Тұрар Рысқұлов ауданы
Қазақстан ауданы | |
Тұрар Рысқұлов ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
15 |
Ауыл саны |
42 |
Әкімі |
Ернар Серікәліұлы Есіркепов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, №75 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°12′40″ с. е. 72°28′15″ ш. б. / 43.21111° с. е. 72.47083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°12′40″ с. е. 72°28′15″ ш. б. / 43.21111° с. е. 72.47083° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1938 |
Жер аумағы |
10,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
67 533[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (92,47%), орыстар (4,02%), қырғыздар (1,01%), татарлар (0,61%), басқа ұлт өкілдері (1,89%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
08 |
Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Меркі ауданымен, батысында Байзақ, Жамбыл аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы –6 – 8°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан.
Жануарлары мен өсімдіктері әлемі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсімдіктерінен тау шатқалдарында бұта аралас қайың, терек, жеміс ағаштары, тау бөктерінде сұлыбас, қылқан боз, бетеге, Қорағаты өзенінің солтүстік жағалауынан бастап жусан түрлері басым, күйреуік, баялыш, жыңғыл, сексеуіл, ши, т.б. шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, таутеке, арқар, ақбөкен мекендейді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
23313 | ▲47037 | ▲58260 | ▲63137 | ▲63738 | ▼61454 | ▲63691 | ▲67216 |
Тұрғындары 64 512 адам (2019). Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (92,13%), одан басқа орыстар (4,13%), т.б. басқа ұлт өкілдері (3,75%) тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 6,6 адамнан келеді, басым көпшілігі (87 – 89%-ы) ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км²-ге 18 адамнан келеді.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]42 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 1827 | ▲2052 | 112,3 | 922 | ▲1055 | 114,4 | 905 | ▲997 | 110,2 |
Ақбұлақ ауылдық округі | 3553 | ▼3385 | 95,3 | 1775 | ▼1709 | 96,3 | 1778 | ▼1676 | 94,3 |
Ақниет ауылдық округі | 1227 | ▼1155 | 94,1 | 615 | ▼605 | 98,4 | 612 | ▼550 | 89,9 |
Ақыртөбе ауылдық округі | 3192 | ▼3086 | 96,7 | 1589 | ▼1553 | 97,7 | 1603 | ▼1533 | 95,6 |
Жаңатұрмыс ауылдық округі | 2446 | ▼2415 | 98,7 | 1218 | ▼1217 | 99,9 | 1228 | ▼1198 | 97,6 |
Көгершін ауылдық округі | 3331 | ▲3482 | 104,5 | 1649 | ▲1779 | 107,9 | 1682 | ▲1703 | 101,2 |
Көкдөнен ауылдық округі | 3735 | ▼3630 | 97,2 | 1836 | ▼1823 | 99,3 | 1899 | ▼1807 | 95,2 |
Қайыңды ауылдық округі | 1662 | ▼1646 | 99 | 837 | ▲846 | 101,1 | 825 | ▼800 | 97 |
Қарақыстақ ауылдық округі | 4323 | ▲4498 | 104 | 2207 | ▲2301 | 104,3 | 2116 | ▲2197 | 103,8 |
Қорағаты ауылдық округі | 1558 | ▼1200 | 77 | 768 | ▼638 | 83,1 | 790 | ▼562 | 71,1 |
Құлан ауылдық округі | 15714 | ▲19749 | 125,7 | 7714 | ▲9830 | 127,4 | 8000 | ▲9919 | 124 |
Құмарық ауылдық округі | 3559 | ▼3266 | 91,8 | 1806 | ▼1702 | 94,2 | 1753 | ▼1564 | 89,2 |
Луговой ауылдық округі | 10242 | ▲10872 | 106,2 | 5103 | ▲5527 | 108,3 | 5139 | ▲5345 | 104 |
Өрнек ауылдық округі | 4274 | ▼3949 | 92,4 | 2178 | ▼2045 | 93,9 | 2096 | ▼1904 | 90,8 |
Тереңөзек ауылдық округі | 3048 | ▼2831 | 92,9 | 1558 | ▼1448 | 92,9 | 1490 | ▼1383 | 92,8 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 63691 | ▲67216 | 105,5 | 31775 | ▲34078 | 107,2 | 31916 | ▲33138 | 103,8 |
Ауыл аты | Халық саны (2021) |
---|---|
Құлан | ▲18572 |
Луговой | ▲10872 |
Көгершін | ▲3482 |
Каменка | ▲2675 |
Ақыртөбе | ▼2584 |
Жаңатұрмыс | ▼2415 |
Құмарық | ▼2036 |
Тереңөзек | ▼1901 |
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845,6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148,1 мың га, шабындығы 19,9 мың га, жайылымы 685,7 мың га.
Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні – 88. Жеке кәсіпкерлік саны – 239. Аудандағы барлық жұмысшылардың саны 11,8 мың адам, ал еңбек ресурстарының жалпы саны 31,0 мың адам.
Тұрар Рұсқылов ауылында жоғары оқу орнының бөлімшесі, ауылы шаруашылығының колледжі бар. Жалпы білім беретін мектептердің саны (2005) – 44, оның ішінде 1 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқу өндірістік комб. бар, одан басқа 1 балабақша, мәдениет үйі, 6 клуб, 9 кітапхана, мұражай, аудандық аурухана, емхана, диспансер, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшер-акушерлік пункт тіркелген.
Архитектура
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан ежелгі (1 – 16 ғасырлар) тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Тарихи-археология ескерткіштерге Көкдөнен, Қызылшаруа елді мекендері аумағында орналасқан 1 – 4 ғасырлардың қорғандары, Көгершін және Құлан ауылдарының (Шөңгір шатқалы) тұсында “Қорғандар даласы” деп аталатын үйсіндердің 20-ға жуық ежелгі тұрақты мекендері, Қызылшаруа ауылы маңында сақаласы үйсін дәуірінің қорғандар тобы (12), Қарақат ауылынан 1 км жерде 7 – 9 ғасырлардағы Төрткүл бекінісі, Ақбұлақ шатқалынан (бұрынғы Луговой жылқы зауыты) 400 м жерде петроглифтер, Қаракемер ауылы жанында 7 – 13 ғасырлардағы Байтымбет елді мекенінің орны бар. Ауданның басқа да елді мекендерінде (Абай, Алғабас, Құрамыс, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка, Қарақыстақ шатқалы және Мөңке сайы, т.б.) ежелгі қалалар, қорғандар мен бекіністер жұрттары көптеп кездеседі. Жалпы, Тұрар Рұсқылов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
|
|
|