Хобыжық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хобыжықтар (Хоббит + құбыжық (гоблин), орыс. хобгоблин) – ағылшын фольклорында кішкентай жын (үй перісі мен орман перісі секілді) деген мағынаны береді.

Олар үйлерінен өте сирек шығады, оттың қасында жылынғанды жақсы көреді. Өте ренжігіш, өкпешіл болып келеді. Егер ренжіп қалса, қожайындарын көп әуреге салады. Ең алдымен - сүт ашып кетеді, киімдер өздігінен секілді жыртыла бастайды, жуылған еден кері лас болып қалады. Бір өкпелі хобыжық өзімен бірге барлық кілттерді алып кетіп, сүйікті құймағын пісіріп бергенше беруден бас тартқан деседі. Олардың бойы 2 фут, терісі қоңырқай, тыр жалаңаш немесе қара киім киіп жүреді. Ақкөңілділігі мен әрқашанда көмекке келуге дайын тұратынындықтарына қарамастан, хобоқұбыжықтар күмәнді абыройға ие болды. Көбіне оларды әзәзілдермен, жындармен шатастырды. Мысалыға, Джон Беньянның "Қажыға барушының жолы" атты кітабында «және жексұрын пері хобоқұбыжық» деген сөзді кездестіруге болады.[1]

Мәдениетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Хобыжық (кейіпкер)Marvel комиксындағы фантастикалық кейіпкер.
  • Хобыжық — компьютер ойындарынағы құбыжықтың дамыған түрі. (Қылыш пен Сиқырдың каһармандары[2], The Elder Scrolls IV: Oblivion, D&D (ағыл.)).
  • Хобыжықтар сонымен қатар Нэнси Фармердың «Сұр алмалар жері»[3] атты фантастикалық романында да кездеседі.

Сонымен қатар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Книга "Путь поломника"  (орыс.)
  2. «Герои Меча и Магии» (орыс.)
  3. «Земля Серебряных Яблок» (орыс.)