Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев
Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев (6 қаңтар 1950 жылы туған, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Тескентоған ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (2006).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1992). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Жамбыл облысы ауруханасында хирург-ординатор (1972–76) болып істеді. А.Н.Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименттік институттың жүрек-тамыр хирургиясы клиникалық ординатурасында (1976–78) оқыған. Кейін Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының жетекші ғылыми қызметкері болды. Егембердиев ұсынған жаңа типті жасанды тамыр биопротездері 1979 жылдан бері жүрек-қан тамырларын хирургиялық емдеуде және бүйректі ауыстырып салуда (аллотрансплантация) кеңінен қолданылуда. «Сосудистые заменители в хирургическом лечении окклюзионных поражений брюшной аорты и артерий нужных конечностей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егембердиев 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы. Ресей Тамырлар хирургиялық қоғамының мүшесі (1992).[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |