Жекпе-жек — бетпе-бет күрес, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің жүйесі, кейде белгілі бір қарумен шайқасудың әдістер жиынын да атайды. Қазіргі уақытта адамның физикалық және рухани шынығуына бағытталған жаттығулар жүйесі болып келеді.
Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған.
Дене жаттығулары күшті, шапшаңдықты және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді.
Таңдаулы тізім
Бокстан абсолютті әлем чемпиондар тізімі — абсолютті әлем чемпионы болып барлық тиісті ұйымдардың бокс нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие боксшы атанады. 1960 жылдардың ортасына дейін барлық дерлік әлем чемпиондары «абсолютті» болды. Бұл термин күнделікті мүлде пайдаланылмағанымен, оның алғашқы айтылуы 1970 жылы бастау алады. Екі ірі бокс ұйымдары - Бүкіләлемдік бокс кеңесі және Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы - «Абсолютті» чемпион атағын мойындады. Тиісінше, 1960 жылдан бастап осы атаудағы чемпиондар, әлемнің бірыңғай чемпиондары, қалыптаса бастады. Екі ұйым өз рейтингтері мен боксшыларын біріздендіріп, ұйымдасқан чемпионаттар өткізе бастады. Халықаралық бокс федерациясы, 1984 жылы ірі бокс ұйымдарының тізіміне кірді, ендігіде «Абсолют» әлем чемпионы болу үшін осы ұйым нұсқасы бойынша да жеңіс атағын алуға мәжбүр болды. Соңғы уақытта негізгі бірыңғай ұйым ретінде Бүкіләлемдік бокс ұйымы танылды, бұл 2007 жылы орын алды. «Абсолют» болуға чемпион иесі қандай болуы тиіс деген сұраққа көптеген даулар бар, көптеген адамдар чемпион атану үшін IBF және WBA, бұл WBC нұсқалары бойынша чемпион атануы тиіс деп есептейді,басқалары чемпион барлық төрт негізгі нұсқаларды бағындыруы тиіс деп есептейді.
Таңдаулы тұлға
Брюс Ли (ағылш.Bruce Lee; 27 қараша1940, Сан-Франциско — 20 шілде1973, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, киноактёр, сондай-ақ кинорежиссёр, продюсер және сценарийлердің атворы. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған. Жалпы 36 кинотуындыда түскен. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайцзицюань өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. Қытайда Ли Сяолун, Ли Чжэньфань есімдерімен де танымал.