Массачусетс технологиялық институты
Массачусетс технологиялық институты | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | Massachusetts Institute of Technology |
Халықаралық атауы | ағылш. Massachusetts Institute of Technology |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1861 |
Түрі | Университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | АҚШ Кембридж, Массачусетс |
Әкімшілік | |
Президенті | Рафаэль Райф |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 2 980 |
Студенттер | 11,051 |
Бакалавриат | 4 299 |
Сайты | web.mit.edu |
өңдеу |
Массачусетс технологиялық институты (ағылш. Massachusetts Institute of Technology, MIT) — университет және зерттеу орталығы. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АҚШ мемлекеті, Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан.
Массачусетс технологиялық институты әлемдегі атақты университеттерінің алғаш бестігіне кіреді[1]. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен танымал.
2018-жылғы деректер бойынша "Массачусетс Технологиялық Институты" әлемдегі университеттер қатарында бірінші орыннан көрінді. Ол Гарвард, Стэнфорд, Калифорния, Оксфорд, Кэмбридж университеттерін басып озды.
Салалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Архитектура
- Астрономия
- Аэронавтика
- Биология
- Гуманитарлық ғылымдар
- Денсаулық сақтау
- Инженерия
- Ақпараттық технологиялар
- Математика
- Менеджмент
- Физика
- Химия
Оқу бағасы, шәкіртақы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Университеттегі оқу бағасы бакалавриаттарға шамамен 43,000 доллар. Бостон қаласында орташа өмір сүру үшін айына 1500 доллар кетеді. Университ барлық талаптарға сай келетін студенттерге көбінде 49,892 доллар шәкіртақы бөледі. Бұл шәкіртақы оқу ақысы мен жатақхананы қоспағандағы төлем.
Университетке қабылдау шарттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Университетке түсу үшін арнайы тестті өтіп, мәлімдемені жіберіп интервьюден өту керек. TOEFL немесе IELTS және SAT экзамендерін өту міндетті. TOEFL тесті бойынша минималды ұпай - 577 ұпай (қағаз нұсқасы), 90 ұпай-компьютерлік нұсқасы. SAT емтиханынан 1600-ден кемінде 1460 жинау міндетті. IELTS-тан кемінде 7 балл алу керек. Кейін абитуриент өзі туралы эссе жазады. Сонымен қатар, кандидатқа 3 кепілдемелік ,яғни, рекомендациялық хат қажет - 2-уі мұғалімдерден (жаратылыс және гуманитарлық ғылымдар) және мектеп психолыгынан. Соңында абитуриент сұхбаттасуға шақырылады. Сұхбат талапкер жайында және оның ынта-жігері мен болашаққа деген көзқарасы жайында болады. Осы кезеңдерден өткен абитуриент оқуға шақырылады.[2]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Медиа-лаборатория
-
Симмонс-Холл
-
Кресж аудиториясы
-
Корпус
-
Спорт орталығы