Қазақ хандарының шежіресі
Қазақ хандары әулеті | |
Қазақ хандығының байрағы | |
Негізгі әулеті |
Шыңғыс хан әулеті |
---|---|
Елі | |
Құрылды | |
Негізін салушысы | |
Соңғы басшысы | |
Титулдары | |
Қазақ хандығында 1459 – 1847 жылдар аралығында билік жасаған әулет шежіресі.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан бастау алады. Қазақ хандарының атасы – Ұрыс хан. Оның аталары жөнінде тарихи әдебиетте екі жақты пікір қалыптасқан. Бірінде оны Жошы ханның 13-ұлы Тоқай Темір әулетінен таратады («Нұсрат-Намэ», «Му'Уииз әл-ансаб», «Түрік шежіресі» (Әбілғазы Баһадүр Хан), «Шыңғыснама» (Өтеміс қажы), кейіннен Ш.Уәлиханов пен Ш.Құдайбердіұлы, т.б.). Осы жазба деректерге байланысты Қожа Ахмет Ясауи мазарында қойылған хандар тақтасында қазақ хандары “Тоқай Темір әулетінен” деп жазылған. Екіншісінде – Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды (Ф.Рашид-ад Дин, В.Вельяминов-Зернов, П.Савельев, Т.Сұлтанов, т.б.). Орда Ежен хан Жошы ұлысының сол қанатын басқарды, Жошының 5-ұлы Сыбан (Шайбани) мен Тоқай Темір сол қанаттың құрамындағы кіші отаулар болды[1].
Қазақ хандарының шежіресі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 5 том
|