Мұсатай Бекболатұлы Ақынжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы1986) - тарих ғылымдарының докторы.

  • 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген.
  • 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1]
  • 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған.
  • республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған.
  • облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы.
  • Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы,
  • Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ғылыми еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
  • Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
  • Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
  • Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
  • Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
  • Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
  • Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
  2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл