Ұшқан ұя
Ұшқан ұя | |
Авторы | |
---|---|
Түпнұсқа тілі | |
Жазылған жыл |
1950–жылдар |
Жариялануы |
1956 жыл |
Баспагер |
Жазушы |
Аударма |
Т. Иманжанов |
«Ұшқан ұя» — қазақ жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлы жазған автобиографиялық шығарма. Орыс тілінде 1956 жылы Калинин қаласының кітап баспасында шықты. Повесть қазақ тілінде алғаш рет 1975 жылы «Жазушы» баспасында Т. Иманбековтың аудармасымен жарияланды және 1976 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Жалғасы ретінде автор тағы бір автобиографиялық кітапты жазбақ ниеті болған, алайда жүзеге аспады[1].
Мазмұны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
- Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
- Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі, орысша хат таныған, ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
- Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы,жалғыз ұлы Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болған.
- Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
- Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
- Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.
- Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.
- Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.
- Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.
Тарихи оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1916 жылы – ұлт азаттық көтеріліс жылы.
- 1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы", "ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады. Жаңаша жер бөліс орнады. Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады. Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Баурджан Момышулы. Собрание сочинений в двух томах. Том второй. Алма–Ата, издательство «Жазушы», 1986, стр. 301
|