Офтальмология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
оптикалық рефрактометр (фороптер) қолдануы

Офтальмология (гр. ophthalmosкөз және гр. logosілім) — көз аурулары, оларды анықтау, емдеу әдістері және олардан сақтану шараларын зерттейтін ілім; клиникалық медицинаның бір саласы. Қазақстанда көз ауруларын зерттеу 20 ғ-дың 20-жылдарында басталды. Республикадағы офтальмология мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер 1933 ж. Алматы қаласында Өлкелік практик. офтальмология ғыл.-зерт. ин-ты ашылғаннан кейін басталды. Осы ин-т негізінде құрылған Қазақ көз аурулары ғыл.-зерт. ин-ты республикада бұл салада жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіріп отырады. 1934 ж. Алматы мемл. медицина ин-ты, 1964 ж. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының құрамында көз аурулары кафедрасы ашылды. “Қазақстанның офтальмологиялық очеркі” атты алғашқы ғыл. жинақ жарық көрді (1934).

Республикада басыр (трахома) мәселелеріне айрықша назар аударылып, осы дерттен айығып кету жолдары іздестіріліп, соның нәтижесінде қазір елімізде бұл ауру толығымен жойылды. Зақымданған көзді, көзге шыққан ісіктерді, суқараңғыны, миопияны, қитарлықты түзету, іштен туа біткен көз бұршағының ағаруын сылып тастауды хирург. жолмен емдеу әдістері жетілдірілді.

Көз ішіндегі бөгде заттың тұрған жерін рентген сәулесімен анықтап, оны көзден алып тастаудың, көз алмасын алғаннан кейін орнына қозғалмалы бөлшек жасап салудың, жасанды көз дайындаудың жаңа тәсілдері анықталды. Көздің мүйізгек қабығын Филатов әдісімен ауыстырып салу күнделікті дәрігерлік жұмыста пайдаланылатын болды. Ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс жасайтын жұмысшылардың көздерін офтальмоэргономик. әдістермен зерттеу, фосформен уланудың салдарынан болатын көз ауруларының клиник. және электрфизиол. ерекшеліктерін анықтау зерттеліп, оларды алдын ала болжау мәселелері жолға қойылды. Қазақстанда О. саласының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: О.А. Дудинов, И.Н. Шевелов, І.Жалмұхамедов, Г.Тілегенова, К.Көшеров, Т.Тілеуова, Е.Мәмбетов, Б.Сүлеева, т.б.[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы,7 том