Бауыржан Момышұлы ауылы
Ауыл | |
Бауыржан Момышұлы ауылы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
42°37′08″ с. е. 70°45′35″ ш. б. / 42.61889° с. е. 70.75972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°37′08″ с. е. 70°45′35″ ш. б. / 42.61889° с. е. 70.75972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1916 |
Бұрынғы атаулары |
Бурное |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
15 561[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
08 |
Бауыржан Момышұлы ауылы шекарасы
|
Бауыржан Момышұлы ауылы (1992 жылға дейін — Бурное)[2] — Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы (1936 жылдан).
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км жерде, Теріс өзенінің (Аса өзенінің саласы) оң жағалауында, солтүстікте Қаратау, батыста Боралдай, оңтүстік-шығыста Талас Алатауының түйіскен жерінде орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1916 жылы Арыс – Әулиеата темір жолын салуға байланысты қаланған.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
12491 | ▲15284 | 122,4 | 6068 | ▲7605 | 125,3 | 6423 | ▲7679 | 119,6 |
Кәсіпорындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бауыржан Момышұлы ауылында сыра зауыты, баспахана, диірмен, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, май және нан зауыттары, жүн иіру және жіп тоқу фабрикасы, астық қабылдау пункті, мал емдеу пункті жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аурухана, емхана, тубдиспансер, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мәдениет үйі, стадион, кинотеатр, қонақ үйі, орта мектептер, музыка және спорт мектептері, балабақшалар, т.б. мекемелер бар.
Ауыл 1993 жылдан Бауыржан Момышұлы аталады. 1995 жылы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының мемориалдық ескерткіші мен мұражайы ашылған. Ауыл үстімен Алматы – Ташкент автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
-
Бауыржан Момышұлы ауылы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|