Қарғалы ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Қарғалы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Бадамша

Ауылдық округтер саны

8

Ауыл саны

15

Әкімі

Нұрлыбек Амандоллаұлы Өнербаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, №38

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°52′48″ с. е. 58°09′00″ ш. б. / 50.88000° с. е. 58.15000° ш. б. / 50.88000; 58.15000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°52′48″ с. е. 58°09′00″ ш. б. / 50.88000° с. е. 58.15000° ш. б. / 50.88000; 58.15000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1934

Жер аумағы

5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 370[1] адам (2023)

Тығыздығы

3,1 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (62,54%), орыстар (18,84%), украиндар (9,73%), немістер (4,49%), татарлар (1,36%), басқалары (3,04%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71342

Пошта индексі

030500-030513[3]

Автомобиль коды

04

Қарғалы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қарғалы ауданы

Облыс картасындағы Қарғалы ауданы

Қарғалы ауданыАқтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Орталығы – Бадамша ауылы. Жер аумағы 5,0 мың км².

Географиялық орны мен жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Мәртөк ауданымен, оңтүстігінде Ақтөбе қаласы және Хромтау ауданымен, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жерінің басым бөлігі жазық, төбелі-бөктерлі жерлер де кездеседі. Солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік сілемдері бар. Аймақта тұщы жер асты сулары мен минералды сулардың үлкен қоры бар. Аудан экономикасы - ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген.

Аймақтың климаты күрт континенталды. Қаңтардың орташа температурасы -20 -25°С, шілде айында +25-27°С. Жауын-шашынның орташа жылдық түсімі 125-250 мм.

1935 жылы 16 ақпанда Степной ауданы болып құрылды. Орталығы Қосестек ауылы болды.

1957 жылы 26 қыркүйекте таратылған Родников ауданының бір бөлігі Степной ауданына қосылды.

1962 жылы 11 қазанда Ақтөбе облыстық атқару комитетінің шешімімен Степной ауданы таратылып, жері Новороссия және Мәртөк аудандарына берілді.

1966 жылы 31 қаңтарда бұрынғы Степной ауданының аумағында Ленин ауданы құрылды. Орталығы Қосестек (кейін Ленинское) ауылы болды.

1967 жылы 18 наурызда Ленин ауданының орталығы Ленинское ауылынан Бадамша кентіне көшірілді.

1997 жылы 17 маусымда Президенттің Жарлығымен Ленин ауданы Қарғалы ауданы болып аталды.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 13392 32554 28453 21811 20454 19172 16781 16899

Тұрғындар саны 17107 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,23%), орыстар (19,02%), украиндар (9,99%), немістер (4,45%), татарлар (1,36%), басқалары (2,95%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 15 елді мекен 8 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ащылысай ауылдық округі Ащылысай ауылы 4 1277
Әлімбет ауылдық округі Әлімбет ауылы 1 837
Бадамша ауылдық округі Бадамша ауылы 1 5868
Велихов ауылдық округі Велиховка ауылы 2 319
Желтау ауылдық округі Петропавловка ауылы 1 2453
Кемпірсай ауылдық округі Жосалы ауылы 2 738
Қосестек ауылдық округі Қосестек ауылы 1 1496
Степной ауылдық округі Степное ауылы 2 890
Шәмші Қалдаяқов ауылдық әкімдігі Шәмші Қалдаяқов ауылы 1 1407

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Халқы
(2009)
Бадамша 5359
Петропавловка 1945
Шәмші Қалдаяқов
(Александровка)
1934
Қосестек 1541
Әлімбет 1009
Ащылысай
(Григорьевка)
931
Степное 665
Жосалы 631

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]