Монорельс
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Монорельс — эстакада бойымен қозғалатын рельстік көліктің бір түрі.
Ол ірі қалалардың жолаушы айналымы жоғары болатын аймақтарында, үлкен аэропорттардың маңында немесе көп жерді алатын ойын-сауық саябақтарында қолданылады.
Монорельс көлігі модельге байланысты рельстің үстінен де, астынан да бекітілуі мүмкін.
Ондай көлік түрі жол қиылыстарына, бағдаршамдарға, кептеліске қарамай, өзінің жеке бағытымен қозғалады.
Мысалдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Вупперталь — ең көне істейтін монорельс, 1901 жылдан бері
- Чунцин — ең ұзын монорельс, 100 шақырымға жуық[1]
- Анахайм, Калифорния — Диснейлендтегі монорельс
- Мәскеу — ТМД елдеріндегі алғашқы монорельс, 2008 жылдан бері
- Токио — алғашқы коммерциялық монорельс, 1964 жылдан бері[2]
- Тиба — ең ұзын аспалы монорельс, 15,2 шақырым
- Жапония — ең көп монорельс жүйесі істейтін ел, 10
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Маглев — дөңгелектері жоқ эстакадалық көлік түрі
- Пиплмувер — шағын эстакадалық көлік түрі, монорельсті де, екірельсті де бола алады
- Шиналы трамвай — бір бағыттағыш рельсі бар шиналы көлік
- Шиналы метро — бір бағыттағыш рельсі бар метро секілді көлік
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Monorail |
- Minirail at the Expo 67 Мұрағатталған 3 наурыздың 2016 жылы.
- The Disneyland Monorail
- "One-Track Wonders: Early Monorails"
|