Шығыстану
Шығыстану – Шығыс деп аталған Азия және ішінара Африка (негізінен Солтүстік Африка) елдерінің тарихын, экономикасын, тілдерін, әдебиетін, этнологиясын, өнерін, дінін, философиясын, мәдениетінің материалдық және рухани ескерткіштерін кешенді түрде зерттейтін ғылым.
Шығыстанудың ішінде аймақтық салалар: египет зерттеу, ассирия зерттеу, семит зерттеу, арабтану, ирантану, түркітану, қытай зерттеу, моңғолтану, үндітану, жапонтану қалыптасты. Ғылымның алға қарай дамуына байланысты Шығыстануда жаңа аймақтық салалар қалыптасуда (шумер зерттеу, урарту зерттеу, кумрантану, корейтану, малайтану, т.б.). Еуропадағы Шығыстану білімдерінің қайнар көздері еур. халықтардың Азия мен Солтүстік Африка халықтары арасында сауда, саяси байланыстар орнатқан ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Шығыстанудағы Шығыс жөніндегі алғашқы деректер ежелгі грек авторларының еңбектерінде келтірілген. Шығыс елдері жөніндегі көптеген деректер Батыс пен Шығыс мәдениетінің арасындағы «көпір» қызметін атқарған сириялық, византиялық, ежелгі армян және ежелгі грузин әдебиеттерінде кездеседі. 12 ғасырдан бастап Алдыңғы Азия мен Қиыр Шығыс елдерінде болған елшілердің, діни миссионерлердің, көпестердің, саяхатшылардың көптеген жазбалары пайда болды. Шығыстанудың білімнің ерекше саласы ретінде пайда болуы капиталдың алғашқы қорлану дәуірі мен шығыс елдеріне еур. мемлекеттердің баса-көктеп кіруінің басталуымен байланысты болды. Шығыстанудың дамуына халықаралық байланыстардың жалпы кеңеюі де ықпал етті. 16 ғасырдың соңында арабтанушы Постельдің, Алдыңғы Азия тарихын жазушы Роттың, Бриссонийдің еңбектері жарық көрді. 15 ғасырда Ресейде А.Никитиннің Үндістанды сипаттауы, 1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбалары пайда болды. 17 ғасырдың соңында бірқатар университеттерде (Лейден, Париж, Оксфорд) шығыс қолжазбаларының айтарлықтай мөлшері жинақталып, соның нәтижесінде жазба деректерге сүйенген алғашқы жүйеге көтерілген еңбектер жарық көрді (әсіресе, Парижде 1667 жылы басылып шыққан д’Эрбелоның «Шығыс кітапханасы»). Ресейде Г.С.Лебедев Еуропадағы ең алғашқы санскрит грамматикасының бірін (1801) құрастырды және бірнеше қолданыстағы үнді тілдерінің грамматикалық құрылысына сипаттама берді. 19 ғасырдағы неғұрлым көрнекті шығыстанушы Никита Яковлевич Бичурин (Иакинф) болды. Ресей шығыстанушыларын дайындау бастапқыда Қазан университетінде (1807 жылдан), кейіннен Санкт-Петербург университетінде (1819 жылдан) жүргізілді. 1818 жылы Ресей шығыс қолжазбалары мен металл ақшаларының қоймасы – Азия музейі құрылып, ол академиялық шығыстанушы орталыққа айналды.
Шығыстану салалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Африканистика шығыстану саласынан бөлініп шыққан, арменистика, картвелология дисциплиналарын ішіне алатын кавказтануға да қатысы бар.
- арабистика
- ассириология
- буддология
- вьетнамоведение
- египтология
- индология
- индонезтану
- иранистика
- корейтану
- қырғызтану
- малаистика
- моңғолтану
- османистика
- семитология
- синология (қытайтану, китаистика)
- таистика
- тибетология
- тунгус-маньчжуротану
- тюркология
- урартология
- филиппинистика
- шумерология
- жапонтану
19 ғасырдың 2-жартысында шығыс қолжазбалары мен кітаптарының ең ірі еур. қоймаларының тізбелері пайда болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Жапония, Қытай, Үндістан, Иран мен Түркия, т.б. шығыс елдерінде зерттеуді ең соңғы әдістердің көмегімен жүргізген ірі тарихшылар мен тіл мамандары жұмыс істеді. Бұл әсіресе Ресейдегі – шығыс халықтарының өкілдері Әзірбайжан М.Ф.Ахундовтың, бурят Д.Банзаровтың, қазақ Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметінен өте айқын көрінді. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Моңғолиядағы Орхон өзені жағалауынан табылып, орхон жазбалары деген атауға ие болған ежелгі түркі жазба ескерткіштерін ашты. Бұл ескерткіштер ежелгі көшпелі мемлекеттердің тарихын оқып-үйренуде маңызды дерек болды. Академик В.В.Радлов бірінші болып енисей және орхон жазбаларын толық аударып, ғылыми түсініктеме берді. В.В.Вельяминов-Зернов, Н.В.Ханыков, В.В.Григорьев, Н.И.Веселовский, В.В.Бартольд, т.б. Ортa Азия тарихы мен географиясына байланысты көптеген зерттеулер жүргізді. Шығыстанудың қазақ топырағында дамуына Орынбор, Ташкент қалаларында жұмыс істеген орыс Географиялық қоғамының бөлімшелері, Түркістан археология әуесқойлары ұйымы, Орта Азия мен Қазақстандағы шығыстану қоғамы бөлімшелері зор үлес қосты. Жергілікті архитектуралық жәдігерлердің тарихи-топонимдік суреттемелерін жасау, оларға қатысты ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерді жазбаға түсіру, жариялау осы ұжымдардың үлесіне тиді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Шығыстану мәселелері бойынша көптеген зерттеу еңбектері жарық көрді. Осы салада М.Әбусейітова, К.Хафизова, З.Қинаятұлы, Н.Мұқаметханұлы, т.б. ғалымдар елеулі еңбек етті. 1996 жылы Қазақстан ғылым академиясы жанынан Шығыстану институты құрылды.[1]
Қазақстан шығыстанушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлкей Хақанұлы Марғұлан
- Бақтыкерей Құлманов
- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі
- Рамазан Бимашұлы Сүлейменов
- Сатылған Сабатаев
- Халиди Құрбанғали
- Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков
- Еркін Ұланұлы Байдаров
- Бахтияр Тасымов
- Берік Сақбайұлы Арын
Ресей әскери шығыстанушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Иван Андреев
- Владимир Арсеньев
- Алексей Вандам
- Михаил Вронченко
- Дмитрий Милютин
- Николай Пржевальский
- Андрей Снесарев
- Юзеф Ходзько
Ресейдегі әскери шығыстану
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазiргi Ресейдiң аумағында мемлекеттiк бiлiмдер, меншікті князьдіктердің, пайда болуы кезінде, Шығыс елдерi туралы түрлi ақпаратты, әскери аспектілерді талдауды, сақтауды жүзеге асырған ұйымдар да болды. «Петрге дейiнгі» дәуірде шығыстану ақпараттарын жинақтаған басты мемлекеттiк құрылымдар Сiбiр және Құпия приказдары болды. Императорлық Ресейдің реформаланған дәуiрінен, Наполеон соғыстарына шейін, Азиялық Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы ақпарат сыртқы істер министрлігінен өтті. Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы әскери ақпаратты толық жүйелік және мақсатты сипатта табу мен өңдеуді ХІХ ғасырда Ресей империясының әскери тізімдемесінде алған болатын. Әскери шығыстану ақпаратының үлкен және ең бағалы бөлігін ресейлiк елшiлiктердегі квартирмейстер қызметiнiң офицерлерi және Ресейлiк армияның бас штабтың офицерлерi тапты. XIX ғасырда әскери-географиялық экпедициялар, соның ішінде Шығыс елдеріне де, кең тарау алды. Әскери мекемелерге жеткізілетін мағлұматтар жазбахаттар, баяндамалар, есептер, шолып өтулер, арнаулы сипаттамалар, сөздiктер,географиялық орындардың координаттары мен шыңдары, жоспар, сызбалар, географиялық карта және басқа да пiшiнге ие болды. Шығыстанудың төңiрегiдегi ресейлiк әскери барлау органдары Сыртқы Істер Министрлiкпен, Орыс Географиялық қоғамымен, университет, академия және институттармен, сонымен бiрге шығыстану сипатындағы пайдалы ақпарат алған жеке азаматтық тұлғалармен ынтымақтас қойды. XIX ғасырдың 2- жартысында шығыстанудың ұлттық ресейлiк ғылыми әскери мектебi құрылды - ағылшын, голландиялық, француз, немiс сияқты әлемдегі жетекші шығыстану әскери мектептерiнiң қатарындағы ең күштi мектептердің бiрi. Дегенмен, 1917 жылды Қазан революциясынан кейiн және большевиктердің келуімен, әскери шығыстанудың барлық ресейлiк әскери ғылым сияқты берекесі болмады. Елден 2 миллионға жуық адам жер аударды, көп шығыстанушылар Азамат соғысы кезіндегі жоқшылықтан және опаттардан қаза болды, қуғын-сүргінге ұшырады. Әскери шығыстанудың қайта өркендеуi, жаңа идеологиялық және концептуалды негiздерде, ендi ғана XXғасырдың 30-жылдарында болды. Дегенмен, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың алдындағы кезеңде жаңа қуғын-сүргіндер ресейлiк әскери шығыстануды едәуiр дәрежеде қансыратты және көп ысыраптардың орны толмас болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ресейлік әскери шығыстанушылардың назарын едәуiр дәрежеде Кавказға аударған болды және Түркия, Иран; Жапония, Курил, Тува, Моңғолия, Солтүстiк-шығыс Қытай және Сахалинді соғыс әрекетінің майданы сияқты зерттедi. 1944жылы Тува КСРО құрамына ендi. 1991—1998 жылдарда КСРО-ның ыдырауы ресейлiк әскери шығыстануға көптеген жоғалтулар әкеліп, шығынға ұшыратты, бiрақ бұл ғылыми пән қазiргi уақытта қайта қалпына келтірілуде. Әскери шығыстанудың «ескі» жетістіктері бүгінде ғылыми айналымға қайта енгiзiлуде, ал ресейлiк әскери шығыстанушылардың тамаша еңбектері қазiргi ғылыми шеңберлерге ғана емес, көп жұртшылыққа мәлiмденуде. Бұл ресейлiк әскери шығыстанудың мәдени жетiстiктерiнің жаңа «ашылулары» - мәселелердi қамту бойымен, кең және ғылыми сапа бойымен, барлық ресейлiк ғылымға сый көрсетедi. Тiптi, XIX—XX ғасырлардағы ресейлiк әскери шығыстанудың ғылыми мұрасы әскери шығыстанушының шығыстың зерттеуi облыстары көлем бойымен едәуiр аса басым түсетiн сапа көпшiлiгiнде ғылыми нәтиже алды.
Ресей әскери мекемесіне тиісті Шығыс пен Солтүстік Африка елдерi туралы ерекше бағалы ақпараттың едәуiр бөлiгі әлi де жарияланбаған, қорыта келгенде, ғылыми айналымда емес. Мұндай жағдайдың себебінің бiрi - әскери шығыстанудағы келелі мәселелердің мұрағаттық қорларының дәстүрлi «жабықтығы», рұқсатқа тек ресми тұлғалар ғана қол жеткізе алады.
Ресей шығыстанушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Аввакум Честной
- Аделунг, Фёдор Павлович
- Алексеев, Василий Михайлович
- Алиханова, Юлия Марковна
- Алпатов, Владимир Михайлович
- Андреев, Михаил Степанович
- Антонова, Кока Александровна
- Базили, Константин Михайлович
- Барадийн, Бадзар Барадиевич (Барадин)
- Бартольд Василий Владимирович
- Берже, Адольф Петрович (Берде)
- Никита Яковлевич Бичурин
- Блаватская, Елена Петровна (1831—1891)
- Богораз, Владимир Германович
- Бонгард-Левин, Григорий Максимович
- Броссе, Марий Иванович
- Бунаков, Юрий Владимирович
- Буниятов, Зия Мусаевич
- Ванина, Евгения Юрьевна
- Вайнштейн, Севьян Израилевич
- Васильев, Борис Александрович
- Васильев, Василий Павлович
- Вахтин, Борис Борисович
- Владимирцов, Борис Яковлевич
- Влангали, Александр Георгиевич
- Влангали, Георгий Михайлович
- Волков, Сергей Владимирович
- Габучан, Грачия Михайлович
- Гамкрелидзе, Тамаз Валерианович
- Гафуров, Бободжан Гафурович
- Гафуров, Закерия Шагизанович
- Гевелинг, Леонид Владимирович
- Гневушева, Елизавета Ивановна
- Гомбоев, Галсан
- Грибоедов, Александр Сергеевич
- Григорьева, Татьяна Петровна
- Гурко-Кряжин, Владимир Александрович
- Густерин, Павел Вячеславович
- Дандарон, Бидия Дандарович
- Доржиев, Агван-Лобсан (Агвандоржиев)
- Дмитриев, Николай Константинович
- Долинина, Анна Аркадьевна
- Дорн, Борис Андреевич
- Дьяков, Николай Николаевич
- Дьяконов, Игорь Михайлович
- Дьяконова, Елена Михайловна
- Елизаренкова, Татьяна Яковлевна
- Елисеев, Сергей Григорьевич (с 1921 — Франция)
- Жуковский, Валентин Алексеевич
- Завадовский, Юрий Николаевич
- Иванов, Владимир Алексеевич
- Игнатович, Александр Николаевич
- Казембек, Александр Касимович
- Казин, Всеволод Николаевич
- Кантемир, Дмитрий Константинович
- Кирпиченко, Валерия Николаевна
- Князев, Александр Алексеевич
- Ковалевский, Егор Петрович
- Ковалевский, Осип Михайлович
- Ковалёв, Александр Александрович (арабист)
- Ковельман, Аркадий Бенционович
- Кондратьев, Сергей Александрович
- Кононов, Андрей Николаевич
- Конрад, Николай Иосифович
- Коробов, Владимир Борисович
- Коротаев, Андрей Витальевич
- Корш, Фёдор Евгеньевич
- Крачковский, Игнатий Юлианович
- Крымов, Афанасий Гаврилович — толық есімі Го Шао-тан (Куо Жа-тон, Куо Шао-тан; лақабы: А. Г. Афанасьев, Е. Куо)
- Куделин, Александр Борисович
- Курдоев Канат Калашевич
- Кычанов, Евгений Иванович
- Ланда Роберт Григорьевич
- Ланьков, Андрей Николаевич
- Латышев, Игорь Александрович
- Лебедев, Герасим Степанович
- Левин, Сергей Фридрихович
- Литвинский, Борис Анатольевич
- Майнагашев, Степан Дмитриевич
- Макаренко, Владимир Афанасьевич
- Малявин, Владимир Вячеславович
- Сергей Ефимович Малов
- Марр, Юрий Николаевич
- Мейер, Михаил Серафимович
- Мендрин, Василий Мелентьевич
- Мерварт, Людмила Александровна
- Микульский, Дмитрий Валентинович
- Минаев, Иван Павлович
- Минорский, Владимир Фёдорович
- Наумкин, Виталий Вячеславович
- Невский, Николай Александрович
- великий князь Николай Константинович
- Никитин, Леонид Александрович
- Новосельцев, Анатолий Петрович
- Обермиллер, Евгений Евгеньевич
- Ольденбург, Сергей Фёдорович
- Орбели, Иосиф Абгарович
- Османов, Магомед-Нури Османович
- Остроумов, Николай Петрович
- Павленко, Андрей Петрович
- Пак, Борис Дмитриевич
- Паллас, Петер Симон
- Панкратов, Борис Иванович
- Парибок, Андрей Всеволодович
- Патканов, Керопэ Петрович
- Погадаев, Виктор Александрович
- Позднеев, Алексей Матвеевич
- Поливанов, Евгений Дмитриевич
- Попов, Александр Васильевич
- Поппе, Николас (1897 – 1991)
- Празаускас, Альгимантас Аугустинович
- Примаков, Евгений Максимович
- Василий Васильевич Радлов
- Разумовский, Константин Иванович
- Рейснер, Марина Львовна
- Рерих, Николай Константинович (1874—1947)
- Рерих, Юрий Николаевич (1902—1960)
- Рерих, Елена Ивановна (1879—1955)
- Розенберг, Оттон Оттонович
- Рождественский, Юрий Владимирович
- Руденко, Маргарита Борисовна
- Рудов, Леонид Николаевич
- Рыбаков, Ростислав Борисович
- Санчес, Алкаэн Альбертович
- Саблуков, Гордий Семёнович
- Сагадеев, Артур Владимирович
- Семененко, Иван Иванович
- Сенковский, Осип (Юлиан) Иванович
- Скачков, Пётр Емельянович
- Слинкин, Михаил Филантьевич
- Смирнов, Илья Сергеевич
- Соколов-Ремизов, Сергей Николаевич
- Стеблин-Каменский, Иван Михайлович
- Суворова, Анна Ароновна
- Терентьев, Михаил Африканович
- Толстой, Лев Николаевич (1828—1910)
- Топоров, Владимир Николаевич
- Топчибашев, Мирза Джафар
- Торчинов, Евгений Алексеевич
- Туманский, Александр Григорьевич
- Туманян, Тигран Гургенович
- Ухтомский, Эспер Эсперович
- Федоренко, Николай Трофимович
- Флюг, Константин Карлович (Флуг, Константин Константинович)
- Фомичев, Владимир Дмитриевич
- Фролов, Дмитрий Владимирович
- Фролова, Ольга Борисовна
- Хакимов Карим Абдрауфович
- Хана Яфиа Юсиф Джамиль
- Ханыков, Николай Владимирович
- Хвольсон, Даниил Авраамович
- Цыбиков, Гомбожаб Цэбекович
- Челышев, Евгений Петрович
- Черняев, Сергей Иванович
- Чуфрин, Геннадий Илларионович
- Шапшал, Сергей Маркович
- Шмидт, Александр Эдуардович
- Шмидт, Яков Иванович
- Шнейдер, Евгений Робертович
- Шумовский, Теодор Адамович
- Щербатской, Фёдор Ипполитович
- Щуцкий, Юлиан Константинович
- Юшманов, Николай Владимирович
Белорус шығыстануылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка шығыстанушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абель-Ремюза, Жан-Пьер
- Браун, Эдвард Гранвил (Ұлыбритания)
- Бюрнуф, Эжен
- Вудрофф, Джон Джорж (Ұлыбритания)
- Гай Лэ Стрэнж (Ұлыбритания)
- Демьевилль, Поль
- Елисеев, Сергей Григорьевич (Франция)
- Жюльен, Станислас Эньян
- Кёрёши Чома, Шандор
- Кремер, Альфред фон
- Ла Валле-Пуссен, Луи
- Леви, Силвен
- Масперо, Анри
- Масперо, Гастон
- Мюллер, Фридрих Макс
- Паллас, Петер Симон
- Пеллио, Поль
- Пилсудский, Бронислав
- Райшауэр, Эдвин
- Рамстедт, Густав
- Рис-Дэвидс, Томас
- Розенталь, Франц
- Роули, Джордж
- Сенар, Эмиль
- Турман, Роберт
- Туччи, Джузеппе
- Шампольон, Жан-Франсуа
- Шиммель, Аннемари
- Шор, Мойше
Азия және Африка шығыстанушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
- Густерин П. В. По следу Кантемира. Российскому востоковеджению исполняется 300 лет // Российская газета. 2011, № 147 (8 шілде).
- Алексеев М. Н. Военная разведка Российской империи — от Александра I до Александра II. — М.: Вече, 2010. — 480 с.
- История отечественного [российского] востоковедения до середины XIX века. М., 1990.
- Липранди И. П. Обозрение пространства, служившего театром войны с Турцией с 1806 по 1812 ж. СПб., 1854.