Қазнет
Қазнет — Интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі.
Қазіргі заманда Қазнеттегі сайттардың басым бөлігі орыс тілінде. Сол себептен Қазнет Рунеттің бір бөлігі боп табылады (интернетте ешбір шекара болмайтындығына байланысты) деген пікірлер де айтылады. Сонымен қатар Қазнеттегі қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келетінін де байқай аламыз.
«Қазнет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады:
- .kz және жаңадан пайда болған .қаз аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары;
- Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық аумақ ресурстары;
- Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар;
- Қазақстандық ұйымдардың шетелдік өкілдер ресурстары;
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді
- 1997 жылы қазақстандық сайт «Business Website of 1997» халықаралық конкурсында бірінші халықаралық марапатқа ие болды. Бүгінгі таңда жойылған жоба ([1] Мұрағатталған 12 желтоқсанның 1998 жылы.) жеңімпаздардың бірі болды.
- 1996 жылдың 24 желтоқсанынан бері Александр Е. Ляхов «Lyakhov.KZ — Большая энциклопедия Казнета» ([2]) ақпаратты-ағартушы порталының негізін салды.
- 1997 жылы «қазақстандық Интернеттің бейресми әкесі» саналатын Александр Ляхов «Весь WWW Казахстан» ([3]) қазақстандық веб-ресурстар каталогының жобасын іске қосты.
- 1998 жылы Интернеттің қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуаль дүкені мен Guide Park ([4]) тауарлар каталогы пайда болды;
- 1998 жылдың маусымында Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт пайда болды — Физико-технический институт МН-АН РК ([5]);
- 1998 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда Интернет арқылы тұрақты радиохабар жүзеге асырылады — Алматы қалалық радиохабар түйінін Алматытелеком ([6] Мұрағатталған 14 қыркүйектің 2008 жылы.) МОТ сервері арқылы RealAudio технологиясын қолдана отырып хабар тарату.
- 1998 жылдың қазан айынан бастап, тұңғыш рет Казнетте университет ресурстарына - «ҚазМУ электронды каталогы» (авторы Мамбеталиев Қ.) қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе қазір lib.kazsu.kz Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. сайтында қолданылады.
- 1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ орталығын» ([7]) жоғары деңгейлі .kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менеджері ретінде тағайындады.
- 2009 жылы Қазақстандағы басты ақпараттық Интернет жүйесінің дамыған ұлттық сегменттін қалыптастыру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру, осы саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті көтермелеу мақсатында «Қазконтент» АҚ компаниясы құрылды.
Қазнет санағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заңнама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандағы Интернет дүниежүзілік желінің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның байланыс және ақпарат құзыретіне жатады, Казнеттің дамуында бастапқы ұлттық провайдер, "Қазақтелеком", үлкен роль атқарады. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атаулардың әкімшісі "Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығының" нысанындағы заңды тұлғалардың Бірлестігі болып табылады. Домендік атаулардың тіркеушісі - "Қазақ желілік ақпарат орталығы" (KazNIC) мекемесі.
Сілтемелер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақша сайттар жинағы Мұрағатталған 8 қаңтардың 2018 жылы.
- Қазақтелеком
- Microsoft Kazakhstan
- Google Kazakhstan
- Қазақстанның іздеу жүйесі Мұрағатталған 27 маусымның 2009 жылы.
- Казнеттің үлкен энциклопедиясы (орысша)
- Award.KZ Ұлттық интернет сыйлығы Мұрағатталған 8 қарашаның 2008 жылы.(орысша)
- Kaзах.RU Халықаралық қазақ сервері Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2021 жылы.(орысша)
- Барлық WWW Қазақстан(орысша)
- Gazeta.kz электронды ақпараттық-аналитикалық портал Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша)
- Қазақстандағы IT туралы қазақстандық блок Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша)
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |