Ұлан Әбиірбекұлы Қонысбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ұлан Қонысбаев Футбол
Ұлан Қонысбаев Австрия құрамасына қарсы матчта
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ұлан Әбірбекұлы Қонысбаев

Туған күні

28 мамыр 1989 (1989-05-28) (35 жас)

Туған жері

Өскемен

Азаматтығы

 Қазақстан

Бойы

176

Салмағы

62

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Қазақстан Окжетпес

Номері

27

Жастар клубы
Қазақстан Жамбыл
Клуб карьерасы[* 1]
2006—07 Қазақстан Жамбыл 42 (5)
2008—10 Қазақстан Тараз 82 (14)
2011—13 Қазақстан Локомотив/Астана 65 (11)
2011   Қазақстан Шахтер 11 (1)
2013—14 Қазақстан Шахтер 19 (4)
2015 Қазақстан Астана 8 (0)
2015   Қазақстан Қайрат 6 (0)
2016  Қазақстан Атырау 13 (1)
2018 Қазақстан Ақтөбе 12 (0)
2019 Қазақстан Окжетпес 3 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2008—10 Қазақстан-21 4 (0)
2011—2016 Қазақстан 32 (3)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Ұлан Қонысбаев (28 мамыр 1989, Өскемен) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы.

Футболға қызығушылығы үш жолақты елде өткен 1998 жылғы әлем чемпионатын тамашалағаннан кейін басталған. Роналдо, Зидан, Ривалдо бастаған серкелердің ойынын көрген ағайынды қос жігіт Тараздағы футбол мектептерінің біріне жазылады. Әулиеата өзіндік футбол мектебіқалыптасқан, таланттарымен мақтана алатын өлке. Сондықтан жас футболшылардың бақыттарына орай білікті мамандар жолығады. Серік Өмірбеков есімді бапкер арық әрі әлсіз баланы дұрыс жолға бағыттай білді. Ал Малик Кургулин деген бапкер оны Қырғыстанда өткен жарысқа ерте барады.

Көзге түсе бастаған жас футболшыны жергілікті «Тараз» командасыныңбапкерлері фарм-клубқа шақырады. Он алты жасында қосалқы құрамныңфутболшыларымен бірге өнер көрсетті. Екі жылдан соң, негізгі құраммен бірге жаттыға бастайды. Ол кезде «Тараз» Бірінші лигаға түсіп қалған еді. Дебюттік кездесуін Оралдың «Ақжайығына» қарсы өткізді. Ұлан өзінің алғашқы матчында гол соғып, бапкерлердің сенімін ақтайды. Сол жылғы маусымда жеті гол соқты. 2008 жылы «Тараз» Премьер-лигаға оралды. Қапталда өнер көрсететін Қонысбаевты бапкерлер басында бірнеше позицияларда сынап көрді. Шабуылда, сол қапталдағықорғаушы, жартылай қорғаушы секілді міндеттердің барлығын атқарып жүрді. Жоғары лигада сол жылдары еліміздегі ең теңдесіз команда «Ақтөбенің» қақпасын гол соғып, елдің назарын өзіне аудара бастайды. Бала күнінен өзінің футболдағы үлгі тұтар кумиры Самат Сымақовқа қарсы өнер көрсетіп, әрі кездесуді нәтижелі аяқтағанда оның қуанышында шек болмады...

Ол кезде жеткіншіктерімізді неміс Бернд Шторк жаттықтыратын. Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Марат Шахметов, Сабырхан Ыбыраев, Талғат Сабалақов бастаған талантты жастармен бірге ойнады.

Локомотив (Астана)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұланның Республикаға танымал болуы Локомотив» сапына ауысымен байланысты. Елордалық клуб 2011 жылы 21 жастағы футболшыны 32 жастағы ардагер Роман Похалюкке ауыстырды. Сол жылы ақпанда Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өзінің ұлттық құрамадағы дебюттік матчын өткізді. Бас бапкер Хольгер Фах Таңат пен Ұланды алаңға алма-кезек шығарып жүрді. Бұған көңілі тола қоймаған Қонысбаев жазғы трансферлік үзіліс кезінде «Шахтердің» ұсынысынқабылдап, Қарағанды командасына ауысады. «Локомотив» басшылары жас футболшыны «кеншілерге» маусым соңына дейін жалға берді. Бұл шешім оның карьерасына оң өзгеріс әкелді.

Футболдағы әрі өмірдегі досы Жамбыл Көкеевпен тізе қосып өрнекті ойын өрнегін көрсете білді. Қазақтың қос дарынды футболшысы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Коперді» қапы қалдырды. Словенияның командасының қақпасына соғылған үш доп та Ұлан мен Жамбылдың еншісінде. Қыркүйекте Қонысбаев Ыстамұлда Түркия құрамасының қақпашысы Волкан Демирелдің осал тұсын тапты. Бұл біздің түрік қақпасына соққан алғашқыәрә әзірге жалғыз голымыз. Осы голдан кейін оның атағы тіптен алысқа тарады. Олардың соққан 14 добына әзірге осы бір доппен ғана жауап беріп тұрған жайымыз бар.

Маусым аяқталып, ел біріншілігі мәресіне жеткеннен кейін үздік футболшы «Астанаға» қайтып барды. Басында «Шахтермен» бір жылға келсім жасасып қалады деген футболшы аяқ астынан қайтадан елордалық клубқа келді .

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақстан чемпионы: 2011 жылы
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 жылы
  • Қазақстан кубогының иегері: 2012 жылы
  • Қазақстан суперкубогының иегері: 2011, 2015
  • 2011 жылғы Қазақстанның ең үздік футболшысы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]