болатын. Голдардың авторы: Майк Дойл және Глин Пардо.[31]

Сол жылы, «Сити» өте жоғарғы нәтиже көрсетіп Кубок Иегерлерінің Кубогын жеңіп алды. Венадағы финалда Польшаның клубы «Гурникті» 2:1 есебімен жеңді. «Сити» қатарынан голдарды Нил Янг және пенальтиден Фрэнсис Ли салған болатын[32]. Джо Мерсер бұл ойыннан кейін[33]:

«Нөсер жауын екінші таймда ойынды бұзды, бірақ біздің ойыншылар бұл кедергіге қарамастан керемет ойын көрсетіп, менің көңілімнен шықты»

© Джо Мерсер

Келесі жылы Джо Мерсер мен Мальколм Эллисон бірігіп тағы да, Кубок Иегерлерінің Кубогының жартылай финалына шықты. Бірақ «Ситидің» маңызды ойыншалыр жарақаттанып қалып, «Челсиден» 0:2 есебімен жеңіліп қалып, алдыңғы жылғы нәтижені қайталай алмады. Англия біріншілігінде «Сити» төртінші орында тұрып, соңына қарай алға жылжып, бас жүлдені иеленіп кетті. 1972 жылы, өкінішке орай, екі бапкердің арасы құлдилай бастады. Джо Мерсер «Ковентри Ситиді» жаттықтыруға кетіп қалды. Клуб президенті Питер Суолз[34]:

«Бізге Мальколм Эллисон мен Джо Мерсер арасындағы екеуін таңдау керек болды. Біз Мальколм Эллисонды таңдадық»

© Питер Суолз

Кейін Мальколм Эллисонде өз пікірін білдірді[35]:

«Джо және мен керемет бапкерлік топ болдық. Мен ешқашан Джо Мерсермен бірге жұмыс атқарғаныма өкінген емеспін, және өкінбеймін де. Ол да осындай сезімде екенін білемін. Біз екеуміз керемет клубты құрдық. Мерсер-Эллисон атқарған жылдары «Сити» үшін ең керемет және есте қаларлықтай жылдар болады. Джоны тағы да өз орнында қалдырғанда, керемет болар еді. Ол да осылай айтатынына күмәнім жоқ.»

© Мальколм Эллисон

Джон Корриган, «Ситидің» көп жүлделі қақпашысы

Бірақ Мальколм Эллисон бапкерлік қызметте көп болмады. Өйткені ол 1972/73 жылдары «Ситиді» соңғы орындарда жетелеп жіберді. Клубы екінші дивизионға кетіп қалудан, тек жаңа бапкер Джонни Харт құтқарып қалды. Бірақ бұл бапкерде, өз жұмысында бола алмады. Маусым аяқтала сала бапкерлік орынды «Норвич Ситидің» бапкері Рон Саундерс басты. Бұл бапкердің көмегімен кубок жағында аса жақсы өнер көрсетсе, біріншілікте шамалы нәтиже көрсетті. Саундерсде өз орнында көп отыра алмады, 1974-1979 жылдар арасында «Ситидің» бұрынғы ойыншысы Тони Бук бапкерлік жағынан басқарды.

Бук команданы алға шығарып, және сол нәтижені сақтап қалуды мақсат тұтты[36]. 1973/74 маусымының соңғы турында «Сити», біріншілікте қалу үшін тек жеңіс керек болған «Манчестер Юнайтедпен» кездесті. 1:0 есебімен «Манчестер Сити» жеңіп, ел біріншілігінен көршілес клубты екінші дивизионға шығарып салды. Жалғыз голдың авторы Денис Лоу, бұл матч ол үшін аса ауыр болды. Өйткені Лоу «Манчестер Юнайтед» қатарында 11 жыл ойын көрсетті, ол голды соққаннан кейін қуанбады және ойын алаңынан көңілсіз кетті. Бұл Лоу үшін мансабындағы ең соңғы матч болды[37].

Тони Бук кезінде «Манчестер Сити» жақсы команда болды. 1976 жылдың 28 ақпанында «Ньюкасл» клубын 2:1 есебімен жеңіп, Лига Кубогы иегері атанса, 1977 жылы «Ливерпульден» бір ұпайға қалып қойып күміс жүлдеге ие болды. Және екі рет Лига Кубогының ширек-финалына барды, ал 1978/79 жылдары УЕФА Кубогының ширек-финалына дейін барды.

60-70 жылдардағы сәтті кезеңді 80-інші жылдардағы сәтті кезеңмен ауыстыруға болатыны сөзсіз. Мальколм Эллисон бапкерліктен босатылып, кейін қайтып келді. Бірақ Мальколмның кейінгі саясаты сәтсіз болды. Клубтан Эйс Хартфорд, Гари Оуэн и Питер Барнс сынды жұлдызды ойыншылар кетіп қалды. Кейін Стив Дейліді £1,5 миллион бағасына алып[38], Англия біріншілігіндегі ең қымбат ойыншы атанды. Бірақ бұл «Ситиді» алға жетелей алмағандықтан, Эллисон 1980/81 маусымында қайтадан босатылды. Оның орнына Джон Бонд келді.[39]

Джон Бондтың көмегімен, «Сити» «Ливерпульды» 3:1 есебімен жеңіп, ел біріншілігінде 10-ыншы орында аяқтады. Бондтың саясатымен, көптеген нәтижелі ойыншылар «Сити» қатарын толықтырды. Құрамда жас ойыншылар көбейді. Осы қарқынмен «Сити» Англия Кубогының финалына шықты[40], бірақ финалда «Тоттенхэм» «Ситиді» 3:2 есебімен жеңіп, басым түсті. Екі жылдан Бондта өз жұмысынан босатылды. Өйткені «Сити» ондыққа кіре алмады. Оның орнын Джон Бенсон басты.

Джон Бенсон тек бірінші дивизионнан ұшып кетуі ғана есте қалды, бірінші дивизионның соңғы турында жеңіске жеткенде қалуы мүмкін еді. Тіпті тең нәтижеде «Ситиді» бірінші дивизионда қалдырар еді. Бірақ Джон Бенсон «Ситиді» тек жеңіліске ғана лайық екенін көрсетті. Кейін Бенсонның орнын Билли Макнилл басты. Бұл бапкер «Ситиді» бірінші дивизионға қайта әкелді. Бірақ 1985/86 жылдары бірінші дивизионнан ұшып кетуіне сәл қалды, және 1986/87 жылдардағы маусымды әлсіз бастады. Оны «Сити» басшылары орнынан босатып, оның орнына Джимми Фриззеллді шақырды. «Сити» сол маусымда соңынан екінші орын алып, қайта екінші дивизионға кетіп қалды. Кейін екінші дивизиондағы «Ситиді» Фриззелл басқармады, «Ситиді» Мел Макхин қайтадан бірінші дивизионға әкеліп, қарашада сэр Алекс Фергюсон басқарған «Манчестер Юнайтедті» 5:1[41] есебімен ойсырата жеңді, бірақ бұған қарамастан басшылар Мел Макхинді орнынан босатты. сэр Алекс Фергюсон сол матчтан соң:

«Бұл менің бапкерлік мансабымдағы ең ұятты есеп болды»[42]

© сэр Алекс Фергюсон

Фрэнсис Ли — «Ситидің» аңыз ойыншысы

1989 жылдың қарашасымен 1990 жылдың қарашасы арасында «Ситиді» Ховард Кендалл басқарды. Бұл бапкер команданы алға жетелей алды. Ховард Кендалл «Эвертонға» кетіп қалды. Ол кеткеннен кейін ойыншы-бапкер Питер Рид бапкер болды. Ридтің екі маусымында «Сити» бесінші орыннан не төмен, не жоғары аяқтай алмады. Ал 1992/93 жылдарда тоғызыншы орынға түсіп қалып, Питер Рид орнынан кетті. Оның орнына Брайан Хортон келді. Ол «Ситимен» 16-ыншы орынға түсіп қалды 1994 жылы «Сити» , сәтсіз ойындарға қарамастан Хортонды команданың бапкері қылып қалдырды, бірақ 1994/95 маусымында 17 орын шынымен басшылардың көңілінен шықпады, және оны орнынан босатуға тура келді. Оның орнын «Саутгемптон» клубының бұрынғы бапкері Алан Болл басты. Ол құрамды жасартқысы келіп, реформа өткізді. Құрамға Георгий Кинкладзе келіп, құрам жасара бастады. Бірақ 1995/96 жылдары «Сити» қайтадан бірінші дивизионға кетіп қалып, Болл орнынан босатылды. Стив Коппелл жаңа бапкер болып уақытша тағайындалды. Кейін клуб бапкері болып, Фил Нил тағайындалды. Бірақ ол 10 ойынның 7-еуінде жеңіліс тауып, «Ситиді» кестенің ортасына апарып тастады, кейін орнынан босатылды, орнына Джо Ройл келіп «Ситиді» екінші дивизионға кетіп қалудан құтқара алмай, екінші дивизионға кетіп қалды. Кейін Ройлдың сөзінде[43]:

«Ситиде жақсы-жақсы ойыншыларды алатын аса көп ақша болмады, сондықтан кәрі футболшылармен тегін агенттерді алу керек болды»

© Джо Ройл

«Ситидің» құлдырау кезеңінде президенттік мансапты Дэвид Бернстайн басты. Жаңа президент келгеннен кейін «Сити» 1998/99 жылдарынан кейін бірінші дивизионға қайта оралды. Келесі маусымда клуб Премьер-Лигаға келді. 2000 жылдың жазында клуб қатарына жартылай қорғаушы Альф-Инге Холланд және Джор, қыста қатарға Ричард Данн мен Даррен Хакербиде қосылды. Шотландтық «Рейнджерстен» Андрей Канчельскис жалға алынды.

2001 жылдың 21 сәуірінде жанкүйерлер көтеріліп Джо Ройлды орнынан босатты[44]. Үш күннен кейін Англия ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Кевин Киган «Ситидің» жаңа бапкері болып тағайындалды.

XXI ғасырдың басы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Таксин Чиннават, «Ситидің» алғашқы азиаттық басшысы

2002 жылы «Манчестер Сити» Премьер-Лигаға қайта оралды. Маусым басында клуб көптеген жақсы ойыншыларды алды. «Қалалықтар» қатарын Петер Шмейхель[45] толықтыра бастады, одан соң қорғаушылар Сильвен Дистен мен Давид Соммей келді. Марк-Вивьен Фоэмен[46] қоса, Висенте Матиас Вуосода[47] клуб қатарын толықтырды. Кейінірек «Пари Сен-Жермен» клубынан £17,5 миллион бағасына Николья Анелькада[48] келді. Қыстық трансферде — шабуылшы Робби Фаулерде қатарды толықтырды. Маусым нәтижесі бойынша, «Манчестер Сити» Премьер-Лигада тоғызыншы орын алып, 24 жылдан бері алғаш рет УЕФА Кубогының квалификациялық жарыс кезеңіне шықты.

2003 жыл «Манчестер Сити» үшін «Мейн Роудтағы» соңғы ойын болды, өйткені олар — «Сити оф Манчестер» деп аталатын 48 мың көрермендік жаңа ойын алаңына көшті.

2007 жылы UK Sports Investments арқылы тайландты отбасынан шыққан бизнесмен Таиландтық бұрынгы премьер-министрі Таксин Чиннават $43 миллионға клубты сатып алды. Және ол клубты көркейтуге уәде берген болатын[49]:

«Ең бірінші мақсат — ондыққа кіру, екіншісі — алтылыққа, ал үшінші мақсатымыз — УЕФА Чемпиондар лигасы үшін таласамыз»

© Таксин Чиннават

Жаңа басшылар «клубқа көптеген өзгерістер» енгізуді бастады. Ең алғашқы өзгеріс, 2007 жылдың 6 шілдесінде атақты швед бапкері Свен-Ёран Эрикссонмен үш жылға келісім-шартқа келді, және де ойыншылар Ведран Чорлукамен, Хавьер Гарридомен және Мартин Петров, Элано, Бенджани Мварувари, Валерия Божиновтармен келісім-шартқа келді. Бұл маусымда манчестерлік дербидің екеуінде де жеңіске жетті, бірақ соңғы турда «Мидлсброға» 8:1 есебімен ойсырата жеңіліп, тоғызыншы орынға жайғасты. 2008 жылдың 2 маусымында шведтік бапкерді жұмысынан босатты[50]. Оның орнына уэльстік бапкер Марк Хьюзды[51] қойды. 2008 жылы «Манчестер Ситиді» сату жөніндегі, үш апталық Дубайда өткен келісімнен кейін, қаржылай көмек беретін БАӘ-лық топ Abu Dhabi United Group (ADUG), және оның басшысы Мансур ибн Зайд Аль Нахайян Чиннаваттан 90%-дық акциясын сатып алды, бір жылдан кейінде 10%-ын сатып алып, тәуелсіз басшысы атанды. Клубты сатып ала, алға мақсат қойды. Мақсаты — алпауыт клубтардың қатарына кіру болатын. Кейін Шейх Мансур айтуынша[52]:

«Челси және Барселона секілді клубтармен бірдей болу үшін, құрамдағы 22 ойыншыны жаңарту керек. Ақша — мәселе емес. Бастысы, менің командамда 22 ойыншының барлығы жұлдызды ойыншы болуы керек, ал клуб онжылдықта алпауыт клубқа айналады»

© Шейх Мансур

Жаздық трансферде көптеген жақсы ойыншылар алынды. Пабло Сабалета, Венсан Компани, Таль Бен-Хаим және Глаубер секілді ойыншылар алынды, кейін «Челсиден» Шон Райт-Филипс қайта оралды. Мәскеулік ЦСКА-дан £18 миллион бағасына бразилиялық шабуылшы Жо[53] келді. Қыстық трансферде нәтижелі қақпашы Шей Гивен келді және жас қақпашы Гуннар Нильсен, қорғаушы Уэйн Бридж, нәтижелі ойыншы Найджел де Йонг, екі шабуылшы — Крейг Беллами мен Робиньо қатарды толықтырды. Робиньо — «Реал Мадридтен» £32, 5 миллион бағасына келіп[54], «Манчестер Сити» тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды. Бұл маусымда, алдыңғы маусымға қарағанда «Сити» жақсы нәтиже көрсетті — 10-ыншы орын.

2009 жылы Марк Хьюз орнына басқа бапкер келеді деген жалған ақпараттар көп болды. Бірақ 2009/10 жылдардағы маусымды уэльстік бапкермен басталды. «Сити» өзінің трансферлік саясатын жалғастыра кетті. Жазда «Астон Вилла» клубынан Стюарт Тейлор атты қақпашы келді, содан соң жартылай қорғаушы Гарет Барри, «Барселона» футбол клубынан Силвиньо, «Арсеналдан» Коло Туре мен Эммануэль Адебайор, «Эвертоннан» £24 миллион бағасына орталық қорғаушы Джолеон Лескотт, «Манчестер Юнайтедтен» Карлос Тевес, «Блэкберн Роверс» клубынан Роке Санта Круз келіп, «Манчестер Сити» ойыншылар қатары толықты.

2009 жылдың 19 желтоқсанында Марк Хьюз сәтсіз нәтижелері үшін бапкерлік қызметті босатты. Кейін Марк Хьюз өзінің бұл шешімге разы[55] емес екенін білдірді:

«Сандерлендпен кейінгі ойында, маған келісім-шарт ерте ажырады деп айтты. Маған БАҚ-та бұл туралы ескертпеді, мен бұндай шешімді мүлде күткен жоқпын. Көп ұзамай, жаңа бапкерде табыла қойды, бұл, менің кетуім маусым басында шешілгенін білдіріп отыр. Мен маусым басталмай тұрып, клуб басшысымен кездестім, және біз бірге мақсат қойдық — ел біріншілігінде алтыншы орын алу немесе 70 ұпай жинау. Бұны мақсат тұтуды мен ойыншыларға да айтып қойғанмын. Әрине, Манчестер Сити сабында әркім көбірек жақсы нәтиже көрсетіп, ел біріншілігін менімен бірге алғысы келіп, тура жолға түстік, бірақ күтпеген жерден мені жұмысымнан босатты»

© Марк Хьюз

Кейін бұған «Сити» президенті әл-Мүбарәк жауап қайтарды:

«Соңғы он бір ойында бар болғаны екі-ақ жеңіс. Бұл «Манчестер Сити» клубы үшін өте жеткіліксіз. Шейх Мансур мен басшылар кеңесі, алға деген ұмтылыс және ынтаны көріп тұрған жоқ.»

© Халдун әл-Мүбарәк

Роберто Манчини мен Брайан Кидд — «Ситидің» қазіргі деңгейіне жол ашқандар

Марк Хьюз орнына итальяндық маман Роберто Манчини келді[56].Және оның ассистенті болып Брайан Кидд тағайындалды. Қыста «Сити» ойыншылар қатарына Патрик Виейра мен жас ойыншы Адам Джонсон қосылды. Манчинидың арқасында «Манчестер Сити» бесінші орын алып, Еуропа Лигасына жолдама алды.

2010 жылы жазда «Манчестер Сити» трансфер прессасының бас жұлдызы болды.«Сити» қатарын Александр Коларов(£20 миллион бағасына), Жером Боатенг(£11 миллион бағасына), Яя Туре(£26,4 миллион бағасына), Джеймс Милнер(£19,3 миллион бағасына), Давид Сильва(£25,3 миллион бағасына) және сол кездердің нәтижелі шабуылшыларының бірі болған Марио Балотелли(£26 миллион бағасына) келіп қатар толықты. «Сити» осы жылы өзінің қорғаушысы Силвиньомен қоштасты, өйткені ол өзінің ойыншы мансабын аяқтады. Және Хавьером Гарридо, жартылай қорғаушылар Мартин Петров және де Стивен Айрленд, шабуылшылар Бенджани Мварувари, «Миланға» кеткен Робиньо атты ойыншыларымен қош айтысты.

«Манчестер Сити» қыстық трансферлік терезеде көптеген футболшыны жалға жіберуі керек болды. Бұлардың қатарынад: Роке Санта Крус, Давид Гонсалес, Уэйн Бридж және Эммануэль Адебайор, «Реал Мадрид» клубына кетті.

«Манчестер Сити» жағдайы күрт күшейе түсті. Қыста «қалалықтар» Босния және Герецеговинаның нәтижелі шабуылшысы Эдин Джекомен келісім-шартқа келді(£27 миллион бағасына). Жаңағы трансферлердің барлық бағасын қоса түскенде, шейх Мансур £1 миллиард көлемінде қаржы жіберген(бапкер мен ойыншылардың жалақысын қосқанда).[57]

2011 жылдың 17 наурызында «Манчестер Сити» Еуропа Лигасының 1/8 финалында киевтік Динамоға жол берді (қонақта 0:2 ұтылып, өз алаңында 0:1 ұтылып). 11 мамырда «Тоттенхэм» клубын минималды есеппен жеңіп 1968/99 жылдардан бері алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама алды. «Тоттенхэммен» өткен ойыннан кейін Манчини:

«Бүкіл команданы жеңіспен құттықтаймын. Осы маусымда жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Алдымызда әлі екі ойын бар, және бұл Ситиді үшінші орынға апарады деп үміттенемін. Бұл мен үшін ең маңызды да әсерлі сәттердің бірі. Біз бұл маусымда көп еңбек еттік және мен Манчестер Сити жанкүйерлерін құттықтаймын. Мүмкін емес ешнәрсе жоқ, және біз Арсенал клубын артта қалдырамыз деп үміттенемін»

© Роберто Манчини

Сонан соң, Манчинидің арманы орындалған болатын. «Сити» екі ойында алты ұпай алып, 22 мамыр күні «Манчестер Сити» Англия Премьер-Лигасында күміс жүлдегер атанған, лондондық «Челсимен» бірдей ұпай жинады, бірақта голдар айырмашылығымен «Манчестер Сити» үшінші орынға жайғасты. Және бұл нәтиже квалификациялық жарыссыз, тікелей УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл жүлдемен қоса, ең үздік бомбардир атанған «Сити» ойыншысы Карлос Тевес «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Димитр Бербатовпен бірдей атанды. «Манчестер Сити» қақпашысы — Джо Харт, «Алтын қолғап» атағын жеңіп алды. Англия қақпашысы 17 ойын өз қақпасына гол жібермеген. «Манчестер Сити» үшін сол кезде Англия Кубогын «Сток Ситиден» жеңіп алу үлкен нәтиже болды. Бұл жүлдені 1976 жылдан бері алғаш рет жеңіп отыр. Роберто Манчини ойыннан кейін:

«Тек бірнәрсе айта аламын, мен өз жанкүйерлерім үшін ризамын. Көп жылдар бері, бұл кубокты жеңе алмай келдік. Біз бүгін жақсы қорғандық деп айта алмаймын. Бізге әлі де күшею қажет, бірақ бұған қарамастан, біз өте бақыттымыз. Біз Манчестер Ситидың жаңа тарихын бастадық. Бұл әлі басы ғана»

© Роберто Манчини

2010/11 маусымы аяқталғаннан кейін Роберто Манчини БАӘ-де клуб басшысы Халдун әл-Мүбәрәкпен кездесті. Кездесуде итальяндық маман мен араб бизнесмені арасында, бюджетке көп қаржы бөлінетіні шешілді.

2011 жылы жазда екі атақты ойыншы «Сити» қатарына қосылды. Бұлар — Самир Насри және Серхио Агуэро. Серхио Агуэро — «Манчестер Ситиге» £38 миллион бағасына келіп, «Сити» тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды. Бұлармен қоса «Сити» сабына, Гаэль Клиши мен Стеван Савич және Оуэн Харгривзте қосылды, румындық қақпашы Костел Пантилимион «Тимишоара» клубына жалға алынды, бірақ кейіннен толықтай сатып алынды. Сол жылы командадан, Патрик Виейра ойыншы мансабын аяқтап, кейін клуб штабына кірді. 2013 жылдың мамырында «Манчестер Сити» жас ойыншыларының командасын басқара бастады. Эммануэль Адебайор қайта басқа клубқа жалға кетті. Және де Шей Гивен, Жо, Крейг Беллами, Шон Райт-Филипс, Жером Боатенг, Фелипе Кайседо және тағы да басқа жас футболшылар клубтан кетті.

2011 жылдың шілдесінде, клубтың ресми демеушісі Etihad Airways шешімімен «Сити оф Манчестер» атауы «Этихад Стэдиум» деп өзгертілді. Etihad Airways пен «Манчестер Сити» он жылға серіктестік келісім-шартқа қол қойылды. Бұдан басқа Etihad Airways таңбасы, «Сити» жарнамаларында, ойын алаңының сыртында, шығыс Манчестерге Etihad Campus дүкенін салуға, және клуб жейдесінде белгіленетін болады. Кейбір мағлұматтарға сүйенсек, ойын алаңының атауын өзгерту £120 миллион бағасына шаққан.

«Этихад Стэдиумдегі» алғашқы матчта «Сити» өзінің көршілесі «Манчестер Юнайтедпен» кездесіп, бірінші таймда 2:0 есебімен жеңіп келіп, кейін 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ «Сити» Премьер-Лигада сәтті бастады. 14 ойында 12 рет жеңіске жетіп, қалған екі «Фулхэм» мен «Ливерпуль» клубтарымен тең ойнады. 9 турда «Манчестер Сити» өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтедті 6:1[58] есебімен ойсырата жеңіп, «Сити» үшін «Олд Траффордтағы» 56 жылдан бергі алғашқы ірі есепті тіркеді.[59] Ойсырата жеңген ойыннан кейін Роберто Манчини:

«Маусым өте ұзақ, және біз әрбір үш күн сайын ойын көрсетеміз, сондықтан әрбір ойын бара-бара қиындай бастайды. Біз Тоттенхэм және Болтон клубтарына қарсы жақсы нәтиже көрсеттік, бірақ мен бұл ойынды аса ерекше деп белгілеймін — біз Манчестер Юнайтед атты алпауыт клубты жеңдік. Бірақ біз бұл ойында тек үш ұпай алдық қой — ал алты голға келсек, бізге сол алты гол үшін ешкім алты ұпай бермейді. Бұл жәй ғана ойын, және мен, Манчестер Юнайтед әлі де бізден мықтырақ деп ойлаймын. Біз олардан мықты болуымыз үшін, Премьер-Лиганы жеңіп алуымыз керек. Сонда ғана барлығы өзгере бастайды деп сенемін, бірақ әзірше Манчестер Юнайтед бізден әлдеқайда мықтырақ. Әрине, мен Манчестер Юнайтед клубын ойсырата жеңгенімізге қуаныштымын. Барлық команда Олд Траффордта жеңе бермейді, сондықтан бұл ойын біз үшін маңызды да есте қалатын ойын — бастысы ірі нәтиже емес, бастысы біз олардың алаңында жеңіс таптық. Бұл матч жанкүйерлеріміз үшін тарихи матч. Голдар тек біздің алға шығуымызға және лигада көмек көрсете алады. Мен үш ұпайды алғанымызға қуаныштымын, бірақ, бізге әлдеқайда мықтырақ болуымыз үшін, және кестенің алғашқы орындарында қалуымыз үшін, бізге тынбай еңбек етуіміз керек, сонда ғана біз күшейе түсеміз»

© Роберто Манчини

Футбол лигасындағы «Ситидің» жыл сайынғы орындарының кестесі

«Сити» үшін алғашқы жеңіліс он бесінші турда тіркелді. 2011 жылдың 12 желтоқсанында Андре Виллаш-Боаштың командасы «Челсиден» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші голды екінші минутта Марио Балотелли салғанымен, кейін «Челси» екі голмен жауап қайтарып «Ситиден» басым түсті.[60]

«Челсиден» жеңілгеннен кейін, «Сити» УЕФА Чемпиондар Лигасында сәтсіздікке ұшырады. Топтық кезеңінде «Бавария» клубын 2:0 есебімен жеңгенімен[61], «Сити» «Бавария» мен «Наполиден» кейін үшінші орынға ие болып, регламент бойынша, Еуропа Лигасына кетіп қалды.

Еуропа Лигасының 1/16 финалында, португалиялық «Портумен» кездесіп, қонақта 2:1 есебімен жеңіп, ал өз алаңында 4:0 есебімен артта қалдырды. Кейін, 1/8 финалда басқа португалиялық клуб «Спортингпен» кездесіп, қонақта 0:1[62] есебімен жеңілді. Ал, өз алаңында 3:2 есебімен жеңгенімен келесі кезеңге өте алмады. Өйткені, ереже бойынша, өз алаңында гол өткізбеген клуб қана келесі кезеңге жолдама ала алады.

Ойыннан кейін «Спортинг» бас бапкері Са Пинту айтуынан[63]:

«Манчестер Сити құрамы өте мықты, бұл клубтың әрбір ойыншысы нәтижелі болып келеді. Бірақ Спортинг үлкен сенім мен және тынбай еңбек еткеніне орай жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.»

© Са Пинту

Серхио Агуэро, 2011/12-дегі чемпиондығында

Ел кубоктарында, «Сити» жақсы нәтиже көрсете алмады. Бірінші кубокта, 1/32 финалында өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтедтен» 3:2 есебімен жеңіліп, ары қарай жалғастыра алмады[64]. Ал екінші кубокта, әрине, Лига Кубогында, жартылай финалға дейін барып, «Ливерпуль» футбол клубынан өте алмады(қонақта 0:1 есебімен жеңілсе, өз алаңында 2:2 есебімен тең нәтиже көрсетті).

Ал Премьер-Лигада ұзақ уақыт бойы алғашқы орынды бермей келе жатты, бірақ кейін «Суонси Ситиден» минималды есеппен жеңіліп, «Манчестер Юнайтедті» алдына жіберіп алды. Келесі турда «Челсиге» қарсы ойында 2:1 есебімен жеңді. Кейін «Сити», «Сток Сити» және «Сандерленд» клубтарымен тең ойын көрсетті, ал 8 сәуірде лондондық «Арсеналға» 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Бұл сәтсіздіктерден кейін «Манчестер Юнайтед» 8 ұпаймен алға ұзап кеткен болатын. Бірақ «Сити», қуанышқа орай, алты ойын қатарынан жеңіске жетті, ішінде алғашқы орында тұрған «Манчестер Юнайтедте» болды. Соңғы турға келгенде «Манчестер Сити», өзінің көршілес клубынан екі ұпай алға ұзады.Соңғы ойын «Куинз Парк Рейнджерске» қарсы ойын болатын. Бұл ойынның бірінші таймында «Сити» 1:2 есебімен жеңіліп жатты. Бірақ соңғы минуттардағы, Эдин Джеко мен Серхио Агуэро салған голдар, тарихты шыр айналдырды. Бұл голдардан кейн «Сити» «Куинз Парк Рейнджерстен» 1:2 жеңіліп жатып, 3:2 есебімен алға шығып кетіп, бұны қоя тұрғанда кесте «Манчестер Юнайтедті» артта қалдырып 89 ұпаймен, 44 жылдан бергі алғашқы Англия біріншілігін жеңіп алды. Үздік ойыншы болып — Венсан Компани атанды. Клуб басшысы Халдун әл-Мүбәрәк кейіннен, өз пікірін білдірді[65]:

Команда капитаны Венсан Компани АПЛ кубогымен

«Жанкүйерлер бұл сәтті 44 жыл күтті, міне, 44 жылдан кейін алғашқы ел біріншілігінің чемпионы болдық, клуб кезінде жүлдесіз болды, жүлдеге қол жеткізе алмай жүрді. Кезіндегі «Сити» дымға қауқарсыз болған болатын. Енді бұл қауқарсыз «Ситиді» ұмытайық, бұрынғы нәрсе өтті де кетті. Енді көзімізді ашып, жаңа тарихтың бетін жазып бастайық. Бұл жүлде соңғы емес, әлі біз көптеген шыңдарды, бірге бағындыратын боламыз

© Халдун әл-Мүбәрәк

2012 жылдың басында Роберто Манчини «Манчестер Сити» клубымен, бес жылға келісім-шартқа отырғаны белгілі болды. Кейіннен, бұл итальяндық маманның жалақысы да белгілі. Жылдық жалақысы £7 миллионды құрады. Бұның алдында, Роберто Манчини Ресей футбол құрамасының бапкері болуы мүмкін деген ақпараттар да шықты.

2012 жылдың мамыр айында, уэльстік Гарет Бейлді және белгиялық футболды Эден Азарды, сонымен қатар Премьер-Лиганың 2011/12 маусымында, лондондық «Арсенал» сабында үздік бомбардир атанған Робин ван Персиді өз қатарларына қосу мүмкін болған. Бірақ, Гарет Бейл «Тоттенхэм» клубымен келісім-шартын ұзартса, Эден Азар «Челси» сабына қосылды, ал Робин ван Перси, өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтед» клубына қосылған болатын. «Манчестер Сити» бұлардың орнына, қақпашы Ричард Райтты өз қатарларына қосты. Және де бұнымес қоса, қорғаушы Матия Настасич пен Майконды, «Бенфика» клубының қорғаушысы Хави Гарсияны, «Эвертон» клубынан Джек Родуэллді, «Суонсидің» шабуылшысы Скотт Синклерді өз саптарына қоса алды. «Барселона» футбол клубының бұрынғы топ-менеджері Феррано Сориано, «Ситидің» директоры болды. Клуб қатарынан, Грег Каннингем, Стефан Савич, Ахмед Бенали, Гай Ассулин, Владимир Вайсс, Адам Джонсон, Найджел де Йонг және де Эммануэль Адебайор басқа клубқа кетті, ал Уэйн Бридж, Дедрик Боята, Мұхаммед Әбу, Омар Элабделлауи, Гарри Банн және Роке Санта Круз жалға кетті. Стюарт Тейлор мен Оуэн Харгривз тегін агент атанды.

2012 жылдың 12 тамызында, «Манчестер Сити» «Челси» клубын 3:2 есебімен ұтып, Англия Суперкубогын жеңіп алды. Бірінші болып, голды «Челси» қатарынан Фернандо Торрес салып, командасын алға шығарса, екінші таймда «Сити» қатарынан Яя Туре, Карлос Тевес және Самир Насри көзге көрініп команданы 3:1 есебімен алға шығара алды, ойын соңына қарай «Челси» есепті қысқарта алды, бірақ соңы жеңіс «Сити» қарамағында қалып, «Қалалықтар» кубок иегері атанды.

2012/13 маусымының басында, букмекерлік конторлар «Манчестер Ситиді» Премьер-Лига чемпионы болуға басты үміткер атады[66], бірақ «Манчестер Сити» бас бапкері Роберто Манчини, өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтедті» басты үміткер атады.[67]

2012/13 маусымының күзінде «Манчестер Сити» сәтсіздіктерге жолықты. 2012 жылдың 25 қырқүйегінде Лига Кубогының 1/16 финалында «Манчестер Сити» «Астон Вилла» клубынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды[68]. УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде 3 рет жеңіліс тауып және 3 рет тең нәтиже көрсетіп, жақсырақ нәтиже көрсете алмай, «Боруссия Дортмунд», «Реал Мадрид» және амстердамдық «Аякс» клубтарынан кейін, 3 ұпаймен, соңғы орын алып, жарыспен қоштасты[69]. Премьер-Лигадағы алғашқы жеңілісін, 2012 жылдың 9 желтоқсанында өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтедпен» кездескенде 2:3 есебімен жеңіліп, сол кезде тапты. Сол кезден кейін, «Манчестер Сити» 9 жеңіс, 6 тең ойын және 1 жеңіліспен екінші орынға тұрақтады. Сол жеңілістен кейін, 26 желтоқсанда, «Сандерлендтен» 0:1 есебімен жеңіліп, екінші жеңілісін алды. Осыдан кейін «Сити» жеңілмей, 2013 жылдың 13 қаңтарында, лондондық «Арсеналды» 2:0 есебімен жеңіп, жеңіс сериясын бастады. Қыстық трансферде, Гуннар Нильсен[70], Майкл Джонсон, және «Милан» клубына €20 миллион бағасына Марио Балотелли атты үш ойыншы команда қатарынан кетті.

Марио Балотелли, «Сити» сабында

2012/13 маусымның екінші бөлігінде «Сити» 4-ақ жеңіліс алып, өзінің көршілестері «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен жеңіп, өш бере алса да, «Сити» «Манчестер Юнайтедтен» 11 ұпайға қалып қойып, Англия Премьер-Лигасының екінші орынында аяқтады. Бұдан басқа, «Сити» Лига Кубогында «Челсиді» жартылай финалда артта қалдыра алса да, шешуші кезеңде «Уиган Атлетик» клубынан 1:0 есебімен жеңіліп, кубок иегері атана алмады. Соңында, «Сити» 2012/13 маусымында бірде-бір жүлде ала алмай, дымсыз қалды. Бұдан кейін, Роберто Манчиниді бапкерлік орнынан босатуға тура келді. Итальяндық маман орнына өзінің ассистенті Брайан Киддті уақытша қоя тұрды. Роберто Манчини кеткеннен кейін, жолақ алып, ол жолаққа «Манчестер Сити» жанкүйерлерімен қоштасу үшін: «Үш ұмытылмас жыл..Сау бол!» деп жазып, қоштасуын білдіріп кетті. Кейін «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон, итальяндық маманның жұмысынан босатқанына қарсылығын, мынадай пікірмен білдірді:

«Манчиниді жұмысынан босатпауға да болар еді.Өйткені, команданы УЕФА Чемпиондар Лигасына шығарды, ел біріншілігінде екінші орынды алып берді, ал алдыңғы жылы Ситиді ел біріншілігінде чемпион қылып және Англия Кубогын алып, бір емес, екі жүлде алып берді. Мен бұл итальяндық маманды жұмысынан кеткеніне басында таңғалдым, бірақ кейбір басшыларының сөзіне сүйенсек, барлығы дұрыс деп ойлаймын. Ал былай, Манчини бұндай түрмен клубтан кеткені дұрыс емес деп ойлаймын»

© сэр Алекс Фергюсон

Кейіннен, клуб директор Феррано Сориано да пікірін білдірді:

«Келесі маусым осы маусымнан да сәттірек болады деп ойлаймын. Қазір жоспарласақ, біз осы алдыңғы бес жылда бес трофей ұтуымыз да мүмкін. Келесі маусымда, біз ешқандай жүлде ала алмай, кейін, лезде екі жүлде алуымыз да әбден мүмкін»

© Феррано Сориано

Мануэль Пеллегрини

2013 жылдың 14 маусымында, «Сити» «Малаганың» тренері, чилилік маман Мануэль Пеллегриниді өздерінің бас бапкері қылды[71]. Ағылшындық БАҚ-тарға сенсек, «Сити» чилилік маманмен үш жылға келісім-шартқа отырып, жалақысы жылына £3,4 миллион бағасында болды. Жаңа бапкер келісімен, «Сити» жаздық трансферде жақсы ойыншылар ала білді, және команда қатарынан Райан Макгиверн, Жереми Элан, Майкон, Коло Туре және Уэйн Бридж атты ойыншылар кетті. Карим Рекик, Гарет Барри, Абдул Разак басқа клубқа жалға кетті. Бұлармен қоса, командадан, Мұхаммед Әбу мен Скотт Синклерде кетіп қалды. Ал Тевес «Ювентус» клубына €9 миллион бағасына кетсе, Роке Санта Круз бен Роберто Манчинидің ұлы Филиппо тегін агент атанды. Сол жаздық трансферде, «Сити» қатарына 32-жастағы «Атлетико» клубының орталық қорғаушысы Мартин Демикелис және украиндық клуб «Шахтер» қатарынан Фернандиньо және де €25 миллион бағасына Стеван Йоветич, испандықтар Хесус Навас пен Альваро Негредо толықты.

Мануэль Пеллегрини өз маусымын, орталықафрикадағы жарыстағы екі жеңіліспен бастады. (2013 жылдың 14 шілде күні «Суперспорт Юнайтед» клубынан 2:0 есебімен жеңілсе, кейін 18 шілде күні «АмаЗулу» клубынан 2:1 есебімен жеңілді). Бірақ бұл жарыста, «Ситиге» Пеллегрини бапкер болған жоқ, ол белгісіз жұмыстарымымен Чилиге кеткен болатын. Бапкерлік орнын өзінің көмекшілері ала тұрды[72].

Чилилік маман «Ситиде» жүлделік жолын — Barclays Asia Trophy атты бейресми жүлдесін 27 шілде күні Гонконгте жеңіп алды. Полуфиналда «Саут Чайн» клубына қарсы ойнап, артта қалдырса, финалда «Сандерленд» клубын минималды есеппен жеңіп, өзінің алғашқы жүлдесін қолына алды. Екі ойында да Эдин Джеко көзге түсе алды[73].

Жаздың соңына қарай, «Сити», Мюнхен қаласында өткен, Audi Cup атты жарысқа қатысты. Ол жарыста, «Манчестер Сити» «Милан» командасына бірінші таймның өзінде, 5:0 есебімен ойсырата ұтып жатты, бірақ итальяндық клубта, қарап қалмай, бірінші таймның соңына дейін үш гол салып, ойынның тағдырын бірінші таймда шешіп тастады. Бұл ойында, «Сити» сабынан, Давид Сильва, Майка Ричардс, Александар Коларов және Эдин Джеко екі гол салып, ірі есеппен жеңуге ат салысты. 5:3 есебімен, «Миланды» артта қалдырып, Audi Cup жарысының финалына шықты. Бірақ финалдық ойында, жарыс мекенінің иесі, мюнхендік «Бавариядан» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. «Сити» сабынан жалғыз голды, 61-інші минутта испандық Альваро Негредо салды.

Чилилік бапкер Пеллегрини 19 тамыз күні «Ньюкасл» клубына қарсы, Англия Премьер-Лигасының бірінші турында өзінің ресми ойынын өткізді. Ол ойында, Давид Сильва ойынның басында(6-ыншы минутта) лезде гол сала білді. Кейін 20-сыншы минуттарда Серхио Агуэро есеп айырмасын ұзарта алды. Кейінірек, екінші таймда, Яя Туре мен Самир Насри бір-бір голдан салып, 4:0 есебімен доп айырмасын күшейтті. Ірі есептен кейін, Пеллегрини:

«Мен, бұл ойында жеңгенімізге өте қуаныштымын. Қуаныш, тек жеңістерді емес, команданы күшейтуді де шақыртады. Біз үшін, бұл екі жағдайда маңыздырақ. Ойыншылар бұл ойында, қалағанынша гол салды. Біз гол сала қоймай, қорғаныс жағынан да жақсы болдық, ал бұл біз үшін өте жақсы нәтиже»

© Мануэль Пеллегрини

Бұл жеңістен кейінгі ойында, «Сити» жақсы нәтиже көрсете алмады. 25 тамызда Англия Премьер-Лигасының екінші турында, жоғарғы лигаға жаңадан келген, «Кардифф Сити» клубына 2:3 есебімен есе жіберіп алды. Бұл ойында, «Сити» жеңіс үшін таласпағандай болды. Өйткені, ойын соңына дейін 3:1 есебімен жеңіліп жатты. Кейін, ойын соңына қарай, Альваро Негредо доп айырмасын қысқарта алғанымен, есеп жағынан алға шығара алмады.[74]

Англия Премьер-Лигасының бесінші турында, «Сити», «манчестерлік дербиде», алдыңғы ойындағы тең нәтижеге қарамастан, өзінің көршілесін 4:1 есебімен жеңіп, кестеде төртінші орынға тұрақтады. Серхио Агуэро екі гол алып, Яя Туре мен Самир Насри бір-бір голдан салды, және 87-інші минутқа қарай, Уэйн Руни есепті үш доп айырмасына қысқарта алды.[75]

Мануэль Пеллегрини, УЕФА Чемпиондар Лигасында, «Бавария», «ЦСКА», «Виктория Пльзень» клубтарымен бір топқа түсті. Бұл топта, «Сити», өзінің алғашқы ойынын чехиялық клубты 3:0 есебімен жеңіп, жақсы нәтижемен аяқтады. Бірақ, келесі ойында мюнхендік клуб «Баварияға» 3:1 есебімен есе жіберіп алды. «Сити» сабынан жалғыз голды, 79-ыншы минутта Серхио Агуэро салып екі доп айырмасына қысқартқан болатын. Үшінші команда, «ЦСКА» клубымен ойындары, екі ойында да «Сити» мәскеулік клубты жеңе алды. Бірінші ойында, мәскеулік клуб сабынан Зоран Тошич ойын басында «ЦСКА» клубын алға шығарған болатын, бірақ кейінірек, Серхио Агуэро есепті теңестіре алды. 42-інші минутқа қарай, тағы да Серхио Агуэро, ағылшындық клубты алға шығарып, ойын тағдырын бірінші таймда шешіп тастады. Кейін, «Сити» өз алаңында, «ЦСКА» клубын 5:2 есебімен жеңіп алды. Ойында, Альваро Негредо үш гол салып, Серхио Агуэро екі гол салды. Мәскеулік клубтан, Сейду Думбия екі гол салды.

Осы ойындардан 2 жылдан кейін, 2016 жылдың 15 наурызында, Мануэль Пеллегрини, 1/8 финалда киевтік клуб «Динамомен» арпалыса алып, манчестерлік клубты, тарихында алғашқы рет ширек-финалға шығарған болатын. Кейін, ширек-финалда париждік «Пари Сен-Жермен» клубымен қонақта 0:0 есебімен нәтижені тең ұстап, өз алаңында 1:0 есебімен Кевин Де Брюйне алға шығарып, сенсациялық оқиғаларды көбейтіп, өз тарихында бірінші рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шықты. Бірақ жартылай финалда, «Реал Мадрид» клубынан, қонақта 1:0 есебімен жеңіліп, өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнап, финалдық ойынға шыға алмаған болатын. 2016 жылдың 1 ақпанында «Манчестер Сити» өзінің болашақ бапкерін, уақытынан ерте таныстырды.[76] Манчестерлік клубтың жаңа бапкері болып — Хосеп Гвардиола атанды. Хосеп Гвардиола «Манчестер Сити» клубымен, жылына €20 миллион жалақысымен, үш жылға келісім-шартқа отырды. Және бұл бапкер, «Манчестер Ситиге» келіп, әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкерлердің көшін бастады.Ол өзінің бейресми және алғашқы ойынын, 20 шілде күні өзінің, бұның алдында жаттықтырған клубы «Баварияға» бастады. Бұл ойында «Сити» мюнхендік клубтан 1:0 есебімен жеңілген болатын.

Манчестер Сити 2014 жылы «Манчестер Сити» стадионына іргелес орналасқан Etihad кампусындағы жаңа кешеніне көшті

Ең алғашқы ресми ойынын, 2016 жылдың 13 тамызында Англия Премьер-Лигасының бірінші турында, «Сандерленд» клубына қарсы бастаған болатын. Бұл ойынын 2:1 есебін жеңіп, «Манчестер Ситиді» жаттықтырып бастағаннан бері алғашқы жеңісін алған болатын. Ойында, Серхио Агуэро 4-інші минутта гол соғып есеп айырмасын бір голға көбейтті. Кейіннен, қарсыластар сабынан Джермейн Дефо гол соғып есепті теңестірген болатын. Ойын соңына қарай, 87-інші минутта «Манчестер Юнайтед» клубынан, «Сандерлендке» жалға келген Патрик Макнейр қателесіп, өз жағына(автогол) гол салдырып алды. Содан «Ситидің» жолы болып, жеңісті іліп әкеткен еді.

10 қыркүйек күні, «манчестерлік дерби» ойынында, «Олд Траффорд» алаңында Хосеп Гвардиоланың командасы, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 15-інші минутта Кевин Де Брюйне бірінші голды соғып, есепті ашқан болатын. Кейін, 20 минуттан кейін, 36-ыншы минутта, «Ситиден» шыққан шәкірт Келечи Ихеаначо есепті ұлғайта алды. Бірақ, 42-інші минутта Златан Ибрагимович гол соғып есепті бір гол айырмасына қысқартты. Бұдан кейін, көптеген мүмкіндіктер болғанымен, есеп осы күйінде қалды.

УЕФА Чемпиондар Лигасында, квалификациялық жарыстың төртінші кезеңінде, «Стяуа» клубымен бастап, бұл румындық клубты бірінші ойында, 5:0 есебімен ұтып, бір марқайып алған болатын. Екінші ойында, «Сити» өз алаңында қабылдап, 1:0 есебімен жеңіп топтық кезеңге шықты.Топтық кезеңде «Манчестер Сити», «Селтик», «Барселона» және менхенгладбахтық «Боруссиямен» бірге бір топқа түсті. Топта, алғашқы ойынын менхенгладбахтық «Боруссиямен» бастап, бұл немістік клубты 4:0 есебімен жеңген еді. Бұл ойында, Серхио Агуэро екі гол салып, Рахим Стерлинг пен Келечи Ихеаначо бір-бір голдан салып, «Барселона» клубының артынан ілескен болатын. Кейін, «Барселона» клубымен кездесіп, «Камп Ноу» алаңында 4:0 есебімен ұтылғанымен, өз алаңында 3:1 есебімен жеңді. Ал «Селтик» клубымен, өз алаңында да, қонақта да тең нәтижемен қайтты. Өз алаңында 1:1 есебімен аяқтаса, қонақта 3:3 есебімен теңесіп қалды. 2016 жылдың 12 желтоқсанында, Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиді» үш жыл қатарынан, 1/8 финалына шығарды. 1/8 финалда «Манчестер Ситидің» қарсыласы «Монако» болды. 2017 жылдың 21 ақпанында, «Манчестер Сити» «Монако» клубын, 5:3 есебімен ұтып, УЕФА Чемпиондар Лигасының ең нәтижелі бірінші ойыны болды. 26-ыншы минутта Рахим Стерлинг есеп ашты, кейін Радамель Фалькао мен Киллиан Мбаппе есепті 1:2 қылып, алға шығарды. Екінші таймның 58-інші минутында Серхио Агуэро есепті теңестірді, бірақ кейіннен бес минуттан Радамель Фалькао гол салып, есепті 2:3 қылып, ойынды қыздырған болатын. Уақыт өте келе «Сити» ойыншылары қарап қалмай, он минут ішінде есепті 5:3 қылды. Ат салысқандар болып, Серхио Агуэро, Джон Стоунз және Лерой Сане атанды. Бұдан кейін, жауапты матч «Манчестер Сити», француздық клубтан 3:1 есебімен жеңіліп қалып, келесі кезеңге шыға алмады. «Сити» қатарынан жалғыз голды Лерой Сане салды.

Манчестер Сити клубының автобусы

23 сәуір күні, Англия Кубогының жартылай финалында «Сити» «Арсенал» клубына қарсы ойнады. «Манчестер Ситиді» 62-інші минутта Серхио Агуэро алға шығарғанымен, 71-інші минутта Начо Монреаль есепті теңестіріп, ойын соңында қосымша таймдар ойнатуға тура қылды. 101-інші минутта, Алексис Санчес «Арсеналды» алға шығарып, финалдық ойынға жолдама алып берді. Осымен, «Сити» жүлделерге деген мүмкіндерден айырылып қалды.

Хосеп Гвардиола 2016/17 маусымында, 21 мамырда «Уотфорд» клубын 5:0 есебімен жеңіп, «Манчестер Ситимен» Англия Премьер-Лигасының кестесінде, үшінші орында аяқтады. Кевин де Брюйне — 18 голдық паспен, ең көп голдық пас берген ойыншы атанды. «Манчестер Сити» командасы 2017/18 маусымында 18 ойын қатарынан жеңіліс таппай, Англия Премьер-лигасының рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд «Арсенал» командасының қойнында болатын. Олар 2003/04 маусымында 13 ойын қатарынан жеңіс тауып рекорд қойған болатын.

Серхио Агуэро, 2017/18 маусымында, 181 голмен «Манчестер Сити» тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұған дейінгі үздік бомбардир атағын иемденген — Эрик Брук. Ол «Сити» сабында 177 гол салған еді.

2021 жылдың 19 сәуірінде 12 еуропалық клубтың арасында Манчестер Ситидің Еуропа Суперлигасының негізін қалаушы болғаны жарияланды. Бірақ спорт шенеуніктері мен жанкүйерлердің наразылығына байланысты, келесі күні Манчестер Сити ресми түрде Еуропа Суперлигасынан шығатынын жариялады.

2020/21 маусымында «Манчестер Сити» Чемпиондар Лигасы финалына тарихында алғаш рет шығып, өзінің жерлестері «Челси» футбол клубымен ойнады. Бірақ өкінішке орай, Порту қаласындағы «Драган» алаңында жерлестеріне 0:1 есебімен есе жіберді.[77].

Der Spiegel журналының 2022 жылдың сәуіріндегі қосымша есебінде, сыртқа шығып кеткен ішкі құжаттарға сүйене отырып, Абу-Даби иелері бұрын клубқа Etihad және Etisalat сияқты әмірлік компаниялары демеушілік төлемдер ретінде жасырын төлемдер жасаған (клуб сәтті қорғады деген талап)  2020 жылы CAS);  Шейх Мансурдың Абу-Даби Юнайтед тобы (ADUG) кәмелетке толмаған ойыншылардың клубпен келісім шартқа отыруы үшін жанама түрде төлеген;  және клуб Роберто Манчини мен Мансурдың «Аль-Джазира» клубы арасындағы жалған келісім-шартты бұрынғы менеджерге жалақысына қосымша үлкен өтемақы төлеу үшін пайдаланды деген болжам бар. Ол сондай-ақ осы үш істің соңғы үш жыл ішінде Премьер-Лиганың тергеуінде болғанын мәлімдеді. Жауап ретінде клуб бұл мәлімдемелерді шындыққа жанаспайды және клубтың беделі мен тұтастығына нұқсан келтіру әрекеті ретінде жоққа шығарды.

«Сити» «Ливерпульмен» тағы бір жақын титулдық жарыстан кейін 2021–22 жылдары өзінің лига титулын қайтадан сақтап қалды; бес маусымда төрт рет Премьер-лига жеңімпазы атанды. «Ситидің» тағы бір жағдайында соңғы екі ойында төрт ұпай қажет болған Сити екі ойында да екі гол айырмашылығымен артта қалды, тек сыртта «Вест Хэммен» 2-2 тең ойынға және 3-2 есебімен жеңіске жетті. Маусымның соңғы шешуші ойыны өз үйінде «Астон Виллаға» қарсы ойындағы салынған соңғы үш голдың барлығы 76-шы және 81-ші минуттар арасындағы бес минуттық блицте «Этихад» стадионында 1999 жылғы плей-офф финалында Джиллингхэмге қарсы және 2011-12 маусымының тарихты ойынның соңғы минутында өзгерте білген Премьер-Лигадағы атақты жеңісімен қатар жүретін сәттерде соғылды.

2022 жылдың қысқы және жазғы трансфер маусымында негізгі ойыншылардан Англияның қазіргі чемпионы ешкімді жоғалтпады. Ия,«Манчестер Ситиден» «Атлетико Паранаэнсқа» ауысқан Фернандиньо (еркін агент ретінде) кетті, бірақ оның орнына «қалалықтар» «Лидс Юнайтедтен» Калвин Филлипсті 50,00 миллион еуроға алды. Және «Боруссия Дортмунд» клубынан 60,00 еуро бағасына алынған Эрлинг Холланд келіп, «Сити» шабуылын қауіптірек қылды, әрі еселей түсті. Екеуінен басқа, тағы «Манчестер Сити» Арминиядан Штефан Ортега Морено атты қақпашыны тегін алды. Бұл қақпашы 29 жастағы қақпашы Закари Штеффенмен екінші нөмір болу құқығы үшін бәсекелесуге тырысады. Сондай-ақ, Хулиан Алварес қосылды. «Ривер Плейт» сабында 25 ойында 18 гол соққан 22 жастағы шабуылшыны «қалалықтар» қыста сатып алған болатын(€20,00 млн), бірақ артынша Ривер Плейт клубына жарты жылға кері жалға беріле тұрған болатын.

2022 жылдың жазғы трансфер маусымында Жезус пен Фернандиньодан басқа, тағы Олександр Зинченко(«Арсенал», €35,7 млн) мен Рахим Стерлинг(«Челси», €56,00 млн) өз клубтарын ауыстырған болатын.

Манчестер Ситидегі тұрақты бәсекелестік артықшылық дәуірі Fair Play (FFP) Қаржылық ережелерін бұзды деген айыптаулармен сәйкес келді. 2020 жылы Спорттық Төрелік Сот (CAS) УЕФА-ның клубқа қатысты санкциялары ақталмады деп шешіп, "Ситидің" Екі жылдық Еуропалық тыйымын жойды.[78] 2023 жылы Премьер-Лига Манчестер Ситиге тағылған айыптар бойынша өзінің тергеуін жариялап, клубты 2017/18 маусымына дейін FFP ережелерін 115 бұзды деп айыптады.[79]


«Манчестер Сити» 2023/24 маусымында 1992 жылдан бастап есептегенде, Англия футболының тарихында алғаш рет қатарынан төртінші рет Англия Премьер-Лигасын жеңіп алған алғашқы клуб болды. Осыған дейін «Манчестер Юнайтед» тек қана үш рет қатарынан жеңімпаз атанған болатын. Англиядағы 4-in-a-Row(қатарынан төрт рет) ұранын орындаған әзірше жалғыз клуб атанды.

Команданың негізгі түсі, жейдесі және логотипі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Манчестер Ситидің стадионы мен жейдесін Etihad Airways компаниясы 2009 жылдан бері демеушілік етеді

Манчестер Ситидің үй жейдесінің түсі көк және ақ. Қонақтағы жейде дәстүрлі түсі қызыл-қоңыр немесе (1960 жылдардан бастап) қызыл және қара болды;  дегенмен, соңғы жылдары бірнеше түстер қолданыла бастады.Клубтың үй жейдесінің түсінің шығу тегі анық емес, бірақ клубтың 1892 жылдан бері немесе одан да ертерек көгілдір түсті кигені туралы дәлелдер бар. 1940 жылдары шыққан «Әйгілі футбол клубтары – Манчестер Сити» атты кітабында Вест Гортонның (Сент-Маркс) бастапқыда қызыл және қара түсте ойнағанын көрсетеді және 1884 жылғы есептерде ақ крест бейнеленген қара жейде киген команда сипатталып, клубтың шығу тегі көрсетілген. Жиі қолданылатын қызыл және қара түсті жейде бұрынғы менеджер көмекшісі Малкольм Эллисоннан шыққан, ол Миланның түстерін қабылдау Ситиді даңққа шабыттандырады деп сенді. Эллисонның бұл теориясы қазіргі уақытта да жұмыс істейді, ағымдағы маусымда (2022/23) қайта іске аспақ ойда бар. «Сити» 1969 жылы Англия кубогының финалында, 1970 жылы Лига кубогының финалында және 1970 жылы Еуропа Кубогының Жеңімпаздары Кубогының финалында қызыл және қара жолақтарда жеңіске жетті.

Қала 2016 жылы қолданысқа енгізілген қазіргі төсбелгіне дейін көйлектеріне үш басқа белгіні тағып келген. Біріншісі, 1970 жылы енгізілген, 1960 жылдардың ортасынан бері клубтың ресми құжаттамасында қолданылған дизайнға негізделген.  Ол клубтың атауы бар шеңбердің ішінде ағымдағы белгі сияқты қалқанды (соның ішінде Манчестер қаласының гербіне негізделген кемені) пайдаланатын дөңгелек белгіден тұрды.  1972 жылы бұл қалқанның төменгі жартысын Ланкаширдің қызыл раушанымен ауыстырған вариациямен ауыстырылды.  1976 жылы қару-жарақ колледжі геральдикалық төсбелгіні Сити қолдануы үшін Ағылшын футбол лигасына берді.  Белгі қызыл раушанның үстіндегі таныс кемеден тұрды, бірақ қалқанның орнына дөңгелек құрылғыда («А roundel per fess lauzure және argent in a argent in a roundel per fess lazur және argent in a argent in a lazoned) үш діңгекті кеме желкендері ұшып бара жатқан немесе түбінде тікенді және тұқым себілген раушан гүлі бар.

«Манчестер Сити» ірі кубок финалында ойнаған жағдайларда, клуб ірі іс-шарада қаланы таныстырудың мақтаныш белгісі ретінде Манчестер қаласының қолының белгісі бар жейделерді киді.  Бұл тәжірибе ойыншылардың жейделерінде әдетте ешқандай белгі болмайтын уақыттан пайда болды. Содан бері клуб тәжірибеден бас тартты;  2011 жылғы Англия Кубогының финалында 21-ші ғасырда алғаш рет Сити арнайы аңызбен жазылған кәдімгі төсбелгіні пайдаланды, бірақ Манчестердің елтаңбасы ойыншылардың жейделерінің артқы жағындағы сандарға шағын монохромды логотип ретінде енгізілген.

«Манчестер Ситидің» 1997-2016 жылдар аралығындағы жейдесінде қолданылған төсбелгісі

1997 жылы клубтың жаңа төсбелгісі қабылданды, нәтижесінде бұрынғы белгі сауда белгісі ретінде тіркеуге жарамсыз болды. Бұл белгі Манчестер қаласының қолына негізделген және алтын бүркіттің алдындағы қалқаннан тұрды. Бүркіт — Манчестер қаласының ескі геральдикалық символы;  1958 жылы қаланың төс белгісіне алтын бүркіт қосылды (бірақ содан бері алынып тасталды), ол өсіп келе жатқан авиация саласын білдіреді.  Қалқанның жоғарғы жартысында Манчестер кеме каналын бейнелейтін кеме бар, ал төменгі жартысындағы үш қиғаш жолақ қаланың үш өзенін – Ирвелл, Ирк және Медлокты бейнелейді.  Төсбелгінің төменгі жағында латын тілінен аударғанда «Шайқастағы мақтаныш» деп аударылатын «Superbia in Proelio» ұраны бейнеленген.  Бүркіт пен қалқанның үстінде үш жұлдыз бар, бұл таза сәндік болып танылды.

2015 жылдың 15 қазанында, 1997 жылғы төсбелгінің дизайнына қатысты жанкүйерлер тарапынан бірнеше жылдар бойы сынға ұшырағаннан кейін, клуб клуб төсбелгісін елемеу және жаңа дизайнды енгізу туралы жанкүйерлермен кеңес өткізуге ниетті екенін жариялады. Консультациядан кейін клуб 2015 жылдың қараша айының аяғында клубтың ағымдағы төсбелгісі уақыт өте келе ескі, дөңгелек нұсқалар стилінде жасалған жаңа нұсқамен ауыстырылатынын хабарлады. Жаңа белгі болып табылатын дизайн 2015 жылдың 26 ​​желтоқсанында IPO арқылы ресми ашылуына екі күн қалғанда, дизайн 22 желтоқсанда сауда белгісі болған кезде байқаусызда ағып кетті. Жаңа дизайн 26 желтоқсанда Сандерлендке қарсы клубтың өз алаңындағы матчында ресми түрде таныстырылды.

Жейдені шығарушы компания және жейдедегі серіктестер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Уақыты ЖШ Жейдедегі серіктес (кеудедегі) Жейдедегі серіктес (жеңіндегі)
1974-1982 Umbro Серіктессіз Серіктессіз
1982-1984 Saab
1984-1987 Philips
1987-1997 Brother
1997-1999 Kappa
1999-2002 Le Coq Sportif Eidos
2002-2003 First Advice
2003-2004 Reebok
2004-2007 Thomas Cook
2007-2009 Le Coq Sportif
2009-2013 Umbro Etihad Airways
2013-2017 Nike
2017-2019 Nexen Tire
2019-2023. Puma
2023-қ.д. OKX
Жейде өндірушісі Жыл Келісілді Келісімшарт Құны Ескертпе
Le Coq Sportif 2007-2009 13 мамыр 2007 2007-2011 (4 жылға) Жылына шамамен £2,5 миллион[80] Umbro келісімшартымен ауыстырылды
Umbro 2009-2013 4 маусым 2009 2009-2019 (10 жылға) Жылына шамамен £2,5 миллион[81] Umbro келісімшарты 2013 жылы Nike бас компаниясына берілді
Nike 2013-2019 4 мамыр 2009 2013-2019 (6 жылға) Жылына шамамен £20 миллион[82]
Puma 2019-2029 28 ақпан 2019 2019-2029 (10 жылға) Жылына шамамен £65 миллион[83]

Негізгі құрам

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2024 жылдың 1 маусымына сәйкес
Ойыншы Азаматтығы Туған күні Бұрынғы клуб
Қақпашылар
13 Зак Штеффен АҚШ 2 сәуір 1995 АҚШ Коламбус Крю
18 Штефан Ортега Германия 6 қараша 1992 Германия Арминия
31 Эдерсон Бразилия 17 тамыз 1993 Португалия Бенфика
33 Карсон Скотт Англия 3 қыркүйек 1985 Англия Дерби Каунти
63 ван Сас Микки Нидерланд 29 ақпан 2004 клуб шәкірті
84 Киран Сликер Шотландия 15 қыркүйек 2002 клуб шәкірті
Қорғаушылар
2 Кайл Уокер Англия 28 мамыр 1990 Англия Тоттенхэм Хотспур
3 Рубен Диаш Португалия 14 мамыр 1997 Португалия Бенфика
5 Джон Стоунз Англия 28 мамыр 1994 Англия Эвертон
6 Натан Аке Нидерланд 18 ақпан 1995 Англия Борнмут
7 Жуан Канселу Португалия 27 мамыр 1994 Италия Ювентус
21 Серхио Гомес Испания 4 қыркүйек 2000 Бельгия Андерлехт
24 Йошко Гвардиол Хорватия 23 қаңтар 2002 Германия РБ Лейпциг
25 Мануел Аканжи Швейцария 19 шілде 1995 Германия Боруссия Дортмунд
78 Люк Мбете Англия 18 қыркүйек 2003 клуб шәкірті
88 Ричард Дионку Үлгі:Country data Сенегал 10 қазан 2001 клуб шәкірті
94 Финли Бернс Англия 17 маусым 2006 клуб шәкірті
98 Ян Коуту Бразилия 3 маусым 2002 Бразилия Коритиба
Ши Чарлз Солтүстік Ирландия 5 қараша 2003 клуб шәкірті
Жартылай қорғаушылар
4 Калвин Филлипс Англия 2 желтоқсан 1995 Англия Лидс Юнайтед
8 Матео Ковачич Хорватия 6 мамыр 1994 Англия Челси
10 Джек Грилиш Англия 10 қыркүйек 1995 Англия Астон Вилла
11 Жереми Доку Бельгия 27 мамыр 2002 Франция Ренн
16 Родри Испания 22 маусым 1996 Испания Атлетико Мадрид
17 Кевин де Брюйне Бельгия 28 маусым 1991 Германия Вольфсбург
20 Бернарду Силва Португалия 10 тамыз 1994 Франция Монако
22 Люк Болтон Англия 7 қазан 1999 клуб шәкірті
52 Оскар Бобб Норвегия 12 шілде 2003 клуб шәкірті
66 Икер Посо Испания 6 тамыз 2000 клуб шәкірті
69 Томас Дойл Англия 17 қазан 2001 клуб шәкірті
81 Клаудио Гомес Франция 23 шілде 2000 Франция Париж Сен-Жермен
87 Джеймс Макейти Англия 18 қазан 2002 клуб шәкірті
92 Мика Хамилтон Англия 13 қараша 2003 клуб шәкірті
Шабуылшылар
7 Каики Бразилия 11 маусым 2003 Бразилия Флуминенсе
9 Эрлинг Холланд Норвегия 21 шілде 2000 Германия Боруссия Дортмунд
11 Самуел Эдози Англия 28 қаңтар 2003 клуб шәкірті
19 Хулиан Алварес Аргентина 31 қаңтар 2000 Аргентина Ривер Плейт
27 Морган Роджерс Англия 26 шілде 2002 Англия Вест Бромвич
47 Фил Фоден Англия 28 мамыр 2000 клуб шәкірті
48 Лиам Делап Англия 8 ақпан 2003 клуб шәкірті

Жаңадан қосылғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лау. Ойыншы Ескі клубы Баға
Қ Хорватия Йошко Гвардиол Германия РБ Лейпциг 90,00

млн €

ОЖҚ Хорватия Матео Ковачич Англия Челси 38,00

млн €

ЖҚ Бельгия Жереми Доку Франция Ренн 28,00

млн €

Қ Португалия Жуан Канселу Германия Бавария

Қатардан кеткендер[84]

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лау. Ойыншы Жасы Жаңа клубы Баға
ЖҚ Англия Коул Палмер 22 Англия Челси 45,00

млн €|-

Қ Германия Аймерик Лапорт 29 Сауд Арабиясы Әл-Наср 25,00

млн €

ЖҚ Алжир Рияд Маһрез 32 Сауд Арабиясы Аль-Ахли 20,00

млн €

Қ Англия Джеймс Траффорд 22 Англия Бернли 19,00

млн €

ОЖҚ Германия Илкай Гүндоған 32 Испания Барселона тегін агент
Қ Франция Бенжамен Менди 28 ақпарат жоқ ақпарат жоқ

Директорлар кеңесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Команда төрағасы Халдун Әл Мубарак
Лауазымы Аты
Төрағасы Біріккен Араб Әмірліктері Халдун әл-Мүбәрәк
Директор Англия Саймон Пирс
Директор мүшесі Қытай Халық Республикасы Ли Руйган
Директор мүшесі АҚШ Марти Эдельман
Директор мүшесі Біріккен Араб Әмірліктері Мұхаммед әл-Мәзруи
Директор мүшесі Англия Джон Макбат
Директор мүшесі Италия Альберто Галасси

Корпоративтік басқарушылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лауазымы Аты
Атқарушы директоры Испания Феррано Сорриано
Коммерциялық директоры Америка Құрама Штаттары Том Глик
Спорттық директоры Испания Чики Бегиристайн
Операциялар департаментінің директоры Англия Джон Уильямс
Академияның директоры Англия Брайан Марвуд
City Football Group директоры Испания Родолфо Боррелл

Бапкерлік штаб

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лауазымы Аты
Бас бапкер Испания Хосеп Гвардиола
Бас бапкердің көмекшісі Испания Хуанма Лильо
Бас бапкердің көмекшісі Англия Брайан Кидд
Бас бапкердің көмекшісі Испания Карлос Висенс
Бас бапкердің көмекшісі Италия Энцо Мареска
Қақпашылар басшысы Испания Хаби Мансисидор
Қақпашылар бапкері Англия Ричард Райт
Фитнес ретіндегі бапкері Испания Хосе Кабельо
Академия басшысы Англия Джейсон Уилкокс
Ж-23 менеджері Ирландия Брайан Барри-Мерфи
Ж-23 менеджердің көмекшісі Англия Денни Уокер
Ж-23 қақпашылар бапкері Уэльс Энди Меллинер
Ж-18 академия менеджері Англия Бен Уилкинсон
Ж-18 академия менеджерінің көмекшісі Шотландия Калум МакФарлен
Ж-18 қақпашылар бапкері Англия Макс Джонсон
Бірінші скаут Италия Карло Кансельери

Бас бапкерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл жерде ең кемі 1 ірі жүлде жеңіп алған бапкерлер көрсетілді

Аты-жөні Жаттықтырған жылдары Көрсеткіштері Алған жүлделері
ОС Ж Т Ж Жеңіс %-ы 
Шотландия Том Мали 1902—1906 150 89 22 39 59,33 1 Англия кубогы
Англия Уилф Уайлд 1932—1946 352 158 71 123 44,89 1 Бірінші дивизион чемпионы, 1 Англия кубогы
Шотландия Лес Макдауелл 1950—1963 592 220 127 245 37,16 1 Англия кубогы
Англия Джо Мерсер 1965—1971 340 149 94 97 43,82 1 Бірінші дивизион чемпионы, 1 Екінші дивизион чемпионы, 1 Англия кубогы, 1 УЕФА Кубок иелері кубогы
Англия Тони Бук 1973—1980 269 114 75 80 42,38 1 Англия кубогы
Италия Роберто Манчини 2009—2013 191 113 38 40 59,16 1 Премьер-Лига чемпионы, 1 Англия кубогы
Чили Мануэль Пеллегрини 2013—2016 167 100 28 39 59,88 1 Премьер-Лига чемпионы, 1 Англия кубогы
Испания Пеп Гвардиола 2016—қ.д. 472 349 57 66 72,67 6 Премьер-Лига чемпионы, 2 Англия Кубогі, 4 Англия Лигасының кубогы, 1 УЕФА Чемпиондар лигасы, 1 УЕФА Суперкубогі, 1 ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионаты

Негізгі мақала: Этихад Стэдиум

Сити оф Манчестер және Этихад Стэдиум, 2003-тен бергі негізгі алаңы

Манчестер қаласының шығысындағы «Сити оф Манчестер» стадионы, демеушілік себептермен 2011 жылдан бастап Etihad стадионы ретінде белгілі, Манчестер Сити Кеңесінен 200 жылға жалға алынған. 2002-03 маусымына дейін клубтың негізгі алаңы «Мейн Роуд» болды.«Манчестер Сити» стадионға көшпес бұрын оны футболға айналдыру үшін 30 миллион фунт стерлингтен астам қаражат жұмсады, алаң төмен түсірілді, оның айналасына тағы бір қабат қосылды және жаңа Солтүстік стенд салынды. Жаңа стадиондағы алғашқы матч жолдастық кездесуде Барселонаны 2:1 есебімен ұтты. Оңтүстік стендтегі 7000 орындық үшінші деңгей 2015-16 футбол маусымының басында аяқталды. Ағымдағы сыйымдылық 53,97 құрайды. Солтүстік стендтің үшінші деңгейінде жоспарлаудың келісімі бар және ол бойынша жұмыс 2017 жылға қарай басталып, сыйымдылықты 61000 -ға жеткізбек.[85]

1880-1887 жылдар аралығында бес стадионда матч өткізгеннен кейін, өз алаңы Хайд Роуд футбол алаңында 36 жыл қоныстанды.[86] 1920 жылы Хайд Роуд алаңының негізгі стендінде өрт болып, 84000 сыйымдылығы бар «Мейн Роуд 3» алаңына көшті. Бірнеше жыл өткен соң, дизайнерлері «Солтүстік Уэмбли» деп атап кеткен алаң Мейн Роуд 1934 жылы 3 наурызда Сток Ситиге қарсы Англия Кубогының матчына 84 569 адам тіркеліп рекорд орнатты.[87] Мейн Роуд 80 жылда бірнеше рет қайта өңделді, ал 1995 жылға қарай оның сыйымдылығы 32000-ға дейін шектелді, бұл жәйт 2003 жылы Сити оф Манчестер алаңына көшуге итермелеген болатын. Сити оф Манчестер 2011 жылы Этихад Стэдиум деп аталды [149]

 Ұлттық жүлделер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Англия чемпионы 10 рет: 1936/37, 1967/68, 2011/12, 2013/14, 2017/18, 2018/19, 2020/21, 2021/22, 2022/23, 2023/2024 Күміс алқа 6 рет: 1903/04, 1920/21, 1976/77, 2012/13, 2014/15, 2019/20
  • Англия кубогінің иегері 7 рет: 1904, 1934, 1956, 1969, 2011, 2019, 2023 Финалист 6 рет: 1926, 1933, 1955, 1981, 2013, 2024
  • Англия лигасы кубогінің иегері 8 рет: 1970, 1976, 2014, 2016, 2018, 2019, 2020, 2021 Финалист 1 рет: 1974
  • Англия Суперкубогінің иегері 6 рет: 1937, 1968, 1972, 2012, 2018, 2019 Финалист 6 рет: 1934, 1956, 1969, 1973, 2011, 2014, 2023
  • Толыққанды мүшелер клубы 6 рет: 1986

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • УЕФА Кубок иелері кубогы 1 рет: 1970
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы 1 рет: 2023 Финалист 1 рет: 2021
  • УЕФА Суперкубогі 1 рет: 2023
  • ФИФА Клубтық әлем чемпионаты1 рет: 2023

УЕФА рейтингіндегі қазіргі орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жылдың 04 маусымына сәйкес[88]

Орын Клуб аты Мемлекеті 2023-24 ұпайы Жалпы ұпайы Ұлттық ұпайы
1 Манчестер Сити Англия 28.000 148.000 17.375
2 Бавария Германия 28.000 144.000 21.000
3 Реал Мадрид Испания 34.000 136.000 16.062
4 ПСЖ Франция 23.000 116.000 16.250
5 Ливерпуль Англия 20.000 114.000 17.375

Рекордтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Англия Премьер-Лигасын қатарынан 4 рет алған алғаш әрі жалғыз клуб(әзірше) — 2020/21-2023/24
  • Жеңіске жеткен ең ірі есебі: 1899 жылдың 18 ақпан күні «Дарвен» клубына қарсы 10:0
  • Жеңіліске ұшыраған ең ірі есебі: 1890 жылдың 4 қазанында «Ливерпуль Стенли» клубынан 0:12
  • Ұлттық чемпионаттағы ең ірі жеңілісі: 1894 жылдың 24 желтоқсанында «Бертон Уондерерс» клубынан 0:8, 1933 жылдың 23 желтоқсанында «Вулверхемптон Уондерерс» клубынан 0:8, 1906 жылдың ,3 қыркүйегінде «Эвертон» клубынан 1:9,1893 жылдың 7 наурызында «Смолл Хит» клубынан 0:12
  • Англия Кубогындағы ең ірі жеңілісі: 1897 жылдың 30 қаңтарында «Престон Норт Энд» клубынан 0:6, 1946 жылдың 30 қаңтарында «Брэдфорд Парк Авеню» клубынан 2:8
  • Ойын алаңының трибунасында ең көп жиналған көрермен: 1934 жылдың 3 наурызында «Сток Сити» клубына қарсы ойнағандағы көрермен — 84 569 адам
  • Англия Премьер-Лигасында жеңіске 18 рет қатарынан қол жеткізген әзірше жалғыз клуб
  • 20 турда 60-тан көп ұпай жинаған жалғыз клуб
  • 20 турда 60-тан аса көп гол салған жалғыз клуб
  • 20-сыншы турдан кейін 20 жеңіске қол жеткізген жалғыз клуб
  • Өз алаңында ең көп жеңіске қол жеткізген әзірше жалғыз клуб — 32
  • Англия Премьер-Лигасында ең көп гол салған әзірше жалғыз клуб — 106
  • Англия Премьер-Лигасында ең көп ұпай жинаған әзірше жалғыз клуб — 100
  • «Манчестер Сити» — Жаңа Жыл қарсаңында чемпиондықтан 8 ұпайдан артта болса да, маусым соңында жеңімпаз атанған үшінші клуб
  • Англия лигасы Кубогін 4 рет қатарынан жеңген екінші клуб («Ливерпулден» кейін, 1981—1984).
  • Бір жыл ішінде барлық ішкі трофейдің жеңімпазы атанған бірінші клуб

Ойыншы және ойын жағынан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Сити» сабында, ұлттық чемпионатта ең көп ойын өткізген ойыншы: 564 ойын, Алан Оукс (1958 — 1976 жылдар арасында)
  • «Сити» сабында, барлық жағынан ең көп ойын өткізген ойыншы,: 680 ойын, Алан Оукс (1958 — 1976 жылдар арасында)
  • «Сити» сабында, ең көп гол салған ойыншы: 260 гол, Серхио Агуэро (2011 — 2021)
  • «Сити» сабында, бір маусымда ең көп гол салған ойыншы: 51 гол, Эрлинг Холанд (2022/23 маусымында)
  • «Сити» сабында, қатарынан екі маусымда ең көп гол салған ойыншы атанған және чемпион болған жалғыз ойыншы: Эрлинг Холанд (2022/23 және 2023/24 маусымдарында)
  • «Сити» қатарына, ең көп трансфер бағасына келген ойыншы: Джек Грилиш «Астон Вилла» сапынан £100 миллион бағасына келді (2021 жылдың тамызында)
  • «Сити» сатып жіберген, ең қымбат ойыншы: Ферран Торрес «Барселона» клубына £55,00 миллион бағасына кетті (2021 жылы)

Манчестер Сити клубының тарихындағы бомбардир ойыншылар (барлық жағынан)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мәлімет 19.08.2021 жазылды

Жуан жазумен, қазір ойнап жүрген ойыншылар белгіленді

Аты-жөні Гол саны Ойын саны Өткізген уақыты
1 Серхио Агуэро 254 370 2011-2021
2 Эрик Брук 177 493 1928-1939
3 Томми Джонсон 166 354 1919—1930
4 Колин Белл 153 501 1966—1979
5 Джо Хайс 152 364 1953–1965
6 Билли Мередит 151 393 1894—1905

1921—1924

7 Фрэнсис Ли 148 330 1967—1974
8 Томми Бровэл 139 247 1913–1926
9 Билли Гиллеспи 132 231 1897–1905
10 Фред Тилсон 132 275 1928–1939

Манчестер Сити клубының сабында ең көп ойын өткізген ойыншылар (барлық жағынан)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аты-жөні Ойын саны Гол саны Өткізген уақыты
1 Алан Оукс 682 33 1958—1976
2 Джо Корриган 603 0 1967—1983
3 Майк Дойл 570 41 1964—1978
4 Берт Траутманн 545 0 1949—1964
5 Колин Белл 501 153 1966—1979
6 Эрик Брук 493 177 1928—1939
7 Томми Бут 491 37 1919—1930
8 Майк Саммерби 452 68 1965—1975
9 Пол Пауэр 444 36 1975—1986
10 Вилли Донахи 436 2 1968—1980
Марк-Вивьен Фоэге арналған монумент
  • «Манчестер Сити» клубында 23-інші нөмір, футболшыларға енді ешқашан берілмейді. Өйткені, 2003 жылы Англия Кубогының жартылай финалының ойынында, «Сити» сабындағы камерундық ойыншы Марк-Вивьен Фоэ жүрек талмасынан қаза тапқан болатын[89], осы қаза тапқан ойыншының реттік нөмірі 23 болатын. Сондықтан, енді бұл нөмір «Манчестер Сити» тарихындағы қаралы нөмір болып есептеледі.
  • 2011 жылдың 26 сәуірінде «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Коло Туре допинг қолданды деген кінәмен, 6 айға футболдан шеттетілді. Ол, әйелімнің арықтататын дәрісін байқамастан ішіп қойдым деп ақталған еді. Сосын FA комитеті ойыншыны 2 наурызы мен 2 қырқүйегі арасында ойынға шықпайды, деп жазалаған болатын.
  • 2013 жылдың 20 ақпанында әлеуметтік желілерде, «Манчестер Сити» ойыншыларының Harlem Shake билеген 32-секундтық видеосы салынған болатын. Бұл видео шынығатын бөлмеде түсірілген. Талисман басында билеп бастап, кейінірек, кенеттен барлығы билеп кетеді.[90]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Прозвища участников плей-офф Лиги чемпионов. UEFA.com (7 ақпан 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2018. (орыс.)
  2. Club History  (ағыл.). ManCity.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 қыркүйек 2016.
  3. Visiting the Etihad Stadium  (ағыл.). Manchester City.
  4. Club coefficients | UEFA Coefficients  (ағыл.). Тексерілді, 30 маусым 2022.
  5. http://www.radiomayak.ru/doc.html?id=275862(қолжетпейтін сілтеме)
  6. http://www.kommersant.ru/doc/1933200?NodesID=9
  7. http://www.vesti.ru/doc.html?id=877448
  8. http://www.gazeta.ru/sport/2014/03/02/a_5932905.shtml
  9. «Манчестер Сити» - Англия чемпионы! 12 мамыр 2014 14:33 http://prosports.kz/kz/news/34837
  10. James Gary Manchester City - The Complete Record — Derby: Breedon, 2006. — ISBN 1-85983-512-0. p17
  11. Murray Chris Attitude Blue: Manchester City F.C. and P.L.C. — Manchester: Blackwell Publishing, 2002. — P. 1. — ISBN 0-9520520-9-1.
  12. FA Cup glory: 1904, mcfc.co.uk (01.05.13). Тексерілді 14 қарашаның 2013.
  13. Billy Meredith. BBC North Wales Sport (18.06.09). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 маусым 2012. Тексерілді, 3 маусым 2012.
  14. http://www.historicalkits.co.uk/Manchester_City/Manchester_City.htm
  15. James, Manchester: The Greatest City, p480
  16. James, Manchester: The Greatest City, p104
  17. Clayton, Everything under the blue moon, p107
  18. James, Manchester City — The Complete Record, p. 116.
  19. James, The Official Manchester City Hall of Fame, p. 153.
  20. http://www.rsssf.com/engpaul/FLA/1937-38.html
  21. James, The Official Manchester City Hall of Fame, p76
  22. 'England really can go all the way' http://blogs.guardian.co.uk/worldcup06/2006/06/07/england_really_can_go_all_the.html
  23. http://mcivta.com/players/old/trautmann.html
  24. Manchester City legend Bert Trautmann http://www.thesun.co.uk/sol/homepage/news/2926741/Manchester-City-legend-Bert-Trautmann-Todays-Premiership-stars-couldnt-care-less.html
  25. Birmingham soon behind but Kinsey quick to equalise Birmingham Mail 5 May 1 бет ;Final edition
  26. James Gary Manchester – A Football History — Halifax: James Ward, 2008. — P. 122. — ISBN 978-0-9558127-0-5.
  27. Ward Andrew The Manchester City Story — Derby: Breedon, 1984. — P. 49. — ISBN 0-907969-05-4.
  28. Rowlands, Trautmann: The Biography, p. 179.
  29. Goldstone Phil Manchester City Champions 1967/68 — Stroud: Tempus, 2005. — ISBN 978-0-7524-3611-1.
  30. Penney Ian Blue Heaven: Manchester City's Greatest Games — Edinburgh: Mainstream, 1996. — ISBN 1-85158-872-8.
  31. McOwan Gavin The Essential History of West Bromwich Albion — Headline, 2002. — P. 261. — ISBN 0-7553-1146-9.
  32. Paul Fitzpatrick. Lee Inspired by Vienna, The Guardian(30.04.70)
  33. Paul Fitzpatrick.Mercer "happy", The Guardian(30.04.70)
  34. Tossell, Big Mal, p. 214.
  35. Penney Ian Manchester City: The Mercer-Allison Years — Derby: Breedon, 2008. — P. 176. — ISBN 978-1-85983-608-8.
  36. http://www.sporting-heroes.net/football-heroes/displayhero_club.asp?HeroID=36461
  37. http://www.mirrorfootball.co.uk/archive/Manchester-United-0-1-Manchester-City-article80249.html
  38. Тревор Фрэнсис: Погбаның бағасы бұл кезде, ойда жоқ еді. http://ukfootball.ru/transfers-1409.html Мұрағатталған 1 сәуірдің 2012 жылы.
  39. http://www.guardian.co.uk/football/video/2009/sep/14/the-manager-football?intcmp=239
  40. http://www.mcfc.co.uk/News/Club-news/2010/April/This-week-in-City-history-060410 Мұрағатталған 17 шілденің 2012 жылы.
  41. http://www.mirrorfootball.co.uk/archive/Manchester-City-5-1-Manchester-United-special-unseen-pictures-of-David-Oldfield-Trevor-Morley-Gary-Pallister-and-Co-article374005.html
  42. Manchester Derby Special: Sportsmail takes City and United on a trip down memory lanehttp://www.dailymail.co.uk/sport/football/article-1175519/MANCHESTER-DERBY-SPECIAL-Sportsmail-takes-City-United-trip-memory-lane.html
  43. Маусым нәтижесі туралы. "Манчестер Сити" http://fapl.ru/posts/9353/
  44. Anger at Royle departure, BBC Sport, 21.05.01 2011-09-11 http://news.bbc.co.uk/sport1/hi/football/teams/m/man_city/1342563.stm
  45. Man City snap up Schmeichel, bbc.co.uk, 13.04.02, 2013-11-19 http://news.bbc.co.uk/sport2/hi/football/teams/a/aston_villa/1926287.stm
  46. Africa: Cameroon's Foe Joins Manchester City, allafrica.com, 2013-11-19 http://allafrica.com/stories/200206200061.html
  47. Man City seal Vuoso deal http://news.bbc.co.uk/sport2/hi/football/teams/m/man_city/2027491.stm
  48. Manchester City officialise le transfert d'Anelka http://www.sport.fr/football/manchester-city-officialise-le-transfert-d-anelka-22393.shtm Мұрағатталған 10 маусымның 2015 жылы.
  49. Таксин Чинават: «Келесі жылы "Манчестер Сити" ЧЛ-да ойнайтын болады» 21.03.08 http://www.voon.ru/news/75778
  50. Эрикссон жұмысынан босатылды 02.06.08, futbol-1960.ru http://futbol-1960.ru/england/news/36074.html Мұрағатталған 4 маусымның 2008 жылы.
  51. "Манчестер Ситидің" жаңа бапкері Марк Хьюз болды, 05.06.08 http://www.belta.by/ru/all_news/sport/i_231625.html
  52. «Шейх Сити», 03.08.2010, chelsearus.com http://chelsearus.com/1820-shejx-siti.html Мұрағатталған 21 қарашаның 2010 жылы.
  53. Жо "Манчестер Ситиге" келді, 02.07.2008, rusfootball.info http://www.rusfootball.info/rss/1146040509-zho-pereshel-v-manchester-siti-za-18-mln.-funtov.html
  54. Робиньо "Манчестер Ситиге" келді. 02.09.2008 http://news.bigmir.net/sport/46780?bm_lang=ua
  55. Марк Хьюз "Манчестер Ситидің" өткізіп жүрген саясатына разы емес, 20.12.09 http://www.dynamomania.com/news/98219-mark-hyuz-nedovolen-politikoy-rukovodstva-manchester-siti
  56. «Манчестер Сити» Хьюзды жіберіп, Манчиниды бапкер қылды. 19.12.09 http://www.sports.ru/football/56836797.html
  57. Ман. Сити: миллиард үшін, 09.01.11 http://football.ua/england/news/117983.html
  58. "МЮ" өзінің көршілесінен алты гол өткізіп алды. 23.10.11 http://www.lenta.ru/news/2011/10/23/mucity/
  59. "Манчестер Сити" "Олд Траффордта" соңғы 56 жылда алғаш рет ірі есеппен жеңді. 23.10.11 http://news.sport-express.ru/2011-10-23/470932/
  60. "Челси" чемпиондық таласта. 13.12.11 http://football.sport-express.ru/reviews/18460/ Мұрағатталған 7 қаңтардың 2012 жылы.
  61. "Сити" плей-офф құлттанған есігінің қасында. 07.12.11 http://ru.uefa.com/uefachampionsleague/season=2012/matches/round=2000263/match=2007657/postmatch/report/index.html
  62. "Сити" үшін жаман хабар. 08.03.12 http://ru.uefa.com/uefaeuropaleague/season=2012/matches/round=2000274/match=2007453/postmatch/report/index.html
  63. Са Пинту: "Спортинг" жақсы үмітпен жеңді. 16.03.12 http://www.championat.com/football/news-1117932-sa-pintu-sporting-pobedil-blagodarja-igrovoj-discipline-i-vere-v-uspekh.html
  64. "Манчестер Юнайтед" "Манчестер Ситиді" Англия Кубогынан теуіп шығарды. 09.01.12 http://www.topnews.ru/news_id_47499.html
  65. Халдун әл-Мубарак: Ескі "Манчестер Сити" ежелде қалды. 15.05.12 http://terrikon.com/posts/119489
  66. Букмекерлер «Манчестер Ситиді» АПЛ-дың 2012/13 маусымында чемпиондыққа басты үміткер атады. 18.08.12 http://www.sports.ru/football/142775111.html
  67. Роберто Манчини: "МЮ" - чемпион болуға басты үміткер". 18.08.12 http://news.sport-express.ru/2012-08-18/529295/
  68. «Қасқырлар» жемтіксіз қалды. 26.09.12 http://www.gazeta.ru/sport/2012/09/26/a_4788253.shtml
  69. "Манчестер Сити" Чемпиондар Лигасымен қоштасты. 05.12.12 http://www.dni.ru/sport/2012/12/5/244696.html
  70. Гуннар Нильсен "Манчестер Ситиден кетті". 22.12.12 http://faroesoccer.3dn.ru/publ/ostalnoe/transfery/gunnar_nilsen_pokidaet_quot_manchester_siti_quot/33-1-0-262
  71. РЕСМИ: Пеллегрини "Манчестер Ситидің" жаңа бапкері. 14.06.13 http://www.soccer.ru/news/346613.shtml
  72. Пеллегрини бір себептермен "Манчестер Ситиден" уақытша кете тұрды. 18.07.13 http://www.euro-football.ru/article/31/1002987138_pellegrini_pokinul_sbor_manchester_siti_po_semeynyim_prichinam
  73. «Сити» төменнен жоғарыға. 27.07.13 http://www.gazeta.ru/sport/2013/07/27/a_5512797.shtml
  74. Эдин мүлде көзге түспеді. 25.08.13 http://www.gazeta.ru/sport/2013/08/25/a_5605645.shtml
  75. "Манчестер Сити" - "Манчестер Юнайтед" - 4:1: Мойес САФ-тың шаңында. 23.09.13 http://www.sport-express.ua/football/england/news/229687-manchester-siti-manchester-junajted-4-1-mojes-idet-po-stopam-fergjusona-premer-liga-5-tur.html Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2013 жылы.
  76. Жаңа бапкер — Гвардиола. 1.02.16 http://alaman.kz
  77. Алексей Ласнов «Челси» обыграл «Манчестер Сити» и стал победителем Лиги чемпионов сезона-2020/2021  (орыс.).
  78. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-67
  79. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-68
  80. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-80
  81. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-80
  82. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-81
  83. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-82
  84. https://www.transfermarkt.com/manchester-city/rekordabgaenge/verein/281/saison_id/2021
  85. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-146
  86. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-147
  87. https://en.wikipedia.org/wiki/Manchester_City_F.C.#cite_note-148
  88. https://www.uefa.com/nationalassociations/uefarankings/country/seasons/?year=2024
  89. Марк-Вивьен Фоэ ойын кезінде қаза тапты. 27.06.03 http://www.newsru.ru/sport/27jun2003/dead.html(қолжетпейтін сілтеме)
  90. Manchester City do the Harlem Shake, Alexander Kolarov’s protest steals the show. 20.02.13 http://www.101greatgoals.com/blog/manchester-city-do-the-harlem-shake-alexander-koloravs-protest-steal-the-show/ Мұрағатталған 24 ақпанның 2013 жылы.