Экзосома

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Экзосомалардың пайда болу схемасы

Экзосома - диаметрі 30-40 нанометрге жететін, микроскоппен ғана көруге болатын жасушадан тыс везикула (көпіршіктер). Жасушааралық кеңістіктегі әртүрлі денелердің жасушалары мен ағзаларынан бөлініп шығады. Экзосоманың қуысы цитоплазмадан пайда болған, сонымен қатар құрылымында ақуыздар, РНҚ және липидтер бар. Экзосоманың мембранасы эндосомальді мембрананың бөлінуінен түзіледі. Экзосомалар көптеген сұйық ұлпалардың ағзаларынан табылады: қан сарысуы, жұлынның сұйықтығы, және де сүттің құрамында, сілекейдің және зәрдің құрамында кездеседі. Экзосоманың атқаратын қызметтері әрқилы: жасушааралық байланыс, ақуыздар секрециясындағы байланыс, иммунды жүйенің мықтылығы және басқалар. Алайда, экзосомалардың атқаратын қызметі әлі де толықтай зерттеліп бітпеген.

Экзосомалар ең алғаш 1983ж ылы ретикулоциттерді дифферинциалдау кезінде сипатталып кеткен. 1985 жылы экзосома ретикулоцидтерінің пісіп жетілуі нәтижесінде мембранадан трансферрин рецепторлары түзілетіндігі байқалған. Ең алғашында экзосомаларды цитоплазманың асқын сұйықтығы үшін «суқойма» деп есептеген. 1990 жылдың аяғына таман экзосомалардың ағзада болып жатқан иммунды реакцияларға қатысатындығы белгілі болды. Яғни олар жасушааралық байланыстарға түсе алған.

2007 жылы көптеген микроРНҚ және мРНК ашылды, оларды экзосомалар нысаналы жасушыларға тасымалдаған. Эмбрионалды жасушалары реттеу барысында, экзосомалардың мРНК жасуша аралықтарынан горизанталь тасымалдайтындығы белгілі болған. Экзосомалар қан клеткаларына мРНҚ тасымалдайды, нәтижесінде реципиент жасушаларын фенотипті өзгерістерге ұшыратады.

Қазіргі кездегі болжамдар бойынша, экзосомалар тасымалдайтын нуклеин қышқылдары эпигентті тұқым қуалашылыққа ұшыраған.

Экзосомалардың пайда болуын зерттеу үлкен жауапкершілікті талап етеді, экзосоманың жасушааралық байланысы мен басқа жасушалармен байланысын анықтау өте маңызды. Экзосомалардың пайда болуына клатринмен қоршалған плазмалық мембрананың микродомендері әсер етеді. Кейіннен эндосомальді процессті жинақтау жүргізіледі. Бұл процессте эндосомалар убиквитинилирді заттарды тасымалдайды. Бұл әрекет екінші рет қайталғанында интралюминалды көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер уақыт өте келе лизосомаға айналып кетуі мүмкін, бұл кезде плазмалық мембранада деградация болып, жасушааралықтарын толықтырып тұрады.

Экзосомалардың ақуыздық құрылымы көп жағдайларда эндосомалардың шығу тегін көрсетеді. Ол жасушаның типіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, экзосомалардаға ақуыздар жиынтығына эндосомадағы ақуыз маркерлері ұқсас келеді.

    • CD63, CD81 және CD9 жоғарыконсервативті тетраспиндердің құрамына кіреді. Олар экзосомалар арқылы микроРНК тасымалын жүргізеді;
    • Alix (ағылш. apoptosis-linked gene 2-interacting protein);
    • Tsg101 (ағылш. tumour susceptibility gene 101) —экзосомаларды биогенездеуге немесе тасымалдауға қажетті эндосомды ақуыз компоненті;
    • Иммунды жүйеде түзілетін экзосомардың құрылымы MHCII және басқа да костимуляторлы молекулаларға бай болады;

Сонымен қатар экзосомалардың құрамында түрлі ферменттер, пероксидтер, пируваткиназдар, липидкиназдар, енолазалар түзіледі. Экзосомалар тек қана өз қасиеттерімен қатар ақуыздарды да тасымалдайды, мысалы Wnt ақуызы.

Экзосомалар көптеген липидтерден де құралады, мысалы: церамидтер, сфингомиелин, фосфатидилсерин, фосфатидидилэтаноламин, лизофосфатидилхолин,фосфатидилхолин, фосфатидилинозитол, холестерин және басқалары. Липид жай ғана экзосоманың инертті материалы емес, олар биологиялық белсенділіктің деңгейіне әсер етеді. Экзосомалардың биогенезі кезінде мультивезикулярлы денешіктер липидтері мембрананы түзуге қатысады.

Экзосомалардың беткі қабатында манноза, полиактозамин секілді ақуыздар орналасқан.

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]