Райхангүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Райхангүл.

Райхангүл, көкемарал, киікоты (Zіzіphora) – ерінді гүлділер тұқымдасының бір туысы.[1]

Райхангүл әлем бойынша барлық жерде өсіріледі. Бірақ өсімдіктің отаны Үндістан мен Иран, одан базилик бес мың жылдан астам уақыт өсіріліп келеді.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Райхангүл көп не бір жылдық хош иісті шөптесін өсімдік. Жапырағы бүтін жиекті, қарама-қарсы орналасқан.Жапырағының ұзындығы 0,6-2,5 см, ені 0,3-1,2 см. Гүлі ұсақ, қос ерінді, себет гүл шоғына топтанған, аталығы 2, шілде – тамызда гүлдейді. Түсі жасыл не күлгін. Монғолияда, Батыс Қытайда. Қазақстанда Көкшетауда, Қырғыз Алатауында, көбіне тау беткейлерінде өседі.

Райхангүлдің Қазақстанда 6 түрі: нәзік Райхангүл (Z. tenuіor), Бунге Райхангүл (Z. bunge), үзілме Райхангүл (Z. іnterrupta), Выходцев Райхангүл (Z. vychodcevіana), памиралай Райхангүл (Z. pamіroalaіca), иісті Райхангүл (Z. clіnopodіoіdes) өседі. Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауында, Ұлытауда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында таралған. Райхангүлдің көбі хош иісті (әсіресе иісті Райхангүл, нәзік Райхангүл және сопақ бас Райхангүл, т.б.), жапырақтары мен гүлінде хош иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, гүлінен ара бал жинайды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тараз энциклопедиясы