Стандард (футбол клубы, Льеж)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бельгия Стандард
Құрылған жылы

1898

Стадионы

Морис Дюфран, Льеж

Сыйымдылығы

30023

Бас жаттықтырушы

Бельгия Мишель Прюдомм

Сайты

standard.be

Жарыс

Жюпиле Лига

2019/20

5.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма


«Стандард» (фр. Royal Standard de Liège) — Бельгияның Льеж қаласындағы футбол клубы, 1898 жылы құрылған. Бельгияның ең байырғы және ең жүлделі клубтарының бірі, 10 рет ел чемпионатында топ жарған.

Клуб 1898 жылы студенттердің ұйымдасуымен құрылды. Ол кезде Льеж қаласында бір ғана клуб — Льеж ФК бар болатын. "Станндард" атауы сол кездегі Париждің "Стандард де Париж" деген атауына еліктеп қойылған екен.

1909 жылға дейін "Стандард" Бельгияның екінші лигасында ойнады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде клуб жиырма шақты футболшысынан айрылды да, екіінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта айтарлықтай табысқа жете алмады, үш рет күміс жүлдені қанағат тұтты.

Клуб 60-жылдары күшейе бастады. 1958 жылы тұңғыш рет Бельгия чемпионы атанды, 1961, 1963 жылдары осы жетістігін тағы қайталады. Жетпісінші жылдардың басында аздап құлдыраған клуб 80-жылдары қайта күшейді, 1982 жылы Кубок иелері кубогының финалына шығып, "Барселонадан" 1:2 есебімен ұтылып қалды.

1984 жылы "Стандардтың" қатысуымен өткен келісілген матчтар әшкереленді де, клубқа санкция жарияланып, клуб ондаған жылдар бойы оңала алмады. 2007/08 жылғы маусымда араға 25 жыл салып Бельгия чемпионы атанды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Чемпионат
    • Чемпион (10): 1957/58, 1960/61, 1962/63, 1968/69, 1969/70, 1970/71, 1981/82, 1982/83, 2007/08, 2008/09
    • 2-орын (13): 1925/26, 1927/28, 1935/36, 1961/62, 1964/65, 1972/73, 1979/80, 1992/93, 1994/95, 2005/06, 2010/11, 2013/14, 2017/18
    • 3-орын (19): 1926/27, 1933/34, 1948/49, 1954/55, 1958/59, 1963/64, 1965/66, 1967/68, 1971/72, 1976/77, 1977/78, 1978/79, 1980/81, 1985/86, 1991/92, 2000/01, 2003/04, 2006/07, 2018/19
  • Кубок
    • Жеңімпаз (8): 1953/54, 1965/66, 1966/67, 1980/81, 1992/93, 2010/11, 2015/16, 2017/18
    • Финалист (9): 1964/65, 1971/72, 1972/73, 1983/84, 1987/88, 1988/89, 1998/99, 1999/00, 2006/07
  • Суперкубок
    • Жеңімпаз (4): 1981, 1983, 2008, 2009
    • Финалист (5): 1982, 1993, 2011, 2016, 2018

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • УЕФА Кубок иелері кубогы
    • Финалист (1): 1981/82

тамыз, 2019

No. Позиция Ойыншы
1 Бельгия GK Жан-Франсуа Жийе
2 Гаити MF Режиналь Горо
3 Бельгия DF Зиньо
4 Бельгия DF Димитри Лавале
7 Португалия FW Орландо Са
8 Босния және Герцеговина MF Гойко Цимирот
9 Бельгия FW Рено Эмон
10 Марокко MF Меди Карсела
12 Румыния FW Денис Драгуш
14 Бельгия MF Энтони Лимбомбе
15 Бельгия DF Себастьян Поконьоли (капитан)
16 Бельгия GK Арнуд Богарт
17 Бельгия FW Обби Уларе
18 Черногория MF Александар Больевич
20 Конго Демократиялық Республикасы MF Мервей Бокади
21 Камерун DF Коллинз Фэ
No. Позиция Ойыншы
22 Бельгия MF Максиме Лестине
23 Бельгия DF Сенна Мианке
24 Франция DF Николя Гавору
25 Уругвай FW Фелипе Авенатти
26 Бельгия MF Николя Раскин
28 Бельгия MF Самюэль Вастьен
29 Бельгия DF Педро Каванда
30 Сербия GK Милинкович-Савич
32 Бельгия MF Карсела Гонсалес
33 Бельгия GK Тимоти Галье
34 Кипр DF Костас Лаифис
35 Хорватия FW Дюйе Кор
36 Бельгия DF Нойо Дюсенне
37 Бельгия DF Сангаре
40 Конго Демократиялық Республикасы MF Пол-Жозе Мпоку

УЕФА Кубок иелері кубогының финалы 1982

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
12 мамыр 1982 жыл
Барселона Испания 2:1 Бельгия Стандард Льеж Испания Камп Ноу, Барселона
Аллан Симонсен  45+2'
Кини  63'
Ги Вандермиссен  8'

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]