Құшрақ Бури қаған
Құшрақ Бури қаған | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
693 — 704 | ||
Ізашары | Ашина Юанькин шад | |
Ізбасары | мемлекет құлдырады | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 704 Чаньан | |
Династия | Ашина | |
Әкесі | Ашина Бучжи шад | |
Балалары | Хуай Дао | |
өңдеу |
Құшрақ Бури қаған (Ашина Хушэло-шад, Ашина Хусиньло) — 679/693 жылдан 704 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны.
Биографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нушеби тайпасының билеушісі Ашина Бучжень шадтың ұлы. Ол әкесі сияқты Тан империясының қолшоқпары болды. Сондықтан онымен қоластындағы адамдар санаспады. Ол Қытай еліне жақпай қалған болу керек, себебі империядан атақ-даңқ, шен-шекпеннің барлығы Ашина Юанькин шадқа бұйыратын. 693 жылы Юанькин Қытайда өлім жазасына кесілді, ал батыс түріктері көтеріліске шығып, Ашина Шуцзыды (阿史那俀子) қаған сайлады. Ашина Суйцзы тибеттіктермен одақтасып, Қытайға шабуыл жасады. Ван Сяогай оның әскерін Линьцюань түбінде талқандады. Хань Сычжун тибеттіктерден Нишумус шаһарын тартып алды. 699 жылы Хушэло батыс аймақтың қолбасшысы болып тағайындалды, ол Учжилэ ханмен соғысуға бекінді. Қаған өзінің әскери күшін есептеп Қытайға 60-70 мыңдық қолмен оралды. 704 жылы ол Чаньаниде қайтыс болды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|