Шынығу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Таза ауада шаңғы тебу.

Шынығу[1] - организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы. Шынығуға негізінен ауа, су, күн сәулесі пайдаланылады және бұлар дене шынықтыру жаттығуларымен байланыстырылса, шынықтырудың төзімділігі арта түседі.

Шынығу түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Таза ауа - шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл маусымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:

  • жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16°С-тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;
  • жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын "баяу", "жүгіру", коньки тебу т.б. пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.
  • Жалаңаяқ жүру. Үйдің ішінде біраз уақыт жалаңаяқ жүру де пайдалы. Бұның ұзақтығын 1минуттан бастап, әрбір 5-7 күн сайын 1 минутқа ұзартып отырып, 10-15 минутқа жеткізеді.

Су процедурасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп - массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығудың ең көп тараған түрлері:

  • денені сулы орамалмен ысқылап сүрту - суық судың температурасы 34-35°С-тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6-7 күннен кейін судың температурасын бір градустан төмендетіп отырып, оны 24-22°С-қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл орамалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2-3 ай бойы жасайды. Бұдан кейін адамның денсаулығында ешқандай өзгеріс (тыныс алу жолдарының қабынуы, әлсіздік, қалжырау немесе кейгіштік, абыржу, ұйқы қашу, асқа тәбет тартпау) байқалмаса, судың температурасы -22°С шамасында шынығуға көшуге болады, оны әрбір 10 күн сайын 1°С-қа кемітеді, ал дымықыл орамалмен күнделікті сүртіну (суық суға жуынуы) жағдайында судың температурасын 10-12°С -қа (су құбырындағы судың температурасы) жеткізеді;
  • душ - шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе, контрасты (қарама-қарсы) деп аталатын душ қабылдау ( бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн). Бұл тәсілде 3 минуттай уақыт ішінде жылы суды (40°С шамасындағы) бірнеше рет суық сумен алмастырып отырады.

Дене жаттығулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Дене жаттығулары

Таңертеңгілік гимнастика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Айдын суға шомылудың пайдасы зор, ол денені шынықтыруға жан-жақты әсер етеді, өйткені судың термикалық және механикалық тітіркендіру әсері ауа, күн сәулесі әсерлерімен және суда жүзу қимылымен ұласады.

Толық мақаласы: Шомылу

"Морж" болу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қыста суық суға түсумен ("морж" болу) тек денсаулығы зор адамдар ғана айналысуға болады. Ол үшін организмді суық судың әсеріне алдын-ала біртіндеп (бір жылдан кем емес) үйретеді. Суық суға 20-30 секундтан артық түспей, тез, жылдам қимылдау қажет. Қыста суға түсумен шұғылданушылар дәрігердің бақылауында болады.

Бу моншасын жылу,бу, су және механикалық тітіркендіру әсерлерімен ұштастырғанда, олар организмнің зат алмасу, тыныс алу және қан айналысы процесін жақсартып, дененің шынығуына қолайлы жағдай жасады.

Толық мақаласы: Монша

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ауа ваннасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ (Бас редактор Р.Н.Нұрғалиев). Алматы -1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)