Хлорелла
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Хлорелла(Chlorella) - жасыл балдырлар класына жататын бір клеткалы балдыр. Пішіні домалақ не сәл сопақшалау,клетка ішінде әдетте бір хлоропласт болады.Хлорелла автоспоралар (апланоспоралар) арқылы көбейеді. Клетка заты 2,4,8 және бұдан да көп автоспораларға бөлініп, аналық клетка қабырғасы жарылып, споралар төгіледі. Хлорелланың жынысты көбеюі де, хромосомасының бар - жоа да белгісіз. Оның клеткасында ақуыз, май көп болады және бұлардың мөлшері өсіру жағдайына байланысты 60-80 % - ке жетеді, көмірсу да едәуір болады. Хлорелла ақуызы құрамында барлық дерлік (метиониннен басқа) алмаспайтын амин қышқылдары, әр түрлі дәрумендер, әсіресе продәрумен А,С,Е,РР көп болады. Ол адам мен мал қарынында нашар қорытылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 35 бет