Теодор Уитмор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Теодор Уитмор Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Теодор Экклстон Уитмор

Лақап аттары

Таппа (ағылш. Tappa), Тео

Туған күні

5 тамыз 1972 (1972-08-05) (52 жас)

Туған жері

Монтего-Бей, Ямайка

Азаматтығы

Ямайка Ямайка

Бойы

188

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Ямайка Ямайка

Қызметі

бас бапкер

Жастар клубы
1990—1994 Ямайка Монтего-Бей
Клуб карьерасы[* 1]
1994—1996 Оңтүстік Африка Республикасы Кейптаун Сперс 3 (1)
1996—1997 Ямайка Вайолет Кикерс 8 (1)
1997—1999 Ямайка Себа Юнайтед 14 (1)
1999—2002 Англия Халл Сити 77 (9)
2002—2003 Ямайка Себа Юнайтед ? (4)
2003 Шотландия Ливингстон 3 (0)
2003—2004 Ямайка Себа Юнайтед ? (1)
2004—2006 Англия Транмир Роверс 37 (5)
2006—2008 Ямайка Себа Юнайтед 24 (8)
Ұлттық құрамы[* 2]
1993—2005  Ямайка 120 (24)
Бапкерлік карьерасы
2006—2008 Ямайка Себа Юнайтед
2007  Ямайка м.а.
2008  Ямайка ассистент
2008  Ямайка м.а.
2009—2013  Ямайка
2014—2015 Ямайка Ямайка-20
2016— Ямайка Ямайка
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Теодор Экклстон Уитмор (ағылш. Theodore Eccleston Whitmore; 5 тамыз 1972, Монтего-Бей, Ямайка) — ямайкалық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір Ямайка Ұлттық футбол құрамасының бапкері[1].

Туған қаласындағы "Монтего-Бей" клубының түлегі саналады. Бірақ кәсіпқой карьерасын 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы "Аякс" клубында бастады. 1996 жылы отанына оралып, "Вайолет" клубында бір жылдай доп тепті. 1997-99 жылдары Ямайкадағы "Себа Юнайтед" клубында ойнап, 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Жапонияның қақпасына екі гол соқты.

1999 жылы Англияға келіп, төртінші дивизиондағы "Хал Сити" клубы сапында ойнады. Үш жылдан соң "Себа Юнайтедке" қайтып оралды. Кейін Шотландияның "Ливингстон" сапында өнер көрсетті.

Бапкерлік карьерасында Ямайка құрамасының жаттықтырушылар штабынан ұзаған жоқ. Біраз жылдар көмекші боп жүрді де, 2009 жылы бап бапкер болып құрама тізгінін ұстады. Бір жылдан соң құрама Кариб кубогының жеңімпазы атанды.

2013 жылы әлем чемпионатының іріктеуіндегі сәтсіздіктерден соң бапкерліктен кетті де 2017 жылы осы қызметке қайта келді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Футболшы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кариб кубогы (2): 1998, 2005

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кариб кубогы (1): 2010

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]