Тарих, археология және этнология факультеті (ҚазҰУ)
Тарих, археология және этнология факультеті | |
---|---|
Қазақ ұлттық университеті | |
Ұраны | Тарихты білмеу - тегіңді ұмыту |
Құрылған жылы | 1934 |
Деканы | т.ғ.д., доцент Жұмаділ Арман Қабдешұлы
2022 - қазірге дейін т.ғ.д., профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы |
Орналасқан жері | ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71 |
Ресми сайты | www.kaznu.kz |
Факультет туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті – отандық және шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі мен ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану саласында жоғары дәрежелі маман дайындау ісінде еліміздегі көнекөз, ең мықты, бәрі мойындаған орталық болып табылады. Қазақстанның көптеген ғылыми, саяси, қоғамдық және іскер элитасы тарих факультетінің түлектері.
Тарих факультеті республикада алғашқылардың бірі болып Phd докторантурада тарих, дүние жүзі тарихы бағыттары бойынша мамандар дайындай бастады. Ең бастысы, Phd докторанттардың алыс шет елдердің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарында тәжірибеден өтуі қарастырылған.
Тарих факультеті алыс және жақын шет елдермен кең түрде халықаралық ғылыми байланыстар орнатуда. Шет елдердің ғылыми және білім беру орталықтары Қазақстанның тарихы мен тарих ғылымына үлкен қызығушылық танытып отыр. Факультет ғалымдары мен студенттері Ресей, Италия, Голландия, Франция, Германия, Түрік, Жапон, Қытай және т.б. елдердің мамандарымен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірлескен экспедицияларға қатысады. Сонымен қатар, PhD докторларын дайындау барысында міндетті түрде алыс шет елдерден қосымша жетекші шақырылады. Факультетте «археология және этнология» ғылыми-зерттеу орталығы, палеолит мұражайы, ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан археологиясы мұражайы, этнография мұражайы, тас дәуірінің лабораториясы, камералдық өңдеу лабораториясы қызмет етеді.
Кафедралары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі уақытта Дүние жүзі тарихы кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамы 11 адамнан тұрады. Олар - т.ғ.д., проф. Қ.Т.Жұмағұлов, т.ғ.д., проф. С.М.Мәшімбаев, т.ғ.д., доц. Г.К.Көкебаева, т.ғ.к., доц. Р.С.Жарқынбаева, т.ғ.к., доц. Г.Б.Хабижанова, т.ғ.к., доц. Р.С.Мырзабекова, т.ғ.к., доц. Е.Т.Қартабаева, т.ғ.к., т.ғ.к., доц. Ф.М.Шамшиденова, т.ғ.к., доц. Г.С. Беделова, т.ғ.к., доц. Т.Н. Мұхажанова, т.ғ.к., т.ғ.к., доц. Ф.Н. Мийманбаева. Оқытудың күндізгі және сырттай бөлімдеріндегі докторанттар мен аспиранттар, Қазақстанның басқа да аймақтарынан келетін ізденушілер кафедрада білімін жетілдіріп, ғылыми тәжірибеден өтуде. Кафедра қазіргі уақытта университет қабырғасында тарихшы маман даярлаудағы орны маңызды жалпы саны 15 асқан дара пәндердің басын қосқан. Олар - Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, орта ғасырлар тарихы, орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынас тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы. Соңғы жылдары - тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, Қытай тарихы, Америка тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді.
Кафедра аспирантураның күндізгі және сырттай бөлімдері, сонымен бірге докторантура арқылы дүние жүзі тарихы бойынша ғалымдар мен оқытушылар даярлаудың бірден-бір ғылыми және әдістемелік орталығы саналады. Кафедра оқытушылары студенттер мен магистаранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедрада "Ерте дүние тарихы", "Орта ғасырлар тарихы", "Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы", "Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы" аталатын қазақ, орыс тілдерінде жұмыс істейтін студенттік ғылыми үйірмелер құрылған. Кафедра Германия, Польша, Италия, Жапония, Қытай - секілді шетел елшіліктерімен тығыз өзара байланыс орнатқан. Кафедрада 3 тарих ғылымдарының докторы, 2 профессор, 8 тарих ғылымдарының кандидаты, доценттер жұмыс істейді. Кафедрада PhD докторантура ашылған. Екінші оқу жылының докторанты Сыдыков А. (ғылыми кеңесшілері т.ғ.д., проф. Жұмағұлов Қ.Т. және Германия профессоры М. Майер). Бірінші оқу жылының докторанттары Абдимомынов Н. (ғылыми кеңесшілері т.ғ.д., проф. Жұмағұлов Қ.Т. және Германия профессоры М. Майер), Оспанова А. (ғылыми кеңесшілері т.ғ.д., проф. Жұмағұлов Қ.Т. және Германия профессоры А. Шиндлинг).
Археология, этнология және музеология кафедрасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Археология, этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандықтары бойынша жоғары квалификациялы мамандар дайындау тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет болып табылады. Еуразия аймағындағы ұлан-байтақ Қазақстанның территориясында қола дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырларға дейінгі уақытта этномәдени және этно-саяси үрдістер мол болды. Осы орайда, археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізетін теориялық және практикалық білімі бар жоғары квалификацияланған мамандардың қажеттілігі ұдайы байқалады. Осы тарапта, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология, этнология және музеология кафедрасы қоғамның маңызды саяси - әлеуметтік тапсырысын орындайды. Кафедрада ежелгі дәуірлердегі этникалық тарихты, оның этнографиясын, этно-мәдени үрдістерді зерделейді, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және музей ісі мамандарын дайындайды.
Болашақ тарихшы - археолог, этнолог, музейтанушы мамандарын дайындау жоғары сапамен қамтамасыз етуге бағытталған археология, этнология және музеология кафедрасының профессор – оқытушылар ұжымының қызметі «Білім туралы» заң, ҚР Үкіметінің қаулылары, Білім және Ғылым Министрлігі заңдары және «Университеттің даму жоспары» ережесі сондай-ақ, Мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта археология, этнология және музеология кафедрасында төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындау функциясы жүзеге асырылады:
-Археология және этнология;
-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім беру.
Университетті бітіргеннен кейін келесі мамандықтар бойынша кәсіби терең білім беру жүзеге асады:
-6N0208 - Археология және этнология
-6N0419 - Музей ісі және ескерткіштерді қорғау
Магистратураның бітіргеннен кейін келесі мамандық бойынша оқыту жүзеге асырылады:
-6D0208 - Археология және этнология
Археология ғылымы археологиялық қазбалардың негізінде архаикалық және ортағасырлық қоғамдардың өмірі мен қызметтерін саралайды , оған реконструкция жасайды. Сонымен қатар, археологтар өздерінің материалдарын көне және ортағасырлық жазба деректерімен салыстырып зерттейді. Этнология ғылымы халықтың этногенезі мен этникалық тарихын, этностың шаруашылық - мәдени типін, әлем халықтарының этникалық және этно - мәдени процестерін зерделейді. Сондай-ақ, қазіргі Қазақстандағы барлық этникалық топтардың этнографиясын зерделеп, зерттейді. Полиэтникалық мемлекет жағдайында этникалық және этнос аралық үрдістерге мониторинг пен сараптама жасау мәселесі өзекті болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы ұлт-аралық қатынастарды үйлесімді түрде реттеу негізіндегі ұлттардың татулығы мен тұрақтылықтың тәжірибесін зерттеу де өзекті болып табылады.
Кафедраның негізгі жұмыстарының бірі - мәдениет ескерткіштерін қорғау мен сақтау, мұражай ісі жөніндегі жоғары сапалы мамандарды дайындау қажеттілігі ұдайы көрініс табады. Кафедра алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ол жаңа технологиялар мен оқыту методикаларының әдіс-тәсілдерін жетілдірумен қатар, ҚР БҒМ жанындағы А. Х. Марғұлан атындағы археология институты, ҚР БҒМ жанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Ресейдің және басқа да көршілес мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, жыл сайын студент-магистранттардың қатысуымен өтетін археологиялық және этнографиялық экспедицияларын ұйымдастыру болып есептеледі.
Қазақстан тарихы кафедрасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тарих факультетінің Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы Отан тарихы бойынша тарихшы мамандарды дайындауда дәстүрлі түрде жетекші орын алады. Бұл игі дәстүр т.ғ.д., профессор Бекмахановтың кезінде қаланған болатын. Кеңестер Одағының ыдырауы және Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымына да түбірлі өзгерістер алып келді. Осыған байланысты 1992 жылы факультеттің құрылымында қайта құрулар жүргізілді. КСРО тарихы кафедрасы ТМД тарихы кафедрасы болып өзгертілді. Меңгерушісі т.ғ.д., профессор С.Қ. Жақыпбек. 1992 жылы қазанда Қазақстан тарихы кафедрасы екіге бөлінді: 1. Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы - меңгерушісі т.ғ.д., профессор Д.И. Дулатова. 2. Жалпыуниверситеттік Қазақстан тарихы кафедрасы - меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан. 1993 жылы бұл екі кафедра Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы және Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы болып қайта құрылды. 1992 жылдан 1997 жылға дейінгі аралықта Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасын т.ғ.д., профессор Қ.С.Қаражан басқарды. 1995 жылы Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы екі кафедраға бөлінді: 1) ТМД тарихы кафедрасы негізінде Қазақстанның жаңа заман тарихы кафедрасы құрылды - меңгерушісі т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев. 2) Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы негізінде Қазақстанның қазіргі заман тарихы кафедрасы құрылды - меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан. 1997 жылы қаңтарда бұл екі кафедра біріктіріліп, кафедра Қазақстанның жаңа заман тарихы кафедрасы деп аталды. Меңгерушісі т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев (1997-2003 жж.). 2003 жылдан кафедра Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы деп аталады, осы жылдан бастап кафедраны т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан басқарып келеді. Кафедра тарих факультетінің 2-4 курс бакалавриатындағы, жаратылыс тану және журналистика факультеттерінің 1 курс бакалавриатындағы және тарих факультеті 1-2 курс магистратурасындағы оқу процесін қамтасыз етуде. Тарих факультетінің 2-4 курстарының қазақ және орыс бөлімдерінде Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша жалпы және элективті курстар оқылады. Жаратылыс тану және журналистика факультеттерінің 1 курс студенттеріне «Қазақстан тарихы» жалпы курсы оқылады. Магистратурада – «Тарихи зерттеулердің әдістемесі мен әдістері», «Қазақстан тарихының іргелі және теориялық мәселелері» жалпы курстары және «Тоталитарлық социализмнің методологиялық, теориялық проблемалары және оның Қазақстанда көрінісі", "Кеңестік құрылыс тұсындағы аграрлық қатынас", «Қазақстанда большевиктік биліктің қалыптасуы (1920-1930 жж.)», «Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қозғалыстар (1990-2002 жж.)», «ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар», «Қазақстандағы патша өкіметінің діни экспансиясы (ХІХ ғ. 2-ші жартысы – XX ғ. басы)», «Қазақстанды әскери-казактық отарлау», «Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясаты» (ХІХ ғ. – XX ғ. басы)», «Қазіргі кезеңдегі жұмысшы табы», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму тарихы», «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» сияқты арнайы пәндер оқылады. Кафедраның ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары: 1. Қазақстан Ресей империясының құрамында. 2. Қазақстан 1917 жылы. 3. Қазақстан Кеңес мемлекетінің құрамында. 4. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының мәселелері. 1) Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында», С. Асфендияровтың «Қазақстан тарихының очерктері», «Қазақстан тарихы», Ә. Бөкейхановтың «Таңдамалы», М. Шоқайдың «Таңдамалы» 1-2 томдары, М. Вяткиннің «Батыр Сырым», М. Иваниннің «Шыңғыс хан мен Темірлан тұсындағы әскери өнер туралы» деген еңбектер қайта басылып шығарылды. 2) Мынадай ғылыми еңбектер жарық көрді: «Материалы по введению русской политической системы управления в Казахстане", "История Казахстана". Сборник документов и материалов. "Политика репрессий руководящих кадров в Казахстане в 20-30-е годы". Құжаттық материалдар: "Қазақстандағы зорлап ұжымдастыру: үдістері, қарқыны нәтижелері", "Тұтас Түркістан идеясы", "Хрестоматия по новейшей истории Казахстана. ч.1.", "История переписей населения Казахстана", "Тарихтағы аттас тұлғалар", "Социально-экономическое развитие Казахстана в XIX веке", «Хрестоматия по новейшей истории Казахстана (1939-2005)», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша хрестоматия (1917-1939)». 3) "История Казахстана", "Курс лекций по истории Казахстана ч.2", "Қазақстан тарихы" – электронды оқулықтар шығарылды. Студенттердің өзіндік дайындалу оқулығы, "Қазақ байларын тәркілеу". Оқу құралы. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, оқу құралы. Лекциялар курсы. Новая и новейшая история Казахстана. Курс лекций. Учебное пособие. Религиозная экспансия царизма в Казахстане (втор. пол. ХІХ - нач. XX века), Учебное пособие, қазақ және орыс тілінде тарих емес факультеттер студенттеріне арналған Қазақстан тарихы бойынша лекциялар курсы басып шығарылды. Кафедра қызметінде басты орынды оқу және оқу-әдістемелік жұмыс алады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес Отан тарихы бойынша жалпы және арнайы курстарға арналған сағаттар саны анықталған, бакалавриат және магистратурада оқылатын элективтік курстардың тақырыптары айқындалған, типтік және оқу жұмыс бағдарламалары жаңартылып тұрады, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар басып шығарылады, оқытушылар университеттегі және басқа жоғары оқу орындарындағы ғылыми-әдістемелік конференцияларға белсенді түрде қатысады. Кафедра бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасына мамандарды үздіксіз дайындауды қамтамасыз етіп отыр. Кафедра студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен көңіл бөледі. Студенттер үшін «Отан тарихы» бойынша екі үйірме құрылып, жұмыс істеуде, студенттік ғылыми конференциялар, пікір сайыстары, жарыс сөздер, «дөңгелек үстелдер», белгілі ғалымдармен кездесулер және қала және облыс мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориясы мен техникасы бойынша олардың білімін тереңдету мақсатында оқытушылар студенттер және магистранттармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді. Ізденушілер мен докторанттардың ғылыми зерттеулерінің тақырыптары кафедраның ғылыми бағытына сәйкес келеді. 2007-2008 оқу жылынан бастап PhD бағдарламасы бойынша факультет түлегі М.С. Сарыбаев білім алуда. Оқытушылар арасында ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін әртүрлі мемлекеттік және халықаралық гранттардың иегерлері бар. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан 2007 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Республикалық конкурсының жеңімпазы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Халықаралық байланыстар. Жыл сайын кафедраның Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты шет елдердің кейбір жоғары оқу орындары және ғылыми мекемелерімен халықаралық байланыстары артып келеді. Түркия, Жапония, Иран, Польша, ЮНЕСКО, IREX және т.б. халықаралық ұйымдардың ғалымдарымен ғылыми байланыс дамуда. Халықаралық ғылыми байланыс әртүрлі формада етек алып отыр: ғылыми әдебиет алмасу, ғылыми конференцияларға қатысу, оқытушылар мен студенттердің өзара сынақ-тәжірибеден өтуі, шет елдердің ірі ғалымдарымен кездесулер ұйымдастыру және т.б. Адам Мицкевич атындағы Познань университеті (Польша) Шығыстану институтының профессоры М. Гавецкий кафедра PhD докторанты М. Сарыбаевтың қосалқы жетекшісі болып табылады. Кафедра өзінің түлектерімен байланыс жасап тұрады, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында еңбек етеді. Мысалы, т.ғ.д., профессор В.З. Ғалиев, т.ғ.к., доцент Е.Ж. Уәлиханов – ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында, т.ғ.к. Е. Серікбаев, К. Ильясов, Д. Әбенов – Тараз, Қызылорда, Ақтөбе университеттері тарих факультеттерінің деканының орынбасарлары, К. Ауанасова – т.ғ.д., Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Шымкент университетінің проректоры, Г. Жүгенбаева – т.ғ.к., көлік және коммуникация Академиясының доценті, С. Иманбаева – т.ғ.к., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің доценті, Б. Қыздарбеков – Е. Букетов атындағы ҚарМУ профессоры, С. Кентбеков - Е. Букетов атындағы ҚарМУ проректоры, Қ.К. Абдрахманов – ҚР-ның Австриядағы елшісі, Ж. Әділбеков – Балтық бойы республикаларындағы ҚР елшісінің кеңесшісі, А.Ю. Волков – ҚР-ның Польшадағы елшісі, К.В. Жигалов – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, М. Ерманов – «Нұр-Отан» ХДП-ның жауапты хатшысы, Т. Рысбеков – т.ғ.д., профессор, академик, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, Н.Б. Сейдин – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының қызметкері, А. Уматаев – Халифа Алтай қорының төрағасы және т.б. Кафедра 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) мамандығы бойынша мамандар даярлайды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан, т.ғ.д., профессор М.Ж. Ташенев, т.ғ.д., профессор З.Т. Садвокасова докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшелері.