Жуалы ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Жуалы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жамбыл облысы

Аудан орталығы

Бауыржан Момышұлы ауылы

Ауылдық округтер саны

14

Ауыл саны

49

Әкімі

Жалғас Әлижанұлы Мұртаза

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, №12

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°31′40″ с. е. 70°45′35″ ш. б. / 42.52778° с. е. 70.75972° ш. б. / 42.52778; 70.75972 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°31′40″ с. е. 70°45′35″ ш. б. / 42.52778° с. е. 70.75972° ш. б. / 42.52778; 70.75972 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

4,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

54 586[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (90,54%), орыстар (5,82%), басқалары (3,64%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Жуалы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жуалы ауданы

Облыс картасындағы Жуалы ауданы

Жуалы ауданыЖамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км². Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы.

Алатау
Бурное станциясы
Қош келдіңіз
Орталық мешіт

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Талас ауданымен, шығысында Жамбыл ауданымен, батысында Түркістан облысының Бәйдібек, Төле би, Түлкібас аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 32733 38104 45679 47145 48384 48453 50391 54072

Тұрғыны 52 169 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (90,01%), орыстар (6,13%), басқалары (3,87%).

Халықтың өзгеру динамикасы

Жыл Жуалы ауданы Б.Момышұлы
1999 жыл 50,4 мың тұрғын 10,5 мың тұрғын
2000 жыл 49,1 мың тұрғын 11,9 мың тұрғын
2001 жыл 49,6 мың тұрғын 11,8 мың тұрғын
2002 жыл 49,6 мың тұрғын 11,8 мың тұрғын

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 49 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсай ауылдық округі 2933 3030 103,3 1499 1583 105,6 1434 1447 100,9
Ақтөбе ауылдық округі 2693 2682 99,6 1333 1391 104,4 1360 1291 94,9
Бауыржан Момышұлы ауылдық округі 12491 15284 122,4 6068 7605 125,3 6423 7679 119,6
Билікөл ауылдық округі 1833 1634 89,1 935 840 89,8 898 794 88,4
Боралдай ауылдық округі 2691 2545 94,6 1379 1354 98,2 1312 1191 90,8
Жетітөбе ауылдық округі 2872 3193 111,2 1462 1632 111,6 1410 1561 110,7
Көкбастау ауылдық округі 3081 2980 96,7 1515 1520 100,3 1566 1460 93,2
Күреңбел ауылдық округі 2127 2071 97,4 1042 1071 102,8 1085 1000 92,2
Қарасаз ауылдық округі 3310 3471 104,9 1636 1778 108,7 1674 1693 101,1
Қошқарата ауылдық округі 1671 1542 92,3 844 792 93,8 827 750 90,7
Қызыларық ауылдық округі 2297 2397 104,4 1130 1279 113,2 1167 1118 95,8
Мыңбұлақ ауылдық округі 4091 4635 113,3 2037 2430 119,3 2054 2205 107,4
Нұрлыкент ауылдық округі 4413 4565 103,4 2241 2373 105,9 2172 2192 100,9
Шақпақ ауылдық округі 3888 4043 104 1979 2084 105,3 1909 1959 102,6
ЖАЛПЫ САНЫ 50391 54072 107,3 25100 27732 110,5 25291 26340 104,1

Таулы үстірттің климаты қоңыржай континенттік, қаңтардың орташа температурасы –2°С, шілдеде 18°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм шамасында. Климат жағдайлары дәнді дақылдар мен кейбір техникалық (күнбағыс) дақылдарды егуге қолайлы. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ. Қаңтарда –8°С, шілдеде 24°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм.

Басты өзені – Теріс (төмен жағы Асы деп аталады), оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Ауданның солтүстік-батысынан Қошқар ата (Боралдайдың саласы) өзені ағып өтеді. Теріс өзенінде Терісащыбұлақ бөгені салынған (көлемі 50 млн. м³).

Ауданның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, боз, селеу, қызғылт қоңыр топырағында түрлі шөптер, бидайық аралас өсімдіктер өседі. Өзен бойларында бұталы тоғайлар (тобылғы, итмұрын, долана, сарыағаш) кездеседі. Тау аңғарларында жабайы алма, алмұрт, үйеңкі, шетен өседі. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі Талас Алатауының беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын. Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бөлігі саналады. Солтүстігіндегі Билікөл қазаншұңқырының сұр топырағында жусан, сораң өсімдіктер, Асы өзенінің аңғарында ши өседі.

Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа, шиебөрі кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік бар. Билікөлде сазан, жайын ауланады.

Елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Елді мекендері көбінесе темір жолдың бойында орналасқан. Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Көлбастау, Қайрат, Нұрлыкент, Күреңбел, Шақпақ ата, Қарасаз. Аудан негізінен тәлімі және ішінара суғармалы егіншілікпен және ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 329,6 мың га, оның ішінде егістігі 90 мың га, шабындығы 7,5 мың га, жайылымы 112,0 мың га, орманы 20 мың га. Егістігінің ішінде дәнді және техникалық дақылдардың үлесі басым. Мемлекеттік бағыныстағы Октябрьское және Бурненский ауыл шаруашылық кәсіпорындары, Ақсай су шаруашылығы жүйелерінің басқармасы, Күркіреусу, Сұрым, Шақпақ т. ж. ст. жұмыс істейді. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы, Ташкент – Алматы, Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата автомобиль жолдары өтеді.

Қысқаша сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзербайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер.

Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауы қоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді.

Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады.

Ауданнан шыққан тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Бурный сыр зауыты" ЖШС;
  • "Жуалы" АТК;
  • "СМТС" ЖШС.

Әлеуметтік нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда білім бөліміне қарасты 62 білім мекемесі жұмыс істейді:

  • 46 жалпы білім беретін мектеп (30 орта, 7 негізгі, 9 бастауыш)
  • 13 бала бақша
  • 1 өнер мектебі
  • 1 саз мектебі
  • 1 сырттай оқыту мектебі

Жалпы аудан мектептерінде 1502 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың: 1295-і жоғарғы, 207-сі арнаулы орта білімді мамандар. Оның ішінде жоғарғы санаттысы-194, бірінші санаттысы-429 екінші санаттысы -628.

Ауданда 2 балалар -жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Спорттың бокс, еркін қазақ, дзю-до күрестері, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, баскетбол, кір тасын көтеру түрлерінен үйірмелер ашылған.

Момышұлы ауылы аумағында үлкен, кіші футбол, баскетбол, волейбол алаңдары орналасқан. 1500 орындық 1 стадион іске қосылған. Сондай-ақ, аудан аумағындағы елді -мекендерде жалпы 24 спорт залдары, 85 спорт алаңдары, 10 тир және 1 бильярд залы бар.

Жуалы ауданына қарасты 46 мәдениет мекемелері бар. Олар:

  • 1 аудандық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы
  • 8 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клубтар
  • 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы
  • 24 ауылдық кітапхана

Сондай-ақ, «Халықтық» атағы бар 3 ұжым бар, олар «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары.

1924 жылдан бастап аудандық "Жаңа Өмір" газеті жарық көреді.

Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және христиан діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 25 мешіт, 1 шіркеу және 3 діни танымдық үйлері бар. Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 589 адамды құрап отыр.

Ауданда қазақ, славян, өзбек, әзірбайжан және шешен - барлығы 5 мәдени-ұлттық орталықтары жұмыс атқарады. Олардың барлығы 1993 жылы құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде.

Бүгінгі таңда ауданда 174 төсектік орталық аурухана, 25 төсектік туберкулез ауруханасы, 250 адам қабылдауға арналған емхана, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетумен айналысатын 10 дәрігерлік амбулатория және 38 медициналық пункт жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан бойынша 01.12.2009 жылға мал санағы:

  1. Мүйізді ірі қара — 41989 оның ішінде сиыры -14289;
  2. Қой-ешкі — 187644 оның ішінде саулығы - 80680;
  3. Жылқы — 8256 оның ішінде бие - 3262;
  4. Шошқа — 5822 оның ішінде негізгі аналығы - 515;

Ет өнімі (тірі салмағымен) — 108140 цн. (10814 тн.); Сүт - 329272 цн. (32927,2 тн.); Жұмыртқа - 7198,4 мың дана; Жүн - 5303 цн. (530,3 тн.). [6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]