Аэродром
Аэродром — құрылыстар салынған, құрал-жабдықтар орналастырылған, сондай-ақ ұшақтардың ұшып-қонуына, қозғалуына, тоқтап тұруына және күтімделуіне арналған кең аймақты жер. Аэродром — ұшу аппараттарын ұшыру, қондыру, оған қызмет көрсету үшін кажетті түрліше ғимараттары бар алаң.
Аэродром ауданы (Аэродромный район) — қатынас жолдары және байланыс құралдары арқылы өзара байланысқан бірнеше аэродром тораптарының жиынтығы. Аэродром ауданына кіретін аэродромдар саны авиация құрамы және авиациялық бөлімдердің орналасу тығыздығына қарай белгіленеді. Аэродром ауданына 2-4 және одан көп аэродромдық тораптар кіруі мүмкін.
Аэродром желісінің сыйымдылығы (Емкость аэродромной сети) — ұрыстық қимылдар театры, стратегиялық бағытта немесе белгілі бір ауданда бар аэродромдарға бір уақытта орналасуы мүмкін авиация түрлеріндегі авиациялық құрамалар, бөлімдер, бөлімшелердің ең көп саны. Ол дайындалған аэродромдар санына және оның сыйымдылығына байланысты.
Аэродром сыйымдылығы (Емкость аэродрома) — қабылданған бытыратып орналастыру нормаларына сәйкес аэродромда бірыңғай орналастырылған ұшу аппараттарының (әуе бөлімшелерінің) ең көп мөлшері. Аэродром сыйымдылығы ұшу алаңының көлеміне, ұшу-қону жолақтарының санына, ұшу аппаратының тұрағындағы орындардың болуына, аэродромның жарақталуы дәрежесіне, техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне, сонымен бірге ондағы орналасқан ұшу аппараттарына байланысты болады.
Аэродром торабы (Аэродромный узел) — авиациялық құрамаларды орналастыруға арналған аэродромдар тобы. Аэродром торабына қатынас жолдары және байланыс желілері арқылы өзара байланысқан майдандағы, қордағы және жалған аэродровдар, сонымен бірге маневр аэродромдары да жатады. Әрбір аэродром торабы үшін оның шеқарасы, жалпы ұшу тәртібі белгіленіп, ұшуды өткізу бойынша нұсқаулар даярланады және аға авиация бастығы тағайындалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |