Методизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джон Уэсли
Уэсли

Методизм (Methodism), Англияда 18 ғасырда Джон Уэсли бастаған протестанттардың діни қозғалысы. 1737 жылы ағылшын дін қызметшісі Уэсли өзін құтқаруға деген сенімі пайда болған кезде осы түсінікті қолданған. Осыдан кейін шіркеуден тыс уағыз жүргізе бастайды. Методизм Англия шіркеулеріндегі қайта тірілту бойынша қозғалыс ретінде басталған, оның өкілдері шіркеулермен 1795 жылға дейін жанжалдаспаған еді. Методистерде жақсы ұйымдастырылған шіркеулерді басқару жүйесінің мықты орталық билігі болған. Олар жер-жерде тиімді ұйымдасып, мамандандырылмаған священниктерді қолдана білген. Қозғалыс 19 ғасырда тез өршіп, өнеркәсіптік аудандардағы жұмысшы тобының арасында ерекше қолданысқа ие болады. Методисттік епископалдік шіркеу 1784 жылы АҚШ-та негізі қаланған. Методисттік священниктер көптеген американдық қоныс аударғандар арасында қолдауға ие болып, жақтастар саны арта түскен болатын. Содан кейін ағылшын және американдық миссионерлер методизмді дүние жүзіне таратады. Методисттік доктрина Әулие Рухтың билігін көрсетеді. Ол Құдаймен жеке қатынастың қажеттілігі, құлшылық етудің қарапайымдылығы және кембеғал жандарға қамқорлық ету.