Сәуле ауруы
Үлгі:Infobox disease Сәуле ауруы. Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді: бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300—400 «Р» сәуле дозасын алса, үшінші дәрежелі ауру — 500—600 «Р» дозасында және төртінші, ең ауыр дәрежесі 600 «Р» дозасынан асқанда сәуле ауруына душар етеді. Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
Патогенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өтпелі радиация клетка ішілік суды иондайды, сондықтан ол организмнің барлық тіндері мен ағзаларын қамтиды. Клетка ішіндегі құрылымдар зақымданады, хромосомдар мен ДНК жіптері үзіледі.Бұл тіндердің өмірін қысқартады.
Біріншіі кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.
Екінші кезең — аурудың білінбейтін кезеңі — екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.
Үшінші кезең тұсында —- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.
Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.[1]
Клиникалық көрінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клиникалық көрінісі радиоактивті сәулелену мөлшеріне байланысты болады. Мөлшері 1-2 Гр (сәулелі аурудың жеңіл түрі) болғанда 3 сағаттан соң адам құсады, 6Гр болса 10-15 минуттан соң қайта-қайта құсады. Аурудың жеңіл түрінде терісі қызарып, склера тамырларына қан құйылады, аузы құрғайды. Бірнеше сағаттан соң науқастың жағдайы уақытша жақсарады. Сырқаттың 3-6-шы күні ауыз қуысында эритемалар пайда бола бастайды. Екінші - үшінші аптада некроздық баспа, тілдің ойық жарасы дамиды. Қанда лимфоцитопения байқалады. Мөлшері 4Гр сәулелену кезінде бір аптадан кейін шеткері қандағы лейкоциттер азаяды. Ауыр жағдайларда 8-ші тәулікте агранулоцитоз дамиды, себебі сүйек миы клеткалары зақымданады. Ретикулоциттер анықталмайды, ЭТЖ шапшаңдаған.
Агранулоцитоз кезінде инфекциялық асқынулар дамиды. Тромбоцитопения геморрагиялық синдром көріністеріне жетелеп алып келеді. Мөлшері 5-6Гр сәулелену шағында 3 аптадан соң ащы ішектің радиациялық зақымдануының белгілері(іш өту, іш кебуі, ауыруы) анықталады. Ішек теспесі перитонитке соқтыруы мүмкін. Созылмалы сәулелі ауру ұзақ уақыт ішінде біртіндеп қабылданған сәулеленудің немесе организмге радиоактивті изотоптың енуімен байланысты дамиды. Адам сырттай қабылдай алатын сәулелену мөлшері жылына 0,05Гр. Созылмалы сәулелі ауру тұсында сырқаттың белгілері біртіндеп күшейеді,оны үш кезеңге бөлеміз. Сондай-ақ, ауру қабылданған изотоптың түріне,оның белсенділігіне, ерігіштік қасиетіне, организмнен шығарылатын уақытына, көбірек зақымданатын ағзаларға байланысты өсіп өрбиді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
- ↑ Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.-Алматы:"Кітап"баспасы,2005.-268бет.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |